Шығармашылық тапсырма.
«Алтын сақа» ертегісін тыңдап,3 қатар рет-ретімен әңгімелеп,содан соң оны сахналап көрсетеді.
«Кім зерек?» ойыны.
1 оқушы таныс мәтінді әңгімелеп бастайды,негізгі бөлімін басқа оқушы жалғастырады,ал 3-оқушы соңын әңгімелеп,аяқтайды.
Тыныштық сәті.
Оқушылар оқулықтағы мәтінді өз бетімен ішінен оқып,түсінеді.
4.Қорытынды бөлім.
-Мәтін қалай жазылады екен?
- Түйе бойына сеніп құр қалыпты қай бөлімі?
-Ерте,ерте,ерте екен бұл қай бөлімі?
-Бүгінгі сабақ ұнады ма? Қай ертегі ұнады?
31-сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Өлеңдегі сөздердің ұйқасуы.
Сабақтың мақсаты: Өлеңдерді оқи отырып,ондағы сөздердің ұйқастарын табуға,өз ойынан ұйқас сөздер құрастыруға үйрету.
Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру,өз ойын,пікірін ашық айтуға дағдыландыру.
Үй жануарларына қамқор болуға,белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: «Балдырған» журналы,жануарлар туралы өлеңдер.
Пәнаралық байланыс: музыка,әдебиеттік оқу,дүниетану.
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу,түсіндіру.
Сабақтың барысы:
Достарыңызбен бөлісу: |