Кәсіптік білім беру ұйымдарының о блыстық оқу-әдістемелік кабинеті «шешендік өнер әліппесі»



бет62/234
Дата08.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#117391
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   234
Байланысты:
000d06b5-e09c5839

Күтілетін нәтиже: сөйлеу мәдениетін және көңілін жеткізе білуі.
Сабақтың көрнекілігі: журналдар, 2-сыныпқа арналған «Шешендік өнер әліппесі»
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тапсырма орындау.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Жаңа сабақ.
Мысалды рөлге бөліп оқыңдар.

Бір шымшық торға түсті соры қайнап,
Барды ма, кім біледі, ажал айдап.
Бәлені қаза менен қайда деме,
Ғаріп боп отыр сорлы көзі жайнап.
Жанына жас көгершін ұшып келді:
«Не қара басты торға түсіп? – деді. –
Тал түсте торды көрмей соқыр ма едің,
Есалаң, ақылың жоқ, күшік», - деді.
Десе де: «Ақыл серік қонған баққа»,
Ем болмас баста бағың таяр шақта.
Пысықсып көгершінім отырғанда,
Қалыпты өзі түсіп қыл тұзаққа.
-Ақылың қайда кетті, данышпаным,
Серт етіп түспеске қол алысқаның?

(Ахмет Байтұрсыновтың аудармасы)
Мысалдан қандай ой түйдің?
Мысалда айтылған жайтқа төмендегі үш мақалдың қайсысы сай келеді деп ойлайсың?
«Жүйелі сөз жүйесін табар, жүйесіз сөз иесін табар»;
«Ит үреді, керуен көшеді»;
«Күлме досқа, келер басқа».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет