Ширату.
Мақалдың мәнін біл.
Бақа көлінде патша,
Балық суында патша,
Жігіт елінде патша.
*Бұл мақалдың айтар ойы қандай?
Түсіндіріп бер және жаттап ал.
V.Сабақты қорытындылау
20 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Тірек сөздер
Мақсаты: 1.Оқушыларға тірек сөздер туралы білімдерін кеңейте отырып, тірек сөздер негізгі ойды жеткізуге көмектесетінін түсіндіру;
2.Берілген тапсырмаларды орындату кезінде тірек сөздер арқылы әңгіменің негізгі ойын анықтауға үйрету;
3.Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: тірек сөздер туралы түсінік алады.
Сабақтың көрнекілігі: журналдар, 2-сыныпқа арналған «Шешендік өнер әліппесі»
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тапсырма орындау.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Жаңа сабақ.
1.Мәтінді мұқият оқып, не туралы екенін анықта. Қарамен белгіленген сөздерді дауыстап оқы. Ол сөздерді оқып, мәтіннің не туралы екенін білуге бола ма?
Өсімдіктердің оң мыңдай түрі улы болып келеді екен. Мұны өсімдіктер әлемін зерттейтін ғалымдар айтып отыр. Алайда, улы өсімдіктердің бәрі бірдей қатерлі емес. Олардан бағалы дәрі-дәрмек жасалады. Улы өсімдіктер гүлімен ғана емес, хош иісімен де назар аудартады. Мысалы, маржангүлдің (ландыш) хош иісіне елдің бәрі қызығады. Бірақ, маржангүл салынған суды ішкен адам уланып қалады. Мендуана да өте улы өсімдік.
Достарыңызбен бөлісу: |