Оқулықпен жұмыс
3 қатарға мәтіндерді бөліп оқыту.
-Олар не туралы?
-Мәтіннің негізгі ойын анықта.
-Әр мәтінге ат қой.
-Бұл мәтіндер бір-бірінен қалай ерекшеленеді?
Медеу спорт кешені – жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Алматы қаласынан 18 км жерде, Кіші Алматы шатқалында, теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан. Медеу Спорт Кешені — тек спорт жарыстары үшін ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары мен қала қонақтарының әсем табиғат аясында демалатын орны.(Слайдтан көрсету)
Мәнерлеп сырғанау — спорт түрі. Мұнда спортшы конькимен сырғанап, музыка сазына сәйкес әсем қимыл жасайды.
Мәнерлеп сырғанау алғаш рет Ұлыбританияда пайда болған. 1763 ж. Лондонда Б.Вест мәнерлеп сырғанаудан алғаш рет өнер көрсеткен.
2014 ж. 15 ақпанда Сочидегі қысқы олимпиадада Денис Тен Қазақстан тарихындағы бұл спорт түрінен алғашқы медаль - қола медальды жеңіп алды.(Фотосуреттерін көрсету)
4.Қорытынды бөлім.
-Мәтіннің қандай түрлері болады?
-Бүгін не туралы әңгімеледік?
28-сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің негізі.
Сабақтың мақсаты: Мәтін туралы, мәтіннің негізі ойын таба білуді меңгерту. Жалқаулықтан безінуге,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қыс туралы бейнеленген суреттер.
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу,талдау.
Сабақтың барысы:
Достарыңызбен бөлісу: |