Әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру , талдау.
Көрнекілігі: схема, интербелсенді тақта, карточкалар мәтіндер жазылған.
Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.
ІІ. Қызығушылығын ояту
Оқушыларға корточкалар үлестіру.
Не байқадыңдар?
Не жетіспейді?
Үлгі:
Ерте,ерте,ертедетүлкініңқұйрығыжоқеді.Қасқырментатутұрмағансоңүнеміқашып жүредіекен.
(Оқушылар өз ойларын айтады)
ІІІ. Негізгі бөлім Мұғалім: Пауза (кідіріс) (лат. pausa < гр. pausis - тоқтату) — сөйлеу үстінде болатын кідіріс, үзіліс. Сөйлемдер, ондағы сөздер мен сөз тіркестері әр уақыттабірсыдырғы ұласқан әуенмен айтылмай, әредік олардын арасы үзіліп айтылады. Пауза ұзақ сөйлемді, құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдерді немесе сөйлем мүшелерін айырып нақтылап айтуда кездеседі.
Қысқа кідірстің арасы (/)
Ұзын кідірістің арас (//)
Кідірстің аяғы (///) таңбасымен белгіленеді.
Тапсырманы орындау Үлгі: Ерте, /ерте, /ертеде/ түлкінің құйрығы жоқ еді. //Қасқырмен тату тұрмаған соң/ үнемі қашып жүреді екен. //
Дәптермен жұмыс 1 -тапсырма Мереке Құлкеновтың «Наурыз» әңгімесінен үзінді әңгіме
айтып отырғандай қылып оқы. Кідірске, дауыс
екпініне мән бер.
2-тапсырма Автор әңгімесін айтқанда толқып отырады деп айтуға бола ма?сенің ойыңша кідіріс дұрыс қойылған ба?
3-тапсырма Әңгіменің қалған екі бөлігіне қойылған таңбаларды еске түсіріп, өз бетіңше талдап көр. Әңгіменің аяғы қандай екпінмен айтылатынын ойла.
4-тапсырма Шыңғыс айтм атовтың «Теңіз жағалай жүрген тарғыл төбет» атты повесінен
Ү зіндіні оқы. Оған кідіріс белгілерін қойып шық. Дауыс екпіні мен
кідірістерге мән бер.
Қайталанған сөзді тап. Олар не үшін қайталанып айтылады деп ойлайсың?
(Оқушылар ойларын тыңдау)
ІV. Қортынды Сұрақ- жауап
Өлеңді қалай оқу керек?
Пауза деген не?
Латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?
Рефлексия Смайликтер арқылы көңіл- күйлерін көрсету