Анықтамамен жұмыс Қорытынды Күлімдеп тұрған оқушының суретін сал.
Рефлексия Смайликтер арқылы сабақты бағалау
8-сабақ Тақырыбы: Ауызекі тілдесу құралы
Мақсаты: Ауызша және жазбаша сөйлеуді қарым-қатынас тілінің құралы ретінде таныту.Ауызша және жазбаша тілді практикалық тұрғыда ажырата білуге үйрету.
Әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру
Көрнекілігі: журнал, схема, мағыналы суеттер
Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.
ІІ. Қызығушылығын ояту «Біздің сөйлеу тіліміз» деген тақырыпта еске түсіру.Сөйлеу тіліне не жатады?
(тыңдау, айту, сөйлеу, әңгімелесу, оқу, жазу)
ІІІ. Жаңа сабақ: Сөйлеу түрлері қандай болады? Оны қалай түсінетіндерін нақтылау.
Дәптермен жұмыс. 1-тапсырма Схамамен жұмыс
Ауызекі тілдесу үшін сызбада СӨЗден басқа тағы қандай тілдесу құралдары берілген?
Қазақ тілінде «ауызша тіл» сөзі «ауызбен айту» сөзінің негізінде жасалған.
Әдеби тіл сөйлеу тілінен жоғары тұрған көркем тіл. Ол сол халықтың бәріне бірдей ортақ ,әрі бәріне бірдей түсінікті болып келеді.
Әдеби тіл екі түрлі формада өмір сүреді: ауызша тіл, жазбаша тіл. Мысалы: мұғалімнің сабақты түсіндірген сөзі, оқушының сабақта берген жауабы, радио, теледидардан сөйлеген сөздерауызша тіл болады да, кітапта, газет - журналда жазылғандар жазбаша тіл болып есептеледі.
2-тапсырма Төмендегі сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап. Осы сөздердің қайсыс дауыс мәнеріне, дауыс қаттылығына, бет-әлпет қимылына жатады?
3-тапсырма Ауызекі тілдесу құралдарының қайсысының суретін салуға болады? Ал қайсысының суретін салу оңайға түспейді? Суретсалып көр. Салған суретің туралы айтып бер№
4-тапсырма «Қобыланды батыр» жырынан Қобыландының қаһарын мәнерлеп оқы. Қобыланды батырдың айбынын, қаһарын сездіруге тырыс. Бәрінен артық оқыған оқушы жеңімпаз атанады.
5-тапсырма Қадір Мырза Әлидің «Жорық жолы» тақпағын көңілді дауыпен кең далада келе жатқан әсермен айт. «Р» дыбысына екпін бер.
(Қабір Мырза Әи туралы қысқаша түсінік беріп кетуге болады)