Кәсіпорында маркетингтік қызметті ұйымдастыру



бет4/4
Дата10.05.2024
өлшемі25,24 Kb.
#201927
1   2   3   4
Байланысты:
Маркетинг статья

Қорытынды
Маркетинг шараларын өткізгеннен кейінгі қорытындыларды маркетингтік бақылаушы жинақтайды және талдайды. Бұл маман әр уақытта нақты қолда бар қорытындылар мен жоспарланған қорытындыларды салыстырып отыра шешім қабылдауға ұсыныстар жасайды. Маркетингтік бақылаушымен жасалған жалпы қорытындылары бойынша маркетингтік қызмет қайта қаралып, жетілдіру сатысына түседі.
Сондықтанда маркетингтің мәні оның алдына қойылған атқаратын қызметтерімен белгіленеді десек те болады. Біздің дәуірімізде маркетинг мәні жетіліп өзгерді. Оның мәнінің өзгерісі өнімді шығару және өнімді өткізу шарттары өзгерісімен байланысты. Қазіргі кезде маркетинг әрекетінің мәні сайып келгенде жоғары пайда алу үшін нарықтың, демек тұтынушылардың нақты қажеттерін зерттеу, соның негізінде фирманың барлық қызметін (тауарды өндіру, өңдеу, өткізу, жылжыту) ұйымдастыру жүйесі болып табылады. Мұнда есте болатыны маркетингке сүйене отырып фирманың түбінде пайдалы әрекетін ұйымдастыру үшін, алғашқы оның қадамдары уақытша кездесетін қиыншылықтар болып табылады. Одан кейін мол табыс әкелетін, немесе фирманың қанағатты пайда тауып нарықта тұрақты іс-әрекетін көздеген маркетингтік нысанасы орын алуы тиіс. Осы тәрізді маркетинг нысанасы тек пайданы көбінен табу ғана емес, керісінше әлеуметтік, тұрақтылық, фирманың іс-әрекетінде қауіпсіздік т.б. с.с. нысанасы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет