НЕ БІЛДІК? НЕ ҮЙРЕНДІК?
Оқушылар стикерге өз ойларын жазып тақтаға іледі.
Рефлексия
3-сабақ
Тақырыбы: Мақал – мәтелдер
Сабақтың мақсаты:
оқушылардың мақал – мәтелдер туралы білім, білігін тереңдету, салыстыру, ажырата біліу дағдылары мен оқу, таладау машықтарын қалыптастыру.
Әдіс - тәсілдері: деңгелік тапсырмалар, талдау, мағынаны ашу, салыстыру, іздендіру
Көрнекілігі: электронды тақта, үлестірмелі тапсырмалар, сөзжұмбақ, өздік жұмысы
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Қоңырау уақытына дейін сынып тазалығына ретке келтіріп, сабаққа қажетті материалдарды дайындау;
Оқушыларға сабаққа қажетті құрал - жабдықтаын алғызу
IІ. Қызығушылығын ояту
Психологиялық дайындық
Электронды тақтада:
Ықыласты шәкіртке сабақтың ауыры жоқ,
Ықылассыз шәкіртке ұстаздың тәуірі жоқ.
Осы мақалды сабағымыздың ұраны етіп алсақ, енді маған мынандай сұратарға жауап берсеңдер.
Сұрақтар:
а)Мақал –мәтелдер дегеніміз не?
ә) Мақал мен мәтелдің арырмашылығы бар ма?
б) Тақырыптары қандай?
б) Осы сабақта қандай мақсатты алдарыңа қоясыңдар?
Достарыңызбен бөлісу: |