4.Қорытынды бөлім.
-Өлеңді кім шығарады? Сен өлең шығарғың келе ме?
32-сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Өтініп сұрау.
Сабақтың мақсаты: Ертегілерден үзінділер оқып,өтініп сұрау рәсімін оқушыларға меңгерту.
Оқушыларды сыпайылылыққа,адамгершілікке,сыйласуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ ертегілері» кітабы, ертегілер суреттері.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу,түсіндіру.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2.Психологиялық дайындық
Мынау-менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау-басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау-менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
3.Негізгі бөлім.
-Мынау қай ертегінің суреті?
-Мысық пен мақта қыз не туралы айтып тұр деп ойлайсың?
Кейіпкерлердің қимылына қарап,сөздерінен не байқауға болады?
-Мақта қыз мысық не өтініп тұр?
-Қасқыр қояннан не өтініп сұрап тұр?
Достарыңызбен бөлісу: |