ІІІ.Сергіту сәті. ІV.Дәптермен жұмыс 3.Күні бойы құлағымыз түрік жүреді. Таңертең тұрғаннан бастап, жатқанға дейін көп нәрсе естиміз.
Кімді тыңдайсың?
Қалай тыңдайсың? Есіңе түсіріп көр.
Таңертең: Мектепке кетіп бара жатқанда ата-анаң не деді?
Егер жақсы тілек айтса, оны есіңнен шығарма.
Өтініш айтса, ұмытпа. Ұмытпау үшін не өтінгенін қайтала.
Сабақта: Мұғалімді мұқият тыңдадың ба?
Айтқанының бәрін түсіндің бе?
Қазақ тілі сабағында мұғалім не туралы айтты? Нені түсіндеірді?
Түсініксіз жерін қайталап сұрадың ба?
Өткен сабақтағы ең маңызды нәрсе есінде қалды ма?
Кешкілік: Сабақтан келгенде үйдегілер саған не деді?
Әкеңмен не туралы сөйлестіңдер?
Теледидар көрдің бе?
«Бас десе құлақ дейді» деген мәтел қандай жағдайда айтылады? Өз ойынды жаз:_________________________________________________________________________