Кәсіпкерліктің жіктелуі,түрлері және ұйымдастыру нысандары



Дата20.11.2023
өлшемі1,27 Mb.
#191972
Байланысты:
Касипкерлик

Кәсіпкерліктің жіктелуі,түрлері және ұйымдастыру нысандары

Кәсіпкерлік – азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі.. Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңды тұлғаның атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді.


Жұмыскерлердің орташа жылдық саны 50 адам
Активтерінің мөлшері 60 000 айлық есептік көрсеткіш
Жұмыскерлердің орташа жылдық саны 50 адамнан 250 адамға дейін
Активтерінің мөлшері 325 000 айлық есептік көрсеткіштен аспайды
Жұмыскерлердің орташа жылдық саны 250 адамнан жоғары
Активтерінің мөлшері 325 000 айлық есептік көрсеткіштен асады
Шағын кәсіпкерлік
Орта кісіпкерлік
Ірі кәсіпкерлік
Өндірістік кәсіпкерлік – өнім өндіру немесе қызмет көрсету жүзеге асырылады және одан әрі дайын өнімді тұтынушыға сатуды көздейді. Өндірісті жүзеге асыру үшін кәсіпкер ең алдымен қандай өнім өндіру және оны ткім үшін өндіру керектігін білу керек.
Коммерциялық кәсіпкерлік – өндірілген өнімді сату мен оны сатып-алу келісімшарт негізінде тұтынушыларға дейін жеткізумен байланысты, яғни тауарлы-ақшалай, саудалық-айырбас операцияларымен сипатталады.Коммерциялық кәсіпкерлікті дамыту үшін мынадай 2 шарт сақталу қажет: сатылатын тауарға салыстырмалы түрде тұрақты сұраныстың болуы және өндірушіден тауарды едәуір төмен бағаға сатып алу мүмкіндігі.
Қаржылық кәсіпкерлік. Оның сату-сатып алу объектісі – ақша айналымы, бағалы қағаздар, валюталық қатынастыр. Нарықтық қатынастарға өтуге байланысты қаржы нарығы, валюта және бағалы қағаздар нарығы бой көтерді, оларға қатысушылар: коммерциялық банктер, қор биржалары, жекелеген кәсіпорындар мен ұйымдар
Кеңес беру кәсіпкерлігі – ой нарығының бір бөлігі. Онда қаржылық, инвестициялық саясаттарды жасақтау, белсенді маркетинг, тәуелсіз кеңестер бойынша жұмыстар жүргізіледі. Кеңес беру әдістері эксперттік, үрдістік және оқу-үйрету нысандарында болауы мүмкін.
Қызмет көрсету түріне қарай

Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары Бірлескен кәсіпкерлік – екі не бірнеше елдер серіктестерінің өндірістік-шаруашылық қызметінің кең ауқымды нысаны, немесе өндіріс пен айналыс аясындағы, ғылыми-техникалық, инвестициялық және қызмет көрсету салаларындағы бірігу; Жеке кәсіпкерлік – кәсіпкерлік қызметпен заңды тұлға құрмай айналысу; Мемлекеттік кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамыту үшін тауарлар шығаратын, қызметтер көрсететін мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі,

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік


Қазақстан Республикасының “Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы” Заңына сәйкес жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері 100 айлық есептік көрсеткіш шамасына бара-бар сомадан кем болмауы керек. Егер Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысында өзгеше жағдай қарастырылмаса, қатысушылардың жалпы жиналысы серіктестік мүлкіне қатысушылардың қосымша жарналар енгізу туралы шешім қабылдай алады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жоғарғы органы оған қатысушыларының жалпы жиналысы болып табылады. Серіктестіктің алқалы ұйымы ретінде басқарма және байқаушы кеңес сайланады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заң құжаттарында белгіленген реттер мен тәртіп бойынша қатысушылардың жалпы жиналысының шешімімен шаруашылық серіктестіктің бір түрінен екінші түріне, мысалы, акционерлік қоғамдарп немесе қндірістік коперативтер болып қайта құрылуы мүмкін. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік тарату туралы шешім шығару қатысушылардың жалпы жиналысының құзыретіне жатады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі басқару мәселелері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, заң актілеріне және оның жарғысына сәйкес іске асырылады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті ұйымдастыру үшін құрылтай келісім шарты жасалады, онда: - кәсіпорынның аты; - мекен-жайы; - негізгі қызмет бағыттары; - қызмет түрлері; - капитал мөлшері; - қоғам мүшелерінің үлестері көрсетіледі.


Акция – үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз
Акционерлік қоғам – өз қызметін жүзегеасыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға

Акционерлік қоғам - рұқсат ету жолымен құрылатын заңды кұқығы және өзіндік жарғысы бар бірлестік. Акционерлер болуға жеке адам да, заңды тұлғалар да хақылы. Акционерлік қоғам құру үшін нотариус куәландырған серіктестік келісім шарты жасалады, оны қоғамның жарғысы деп атайды. Акционерлік қоғамды ұйымдастырушылар санына шек қойылмайды. ¥йымдастырушы тіпті бір адам болуы да мүмкін.

Акционерлік қоғамның негізгі капиталы акцияларға бөлінеді, акцияның ақшалай сомасы негізгі капитал көлеміне сай келуі шарт.Ашық қоғамның акциялары еркін сату жолымен таратылады, оны кәсіпорындар да, жеке адамдар да сатып ала алады.Акционерлік қоғамда акционерлердің жалпы жиналысы өткізіліп тұрады. Онда тексеру және есеп (санақ) комиссиясы құрылады. Олардың мүшелері бір немесе бес жылға сайланады. Сонымен қатар директорлар кеңесі (бақылау кеңесі) ұйымдастырылып, оның төрағасы бір жыл мерзімге тағайындалады. Ал директорлар кеңесі атқарушы директорды және оның мүшелерін сайлайды

Назарларыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет