Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Педагогикалық факультеті
|
3 деңгейдегі СМК құжаты
|
ПӨӘК
Баспа
№___
|
ПОӘК 042-18.19-23-2013
|
«Кәсіптік білім беру педагогикасы» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар
|
«Кәсіптік білім беру педагогикасы» пәнін
оқыту-әдістемелік комплекс
5В010300- «Педагогикалық психология»
мамандығына арналған
Оқу-әдістемелік материалдар
Семей-2014
МАЗМҰНЫ
|
Глоссарий
|
|
|
Дәрістер
|
|
|
Практкалық сабақтар
|
|
|
Студенттердің өздік жұмыстар жоспары
|
|
Глоссарий
Білім стандарты –қоғамдық идеал көрініс табатын және нақты жеке тұлғаның және сол идеалға қол жеткізу бойынша білім беру жұйесінің мүмкіндіктері есепке алынатын білімділіктің мемлекеттік нормасы ретінде қабылданатын негізгі параметірлер жүйесі.
Кәсіптік білім беру стандарты - бітірушілердің жалпы кәсіптік білім даярлығына қойылатын талаптардың міндеті және соған сәйкес келетін білім мазмұны,әдістері,формалары,оқу құралдары мен бақылаудың деңгейі.
Білім беруді стандарттардың негізгі обьектілері оның құрылымы,мазмұны,оқу жүктемесінің көлемі және білім алушылардың даярлық деңгейі.
Оқыту формасы-білім алушылардың оқу-өндірістік әрекетінің сипаты және шебердің жетекшілік етуімен сабақтардың құрылымы айқындалатын оқыту үдерісін құру амалдары.\
Концентрлік оқыту-педагогтар мен білім алушылардың сабақтаы ды біріктіру, оқу күні, оқу аптасы барысында, паралель оқылатын пәндер санын қысқарту және оқытудың ең ірі ұйымдастырушылық бірліктерін оқу үдерісін ұйымдастырудың технологиясы.
Оқытуды ұйымдастыру формалары-оқытушы мен білім алушылардың арнайы ұйымдастырылып, белгіленген тәртіп пен белгілі режимде өтетін жұмысы.Түрлері:сабақ,факультатив, семинар,практикум,экскурсия,кеңес, қосымша сабақ.
Оқыту әдістері-білім мазмұнын меңгертуді қамтамасыз ететін кәсіптік оқыту педагогы мен білім алушылардың өзара байланыстағы бірізді әрекет ету жүйесі.
Оқтуды ұйымдастыру формалары –сабақ, экскурсия,практикум, семинар,білім алушылардың үй жұмысы, сынақ, кеңе беру,емтихан,қосымша сабақ.
Сөздік әдістері-әңгімелесу, түсіндіру,дискуссия, лекция,әңгіме,кітаппен ,компьютерлік-ақпарат көздерімен жұмыс.
Әңгімелеу-оқу материалының мазмұнын ауызша әңгімелеп баяндау әдісі.
Лекция-оқытушының теориялық сипаттағы оқу материалын жүйелі түрде және бірізділікте монологиялық баяндау әдісі.
Көрнекілік әдісі-оқу материалын көрнекілік және техникалық құралдар арқылы меңгерту әдісі.
Практикалық әдіс-жаттығулар, зертханалық және практикалық жұмыстар арқылы практикалық дағды, іскерліктерді қалыптастыру әдісі.
Оқу құралдары-оқытушының білім алушыларға жаңа білімдерді меңгертуі үшін пайдаланатын материалдық және идеалдық обьектісі.
Сабақ-оқу орындарында білім алушылардың оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру формасы.
Оқыту үдерісіндегі бақылау және өздік әдістері-оқытушылар мен білім алушылардың оқыту үдерісінің нәтижелігі туралы ақпарат алу әдісі.
Оқытуды ұйымдастырудың жекелік формасы-әрбір білім алушы оқу тапсырмаларын өзінің даярлық және оқу мүмкіншіліктеріне қарай дербес орындалуы.
Оқытуды ұйымдастырудың топтық формасы-нақты оқу міндетіншешу үшін сабақта білім алушыларды топқа бөліп, әрбір топқа бір тапсырма берілуі.
2.Дәріс сабақтарының мазмұны
«Кәсіптік білім беру педагогикасы» оқу пәні.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі
Кәсіптік білім берудің мазмұны
Білім беру жалпы оқыту барысында іске заңдылық. Оны іске асыратын, ұйымдастыратын, белсенді білім алуға жетелейтін мұғалім. Ол оқушыны саналы білім алуға, барынша өз бетімен, шығармашылықпен игеруге жетелейді. Білім мазмұны- білімнің, ғылымилығы, іскеліктің және дағдының жүйесі. Сондықтан білімнің мазмұны- оқыту үрдісі компонентінің бірі болады. Сол жүйенің негізінде оқушылардың ақыл-ойы, қабілеті дамып, дүниеге көзқарасы, мінезі қалыптасады. Білім мазмұнын анықтау- бұл өсіп келе жатқан жас ұрпақты неге үйрету, нені оқыту мақсатын анықтап алу деген сөз. Жеке адамның жан-жақты дамуы дәне қалыптасуы үшін меңгеретін білім, іскерлік, дағды жүйесі білім беру мазмұны болып табылады. Білім жеке адамның қажеттігіне, белсенділігіне, еңбек сүйгіштігіне байланысты ынта-жігеріне байланысты жүзеге асырылады. Білім деген ұмтылу, іс-әрекет сезім қабылдауының бірлігі, теориялық ой жүйе, оны тәжірибеде олдану арқылы қалыптасып, іске асады. Білім теориялық, практикалық әрекетті ұштастыру арқыллы қажетке жарату. Кесте №5,6. Мектеп қоғамның әлуеметтік тапсырмасын орындау барысында халық шаруашылығына қызмет істеу қабілеті істеу қабілеті бар, саналы, белсенді, білімді адамдарды тәрбиелеп шығару үшін жұмыс істейді. Соныдықтан білімнің мазмұны жеке адамдардың дамып, қалыптасуына бағытталады. Мектепке берілетін білімнің мазмұны мына мәселелерді қамтуды көздейді: -табиғат, қоғам, техника, мәдениет, адам жайындағы білімдермен; -дүние танымын қалыптастыру; -адамды жан-жақты дамыту міндеттерін шешуге бағыттау; - жастарды өмір сүре білуге, еңбекке, білім алуға, мамандақты дұрыс таңдауға мүмкіншілігіне дұрыс тәрбиелеу. Оқушылардың білім мазмұнын игеру іс-әрекеті әр қилы формада жүзеге асырылады. Оқыту формасы, форма лат.тілінен аударғанда бейне, сырт көрініс қандайда бір нәрсенің құрылымы деген мағына береді. Жалпы оқу формасы, оқу процесінің ұйымдастырылуының сыртқы көрінісін білдіреді. Оқушылардың санына, оқу орнына, іске асыру тәртібіне орай оқыту формалары әр түрлі болып келеді. Жеке дара оқыту формасы мұғалімнің бір оқушымен педагогикалық қатынасқа келуінен құралады. Оқытудың топтық формасы. Мұнда оқушылар әр қилы мақсат-мүддеге орайласқан топтарда оқиды, тәрбиеленеді. Оқытудың ұжымдық формасы, бұл оқыту түрінің фронтальды оқыту түрінен өзгешелігі оқушылар өздеріне тән арақатынас, өзара ықпал жасау ерекшеліктерін сақтап, біртұтас мақсат мүддеге ортақ, біртекті жұмыс бағытында бірігіп, бекіген ұжым ретінде қарастырылады. Жеке дара оқыту формасы өтілетін сабақ түріне дәрістердің түрлері жатады. Осы заман педагогикалық процесте қолданылатын әдістер саны, түрі орасан зор. Оқыту әдісі- дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттерімен анықталады. Оқыту үрдісінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістерін тиімді шығармашылықпен жүзеге асыруына байланысты. Қазақстан Ресупликасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында оқыту әдістерін жетілдіру және білім сапасын арттыру міндеттері көрсетілген. Алайда оқу-тәрбие үрдісінде кең орын алған формализмнің нәтижесінде көптеген оқу орындарында оқу сапасының құлдырап кеткендігі айтылған. Тұжырымдарда оқушылардың жеке қабілеттері мен қажетттіліктеріне сәйкес жоғары сатыдағы бейімдік және кәсіптік бағдарлы оқыту жүйесін құру делінген.
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы: Бағдарламаның мақсаты:
білім беру қызметтеріне бірдей қол жетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған қаржыландыру жүйесін жетілдіру;
Білім беру жүйесін жоғары санатты кадрлармен қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдауды нығайту және педагог кадрлардың еңбегін көтермелеу;
Білім беру басқармасымен мемлекеттік-қоғамдық жүйені қалыптастыру;
озық білім беру ресурстары мен технологияларына білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының бірдей қол жетімділігін қамтамасыз ету ;
балаларға толық мектепке дейінгі сапалы тәрбие мен білім беруді қамтамасыз ету, оларды мектепке дайындау үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың түрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуін қамту;
жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының саналы, күш-қайраты толысқан, рухани жетілген азаматын қалыптастырып, құбылмалы әлемде табысқа жеткізетін, білім алу қажеттілігін қанағаттандырып, елдің экономикалық жайлылығы үшін бәсекеге қабілетті адам капиталын жетілдіру. 12-жылдық білім беру үлгісіне көшу;
қоғамның сұранымына сәйкес ТжКБ жүйесін жаңарту мен экономиканы индустриальды-инновациялық дамыту, әлемдік білім беру кеңестігінде ықпалдасу;
елдің индустриальды-инновациялық даму міндетіне, жеке бас қажеттілігіне және білім беру саласында әлемдік озық тәжірибелерге сәйкес келетін еңбек нарығы талабын қанағаттандыратын жоғары білім берудің жоғары сапасына қол жеткізу;
жастардың бойында, белсенді азаматтық ұстаным, әлеуметтік жауапкершілік, отансүйгістік сезім, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттер қалыптастыру.
Міндеттер:
білім беруді қаржыландырудың сапалы білім беру қол деткізудің мүмкіндіктеріне бағатталған жаңа тетіктерін әзірлеу;
педагог мамандығының беделін арттыру;
білім берудегі менеджментті жетілдіру;
оқу үдерісін автоматтандыру;
мектепке дейінгі ұйымдардың желісін кеңейту, мазмұнын жаңартып, кадрлармен қамтамасыз ету;
12-жылдық білім беру жүйесіне көшуді жүзеге асыру;
аз жиынтықты мектептердің мәселесін шешу;
мектептерде инклюзивтік білім беру жүйесін жетілдіру;
экономиканың индустриальды-инновациялық даму сауалдарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі – ТжКБ) құрылымы мазмұнын жаңарту;
экономика саласын үшін кадрлар даярлаудың инфрақұрылымын жетілдіру;
ТжКБ-да оқыту беделі арттыру;
білім – баршаға, өмір бойы білімін жетілдіру үшін жағдайлар жасау;
еліміздің индустриальды-инновациялық даму жобаларына сәйкес жоғары білімді және жоғары білімнен кейінгі білімді кадрлармен қамтамасыз ету;
еуропа аймағындағы жоғары білімнің ықпалдастығымен қамтамасыз ету;
білім, ғылым және өндіріс ықпалдастығын қамтамасыз етіп, зияткерлік меншік пен технологиялар өнімдерін коммерциализациялау үшін жағдайлар туғызу сиқты жүзеге асыру. Сондықтан да оқыту әдістерін дамыту бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Халыққа білім беру қызметкерлерінің сөзінде айтылғандай білім мен тәрбие сапасын арттыру, әр пәнді оқытуды ғылыми тұрғыдан жетілдіру, соның нәтижесінде оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру және олардың танымдыққа талабын, жеке жұмыс істеу қабілетттілігін нығайту үшін тек қана оқу жоспарларын жетілдіріп қоймай, сонымен қатар оқыту әдістерін жетілдіру керектігі айтылған. Педагогиканың дидактика бөлімінде оқыту әдістерін жетілдіру мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Оқулықтарда оқыту әдістерінің топтары, олардың жіктелуі туралы әртүрлі пікірлерді кездестіруге болады. Кесте №1,2,3,4. Оқыту әдісері туралы анықтамаларға тоқталып өтейік: Оқыту әдістері дегеніміз- оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскерлік дағды қалыптасып, оқушылардың дүние танымдылығы мен қабілеттілігі артады. Оқыту әдістері дегеніміз- мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті. Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде оқыту әдістерінің басқа да анықтамалары кездеседі. Бұл әдебиеттерде оқыту әдістері оқытушының оқушыларға оқу материалының білім беру тәсілдерінің жиынтығы немесе оқытудың құралдары ретінде, сонымен қатар, оқыту әдісі мұғалімнің оқу материалының оқушыға жеткізу тұрғысында ғана қарастылылған. Мұндай анықтамалар оқыту әдістерінің сипаттамасын толық бере аалмайды. Сондықтан оқу үрдісі барысында мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасын білген дұрыс. Дидактика териясында оқыту үрдісінің пәні мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас екі жақтылық негізде қарастырылады. Дәлірек айтқанда, қарым-қатынас субъектісі түрінде болады. Ал, соңғы оқыту әдісіне берілген анықтамада мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас көрсетілмейді. Сондықтан оқыту әдісінің субъективті – субъективтілік ішкі заңдылық негізі ашылмаған. Бұл жағдайда оқыту үрдісі барысында оқушы пассивті позицияда қалады. Ал, оқушының оқыту үрдісінде белсенді ролі болу үшін мұғалім мен оқушы оқушының оқыту үрдісінде белсенді ролі болу үшін мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың субъектісі – субъективтілік негізде құрылуы керек. Сонымен қазіргі педагогикада оқыту әдісі оқушылардың білімді меңгеру және олардың дамуы мен тәрбиесіне бағытталған оқушы мен мұғалім арасындағы бірлесіп жүргізілетін іс-әрекеттің субъектісі – субъектілік қарым-қатынас құралдары ретінде анықталады. М.А. Данилов, Б.П. Есипов классификация жасағанда оқыту үрдісінде дидактикалық міндеттерді негізге алады. *жаңа білімді меңгеру; *білімді іскерлікті қалыптастыру; *шығармашылықпен іс-әрекетті дамыту; *білімді бекіту; *білімді, іскерлікті, дағдыны тексеру; осы оқыту әдісінің классификациясы оқытуды ұйымдастырумен үндеседі және мұғалімдерге оқу-тәрбие үрдісін жүргізуге үлкен көмек береді. Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары: 1. білім мазмұнын қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму тапсырыстарына сәйкестендіру; 2. білім мазмұнын ізгіліктілігін қамтамасыз ету; 3. білімді өз бетімен ізденіп, тәжірибеде пайдалана алауға және соған қажеттілікті тәрбиелеуге бағытталған түпкілікті құзіреттілікті қалыптастыруға ықпал ететін білім мазмұнымен қамтамасыз ету; 4. танымдық қызығушылық туғызуға бағытталған білім мазмұнын іріктеу. 5. оқушыларды өз бетімен білім алуға, іздене отырып, зерттеу тәсілдерін игеруге бағыттау; 6. білім мазмұнын ұлттық құндылықтарға негіздеу. Оқушының дарындылығын анықтауда төмендегідей әдіс – тәсілдерді қолданамыз:
баланың отбасы жағдайын зерттеу
ата – анасымен әңгімелесу
шығармашылық қабілетін анықтау
сауалнамалар, психодиагностикалық тренингтер өткізу
пәндік олимпиадаларға, пікір – сайыс ойындарына қатыстыру
ғылыми жоба жарыстарына, педагогикалық консилиумдар өткізу.
Тренингімізге көшейік:
«Мен кіммін?» Мақсаты: Студенттердің өздері жайлы пікірлерін, мінездемелері арқылы өзіндік пікірлерін қалыптастыру. Бұл жаттығуды бірінші кездесуде өткізген өте тиімді болады.Әр адамға бір парақ қағаз бен қалам беріледі. Жетекші: «1саннан 10 ға дейін баған бойынша реттік сандарды жазып шығыңыз. Әр санның тұсына «Мен кіммін» деген бір сұраққа жауаптарыңызды жазып шығасыздар. Жауап жазғанда өзіңізді ақиқатқа сай бағалап барлық оң және теріс қасиеттеріңізді шын көңілмен бағалаңыз. Осы парақты көкірегіңізге түйіп алып бөлме ішінде жайлап жүріп,өзгелердің өздеріне берген мінездемелерімен танысыңыз,ал оларға өзіңіздің жазған мінездемелік «тізіміңізді» оқуға мүмкіндік беріңіз. Қатысушылардың біреуі мысал ретінде өз «тізімін» дауыстап, топтағылардың барлығы еститіндей етіп, оқып беруіне болады. Кездесудің соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісу.
«Әуесқой» Мақсаты: Оқушылардың жылдамдығын арттыру, логикалық ойлауын дамыту. Жүргізуші 1 әріп айтады, қатысушы сол әріпке сөз айтуы тиіс. Бастысы жылдам сұраққа жауап беру. Кім қате айтса сол жүргізуші болады. Ойынды жалғастырамыз. Психологиялық маңыздылығы: Интеллектуалдық ойын, күтілмеген сұраққа жауап беруге дайындық.
Рефлексия
1. Алған әсерлерімен бөлісу.
2. Ұсыныс тілектерің.
Ақпараттық білім беру ортасында білім беру процесіндегі субъектілердің құзыреттілігінің даму моделі
И.Т.Огородников, Н.А.Сорокин, Ю.К.Бабанский, Р.Г.ЛЕмберг, т.б. ұсынған оқыту әдісін үш топқа
Оқыту әдістері
Кәсіптік білім берудің моделі.
2.1. Кәсіптік білім берудің моделін жасаудың ерекшеліктері.
2.2. Кәсіптік білім беру мекемелері.
2.3. Кәсіптік білім беру жүйесін ұйымдастырудың моделі.
Оқушыда 14 – 18 жас өзін – өзі анықтау жасы. Кім болам? Қандай болу керек? Мен не нәрсеге қабілеттімін? Мен қай жерге керекпін? Міне жоғары сынып оқушыларының алдында осы сұрақ тұрады. Қызықтыратын мыңдаған мамандық бар – олар қандай? Еңбектің түрі адамнан түрлі қасиеттерді талап етеді. Бір жағдай адамнан қарым – қатынас, басқалардан бағынуды талап етсе, басқа кезде қозғалыстың мәдениетін, зейіннің өткірлігін талап етеді. Сүйікті мамандыққа сай қасиеттерді меңгермесе не істеу керек? Осындай көптеген сұрақтар жоғары сынып оқушысына көп ойлануды қажет етеді.
Шешім қабылдаудан бұрын, дербес адам тәжірибелі үлкендермен, құрдастарымен, кітаппен ақылдасады. Бірақ, әрбір жас адам шешімді өз бетінше қабылдауы керек.
Қазіргі заманда жасөспірімдердің кәсіби бағдарлануы қоғамның әлеуметтік, экономикалық дамуына тәуелді болып келеді. Сонымен қатар оқушылардың кәсіби бағалануына отбасы да маңызды ықпал етеді.
Мектепте, оқушылар дұрыс мамандық таңдау үшін мамандықтандыру пәнін және кәсіби кеңес беруді еңгізу керек. Қазіргі кезде мектептерде жоғарғы оқу орнына түсу үшін үгіт-насихат жүріп отыр. Осы арқылы оқушы өзі қалаған мамандықты таңдауға мүмкіндігі бар және қалаған мамандық туралы мәлімет жинап алуға болады.
Кәсіпке баулу жеке адамның шығармашылығын белсендіруге, әлеуметтік процестердің дамуын рационалды басқаруға және даму үстіндегі қоғамның қажеттіліктерімен жас азаматардың жеке қызығушылықтарын үйлестіруге бағытталған.
Кәсіпке баулу – бұл әрбір жеке тұлғаның индивидуалды ерекшеліктерін және халық шаруашылығына экономикалық аудандарға, жеке салаларға қажетті сұранысы бар мамандықтарды ескере отырып жастарды еркін және өзіндік мамандық таңдауға дайындаудың ғылыми негізделген жүйесі. Бұл жүйенің негізгі объектісі бастауыш сыныптан жоғарғы сыныпқа дейінгі оқушылардың тұлғасы болып табылады. Кәсіптік бағдар бұл – бір – бірімен тығыз әрекеттесетін қоғамдық және жеке тұлғалық жоспарда жүзеге асатын күрделі динамикалық жүйе.
Мамандық таңдау, кәсіпке бағдарлану, адамның өзін – өзі тәрбиелеу мәселелері – психологияның өзекті проблемалары болып саналады.
Мектеп оқушыларына осындай бағыт – бағдар мектеп қабырғасында екі кезеңде іске асыруы қажет: біріншісі 5 – 9 сыныптарда кәсіпке бағдарлау болса, екіншісі 10 – 11 сыныпта кәсіпке оқыту болмақ. Әрбір пән мұғалімі өзі оқытатын пәннің бағдарламасы, оқулығы талптарына сай білім мен тәрбие береді. Оқушының өзі қалаған пәндері ойынша оқытуды күшейтеді.
Кәсіпке бейімдеу және кәсіпке баулу негізінен технология білім саласы бойынша жүзеге асырылады. Оқыту барысында технологиялық білім практикалық дағдыға үйренуге сипат алып, мектеп оқушыларын қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке белсене қатысуға жол ашады. 1- схема
Кәсіптік білім беру бүгінгі таңда ең белсенді мәселе болып отыр. Кәсіптік білім берудің басты өлшемдерін, негізгі жұмыс бағыттарын айқындау, жұмыс кабинеттерін ұйымдастыру, ол бойынша кеңестер құру – басты міндет. Олай болса, кәсіптік білім беру мазмұнын, мақсатын анықтайтын оның тиімді жолдарын, формаларын жасау аса қажетті мәселе.
Ал енді соның ішінде педагогикалық оқу орындарына түсетін студенттер туралы айтатын болсақ, бүгінгі күнде мұғалімдік мамандыққа келіп түсетін студенттердің көпшілігі дерлік өз еркімен келіп түспейді. Оларға оқу орнын бітіргендік туралы дипломға оның педагогикалық қаблеттілікке деген ынтасы, күш-жігері, т.б. жазылып берілмейді ғой. Олардың кейбіреулері мұғалім болуды жай ғана оқу орнын шартты түрде бітірумен ғана шектелуі мүмкін, ал кейбірінің пікірі кейінгі уақытта қай жерде болмасын (ауылдық жерде, аудандық, қалалық, облыстық) жұмыс табу жөніндегі себептер көптеп кездеседі. Сондықтан педагогикалық оқу орындарындағы болашақ мұғалімдерді кәсіптік тұрғыдан даярлау мәселесі бүгінгі күні осы оқу орындарындағы мұғалім даярлайтын оқытушы қауымының үлесіне тиетін жүк. Оларды осы колледж немесе институт қабырғасында жүргенде мұғалімдік мамандықтың қыры мен сырын, оның келешектегі рөлін, қоғамдағы мұғалімдік мамандықтың қоғам жасаушы жастарды оқытып тәрбиелеудегі негізгі тұлға екендігін саналарына күнбе-күн теориялық, практикалық және семинар сабақтарында, жеке пән әдістемелерінде болсын, пәнаралық байланыста болсын, оларды осы мамандықтың барлық ерекшеліктерін толық меңгеруге бағыттау керек. 2-схема
Көптеген зерттеулерге қарағанда, оқушылардың мұғалімдік мамандықты таңдауына себеп болған нәрселер: стихиялы, сыртқы көріністеріне, мұғалімдерге еліктеу негізінде келгендегі туралы анықталып отыр.
Шеберлік, жоғары мәдениеттілік, қайырымды және саналы талап қоюшылық мұғалімді нағыз идеал етіп көрсетеді. Педагогикалық мамандықты таңдауда маңызды мотив ол – педагогикалық қызметке қызығу болып табылады. Табандылықпен таңдалған педагогикалық қызмет студенттің мамандықты саналы таңдап, саналы меңгеретіндігін көрсетеді.
Педагогикалық қызығушылық – ол эмоциялық – танымдық, өзінің мамандығына белсенді қарым – қатынас, кейін балалармен де жұмыс істеуге өз септігін тигізе отырып, мамандықты меңгеруі үшін маңызды элемент болып табылады. 3 - схема
Сіздің болашақ мамандығыңыз туралы пікіріңіз? (өз пікірлеріңізді ортаға салыңыз)
2. Инновация — жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлде бір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнын, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.
Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі проблемасы құрайды. Олар — озық педагогикалық тәжірбиені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық-психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы. Соған сәйкес инноватика пәні, инновациялық процесстердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процестердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процестің нәтижесі теория мен практиканың тоғысуында пайда болатын теориялық және практикалық жаңалықтарды қолдану болуға тиіс. 4 – схема
Бұның барлығы педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануда басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе түседі. Өйткені, мұғалім жаңа педагогикалық технологияның, теория мен концепцияның авторы, талдап жасаушысы, зерттеушісі, тұтынушысы және насихатшысы қызметін атқарады. Осы процесті басқару мүғалімнің өз қызметінде әріптестерінің тәжірибесі немесе ғылымындағы жаңа идеялар, әдістемелерді дұрыс тандап, бағалау және қолдануын қамтамасыз етеді. Ал педагогикалық қызметте инновациялық бағыттылықты қазіргі заманғы білім беру, қоғамдық және мәдени даму жағдайында педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығының қажеттілігі бірқатар жағдайлармен айқындалады.
Біріншіден, қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесін, әдістемесі мен түрлі типтегі оқу орындарының оқу тәрбие процестерін ұйымдастырудың технологиясын түбірінен жаңартуды талап етуде. Педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануға негізделген мұғалім мен тәрбиеші қызметінің инновациялық бағыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралына айналуда. Екіншіден, білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі, пәндерінің көлемі мен құрамының үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етуде. Осы жағдайда мұғалімдер арасында педагогикалық білімнің рөлі мен беделі арта түсіп отыр. 5- схема
Кәсіптік білім беру бойынша электрондық оқулықтарды құрастыру кәсіптік жеке тұлға моделінің, әрбір жекелеген мамандықтың кәсіптік қызметінің маңыздылығының білімін студентттердің ой елегінен өткізуі арқылы қамтамасыз етіледі. Келешек мамандарды кәсіби дайындаудың мазмұнды жағын қарастыра келе, авторлар электрондық оқулықтардың тиімділігі маңыздылықты ғылыми жағынан тануға, қазіргі кездегі өндірістің дамуы мен қызмет етуінің заңдарына байланысты деген қорытынды жасады. Электрондық оқулықтарды құрастырудың маңызды шарттарының бірі - өндіріс туралы шашылып кеткен білімді жүйелі білімге шоғырландыру.
Тренинг:
Бұл- мен!
Қазір сендер әрбір столда тұрған геометриялық фигураларға назар аударыңдар,осы фигуралардың біреуіне қарап “бұл-мен!” деп айта аласыңдар ма? Егер жауап беруге қиналсаңдар, онда осылардың ішінен қайсысы өзіңе ұнайды, сол фигура тұрған столға барып отырыңдар!
Міне, біз 5 – топқа топталдық.
И.Панарин тесті бойынша:
- көңіл-күйі өзгермелі, өз-өзін қадағаламайды, анықталмаған,
қозғыш, көп нәрсені білгенді ұнатады, батыл, өз-өзін төмен
бағалайды, өз-өзіне сенімсіз, сенгіш, барлық жаңа
қозғалыстарға қызығады, жылдам, дау-дамайдан қашады,
тиянақсыз, ізденімпаз адам.
- көшбасшы, билікке талпынғыш, тазалықты сүйгіш, жеңіске
құмар, өз-өзіне сенімді, шешім қабылдағыш, сезімі күшті, батыл,
энергиясы жеткілікті, қауіп – қатерге жақын, шыдамсыз, сөз
тапқыш, ортадағы қарым-қатынасы кең, жақын достары мен
ортасы шағын, көшбасшы адам.
- ұйымдастырғыш, нұсқаушы, хабаршыл, жазбаша сөздікке
ынталы, ұқыпты, тазалықты сүйгіш, үндемейтін, қырсық,
еңбек сүйгіш, білуге құмар, ізденгіш, достары мен таныстары
шағын адам.
- қарым-қатынасты жоғары бағалайтын,
өзгелерді қадағалайтын, кең пейілді, шыдамды, сезімтал,
тез шешім қабылдай алмайды, бас саясаткер, әңгіме айтқанды
ұнатады, сенгіш, біреуді көндіре алады, өзгелерге көзқарасын
дәлелдей алады, өткен өміріне көп көңіл бөледі, көпшіл, ,
ынталы, достары мен таныстары көп, мейірімді адам.
- көңіл- күйі өзгеруге бейім, білімге ынталы, өз идеяларына
ұстамды, арманшыл,болашаққа талпынысы жоғары, барлық
жаңа өзгерістерге қызығушылығы жоғары, қағаз
жұмыстарын ұнатпайды, адамдардың ортасында бірқалыпты,
ойын-сауыққа құмар, қаржы мәселесіне немқұрайлы қарайды, шығармашыл адам.
Аутоагентті жаттығу. Ойынға барлық студенттер қатысады. Студенттер жұпта жұмыс жасайды (бір-бірлерінің жағымды әрі жағымсыз мінез ерекшелігін айтады)
Ойынның шарты: студенттерге бір парақ ақ қағаздар таратылады. Таратылған ақ қағазды студенттер скочтың көмегімен арқаларына жапсырады. Арқаларындағы жапсырылған ақ қағазға бір-бірлерінің бойындағы жағымды және жағымсыз мінез ерекшелігін және ыстық тілектерін жазады. Барлығы жазып болғаннан кейін, қайтадан дөнгеленіп отырып, арқаларындағы қағазды алып оқиды. Қағазды жыртпай, өздеріне естелікке қалдырады.
Қорытынды: Студенттер өз бойларындағы жақсы қасиеттерін мақтан тұтып, жаман қасиеттерін жоямыз деп бір-бірлеріне уәде береді және тілеген тілектеріміз орындалсын деп хошемет көрсетіп (қол соғып) тренингті аяқтаймыз.
Өміршеңдік ережесі.
Әр адамның ережесі - өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанып, өміршеңдік ережелерін айтайық.
Жігер деген – Мен
Күш деген – Мен
Махаббат деген – Мен
Құдірет деген – Мен
Кешірім деген – Мен
Жасөспірімдік деген – Мен
Жастық шақ деген – Мен
Денсаулық деген – Мен
Адалдық деген – Мен
Жарқындылық деген – Мен
Бар ғажайып деген – Мен
Хормен: Бәрі маған байланысты,
Бәрі менің қолымда
Рефлексия. Бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңізді жапырақтарға жазып, ағашқа жабыстырыңыздар!
Әдебиеттер:
1. Ізденіс. Гуманит.ғыл.сер. 2006. №2. 219-223б.
2. Қазақстан жоғары мектебі 2000. №4-5. 145-147б.
3. Открытая школа 2006. №9. 14-16б.
4. Білім берудегі менеджмент 2003. № 2. 49-54б.
5. Ш.Дүйсембекова «Педагогика» (қысқаша дәрістер курсы) Семей 2005. 66-76б.
Кәсіптік білім берудің тұтас педагогикалық процесінің сипаттамасы.
4.1. Кәсіптік білім берудің тұтас педагогикалық процесінің мәні және құрылымы.
4.2. Кәсіпке баулудың қағидалары, олардың құрамы, өзара ықпалы және оларды тәрбие процесінде жүзеге асырудың ерекшеліктері.
Қазақ мектептерінде жеке адамның қалыптасуына байланысты кәсіби бағдар жұмысы аз жүргізіледі.
Жалпы білім беретін мектептер жастарға бағыт береді. Бірақ, өмірлік ең маңызды міндетті шешу үшін ерекше толықтырылған дайындық керек. Ол міндет еңбекті өз бетінше және саналы таңдау. Әзірше мектепте арнайы мамандық таңдау бойынша оқу пәні жоқ.
14 – 18 жас өзін – өзі анықтау жасы. Кім болам? Қандай болу керек? Мен не нәрсеге қабілеттімін? Мен қай жерге керекпін? Міне жоғары сынып оқушыларының алдында осы сұрақ тұрады. Қызықтыратын мыңдаған мамандық бар – олар қандай? Еңбектің түрі адамнан түрлі қасиеттерді талап етеді. Бір жағдай адамнан қарым – қатынас, басқалардан бағынуды талап етсе, басқа кезде қозғалыстың мәдениетін, зейіннің өткірлігін талап етеді. Сүйікті мамандыққа сай қасиеттерді меңгермесе не істеу керек? Осындай көптеген сұрақтар жоғары сынып оқушысына көп ойлануды қажет етеді.
Шешім қабылдаудан бұрын, дербес адам тәжірибелі үлкендермен, құрдастарымен, кітаппен ақылдасады. Бірақ, әрбір жас адам шешімді өз беінше қабылдауы керек.
Қазіргі заманда жасөспірімдердің кәсіби бағдарлануы қоғамның әлеуметтік, экономикалық дамуңына тәуелді болып келеді. Сонымен қатар оқушылардың кәсіби бағалануына отбасы да маңызды ықпал етеді.
Мектепте, оқушылар дұрыс мамандық таңдау үшін мамандықтандыру пәнін және кәсіби кеңес беруді еңгізу керек. Қазіргі кезде мектептерде жоғарғы оқу орнына түсу үшін үгіт-насихат жүріп отыр. Осы арқылы оқушы өзі қалаған мамандықты таңдауға мүмкіндігі бар және қалаған мамандық туралы мәлімет жинап алуға болады.
Кәсіптік бағдар жүйесі жеке адамның шығармашылығын белсендіруге, әлеуметтік процестердің дамуын рационалды басқаруға және даму үстіндегі қоғамның қажеттіліктерімен жас азаматардың жеке қызығушылықтарын үйлестіруге бағытталған.
Кәсіпке бағдарлану – бұл әрбір жеке тұлғаның индивидуалды ерекшеліктерін және халық шаруашылығына экономикалық аудандарға, жеке салаларға қажетті сұранысы бар мамандықтарды ескере отырып жастарды еркін және өзіндік мамандық таңдауға дайындаудың ғылыми негізделген жүйесі. Бұл жүйенің негізгі объектісі бастауыш сыныптан жоғарғы сыныпқа дейінгі оқушылардың тұлғасы болып табылады. Кәсіптік бағдар бұл – бір – бірімен тығыз әрекеттесетін қоғамдық және жеке тұлғалық жоспарда жүзеге асатын күрделі динамикалық жүйе.
Мамандық таңдау, кәсіпке бағдарлану, адамның өзін – өзі тәрбиелеу мәселелері – психологияның өзекті проблемалары болып саналады.
Ж. Аймауытұлы өзінің «Жан жүйесі және өнер таңдау» атты еңбегінде сөз еткелі отырған жайтты өзі жүргізген тәжірибелерге, сондай-ақ шет ел, әсіресе, америка психологтарының жүргізген зерттеулеріне сүйене отыра баяндайды,әр адам белгілі бір кәсіптің түрін таңдап алатынын, мұнда ол өзінің тумысынан берілетін ерекшеліктерін, іс – әрекеттің қандай түріне бейім екенін аңғара алуы керек дейді. Сонда ғана ол өзіне қажетті мамандықты дұрыс таңдай алады. Мұндағы негізгі мәселе – мамандықтың әлеуметке, қоғамға қанша пайды келтіретіні. Бұл жерде, біз назар аударатын бір мәселе, мамандық таңдауда адамның тегіне, геніне байланысты жайтқа да ерекше мән беру.Ол осыған өзінің көзқарасын білдіріп, адамға табиғат сыйлаған қасиеттермен санаспаса болмайды деп, іштен туа біткен қабілетке үлкен мән береді.
Елімізде жаппай орта білім беруге көшу жүзеге асырылып жатқан кезде қазіргі нарықтық экономика және жекешелендіру саясаты жүзеге асырылып жатқан уақытта әрбір орта білім алған жастар заман талабына сай өзі қалаған белгілі бір кәсіпті меңгеруге бейімделуі тиіс. Олар ең алдымен, ата кәсіпке икемді болумен қатар кез – келген өндіріс орындарында, ұйымдасып жатқан еңбек бірлестіктеріне, жеке шаруа қожалығында жұмыс істей алуға міндетті және қажет.
Мектеп оқушыларына осындай бағыт – бағдар мектеп қабырғасында екі кезеңде іске асыруы қажет: біріншісі 5 – 9 сыныптарда кәсіпке бағдарлау болса, екіншісі 10 – 11 сыныпта кәсіпке оқыту болмақ. Әрбір пән мұғалімі өзі оқытатын пәннің бағдарламасы, оқулығы талптарына сай білім мен тәрбие береді. Оқушының өзі қалаған пәндері ойынша оқытуды күшейтеді.
Кәсіпке бейімдеу және кәсіпке оқыту негізінен технология білім саласы бойынша жүзеге асырылады. Оқыту брысында технологиялық білім практикалық дағдыға үйренуге сипат алып, мектеп оқушыларын қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке белсене қатысуға жол ашады.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы бүгінгі таңда ең белсенді мәселе болып отыр. Кәсіптік бағдар берудің басты өлшемдерін, негізгі жұмыс бағыттарын айқндау, жұмыс кабинеттерін ұйымдастыру, ол бойынша кеңестер құру – басты міндет. Олай болса, кәсіптік бағдардың мазмұнын, мақсатын анықтайтын оның тиімді жолдарын, формаларын жасау аса қажетті мәселе.
Бозбалалық шақтың негізгі ерекшелігі - өмірлік жоспарларының құрылуы. Бір жағынан өмірлік жоспар тұлғаның өз алдына қойған мақсаттарының ұлғаюынан және ауыспалы мақсаттарды бағындыратын құндылықты бағыттың тұрақты ядросының құрылу нәтижесінде туады. Екінші жағынан, мақсаттар мен уәждердің нақтылануы мен дифференциялану процесі жүріп жатады. Бәрі де мүмкін болатын арманнан және абстрактілі идеядан, кейде қол жетпес үлгіден бірте-бірте біршама реальды шындыққа негізделген іс-әрекет жоспары жасалады.
Өмірлік жоспар – бұл әлеуметтік этикалық тәртіптегі құбылыс. Бозбалалық кезеңдегі дамуда кім болу (кәсіптік өзін-өзі анықтау) және қандай болу (моральды өзін-өзі анықтау) сұрақтары ерекшеленбейді. Барлық жасөспірімдер өмірлік жоспар деп тәжірибелік шындыққа еш жанаспайтын бұлыңғыр бағыттар мен армандарды айтады, сондықтан жоғарғы сынып оқушылары сауалнамада өмірлік жоспарың бар ма деген сұраққа мақұлдайтын жауап берген. Бірақ көпшілігінің бұл жоспары оқуға, болашақта қызық жұмыспен айналысуға, адал дос табу және көп саяхаттау мақсаттарына келіп тіреледі. Бозбала өзінің болашағын оған жетудің жолдары жайлы ойламастан оны таңқаларлық етпек болады. Оның болашақ туралы көріністері көбіне даму процесіне емес нәтижесіне бағытталған. Бозбала ұсақ детальдарына дейін өзінің болашақтағы орнын, оған жету үшін не істеу керек екендігін ойламастан көрсете алады.
Жасөспірім бір жақсы, маңызды, әлеуметтік мәнді іс тындырғысы келеді, бірақ оның бәрі көбінесе арман. Белсенді де, жарқын болатын арманнан гөрі өмірлік жоспар – бұл әрекет жоспары, сондықтан ол біріншіден, мамндық таңдауға тіреледі. Жасөспірімдер үшін мамандық таңдау – белгілі деңгейде моральды мәселе.
Мамандық таңдаудағы басты жетекші бұл өзіміздің қалауымыз, яғни таңдауымыз өз көңілімізден шығуы. Мамандық таңдау диапазоны кең болған сайын, психология жағынан да дәл сондай ауыр.
Белгілі бір іске өзінің қабілеттілігі, икемділігі және тұлғаның өзін-өзі көрсету мүмкіндігі бар шаруалар кіреді. Бірақ ыңғайы мен қызықты қасиеттері здері қосылып, іс-әрекет үрдісінде өзгереді. Тек анықталған өзгерместік, белсенді қабілеттер жасөспірімде көп кездесе бермейді. Бозбала өз өмірінде өз отауын табу, таңдауында тұр. Бұл бірақ практикалық ой, ал іс әрекетке келгенде, бұл оған сәйкес келе ме, келмей ме сол кезде анықталады. Егер мен еш уақытта сурет салуға бейімделмесем мен өзімнен суретшілік дарыны шыға ма, шықпай ма, қайдан білем. Демек іс-әрекеттің барлық формаларын тексеру мүмкін емес.
Өзін – өзі анықтау барда өзін – өзі тежеу де бар. Оқушы профессионалдық қатынаста әлі ешкім емес, таза парақ. Ол слесарь, дәрігер, косманавт болуы мүмкін. Мамандық таңдауда өзін – өзі анықтау әр қырынан көруге болатын көпбаспалдақты үрдіс. Біріншіден, қоғамның жаңадан тұлғаға айналып келе жатқан адамға қоятын қызметтер сериясы. Ал бұл тұлға белгілі уақытқа дейін оны шешуге тиіс. Екіншіден, шешім қабылдау үрдісі сол арқылы тұлға өз қабілеттері мен таңдауын оптимистік тұрғыда қарайды. Үшіншіден, жеке өмір стилін жасау, ал оның бір бөлігі болып, мамандандырылған іс – әрекеті саналады. Осы үш кіріспе жұмысты әр қырынан анықтайды: біріншісі қоғамның сұранысынан туындайды, екіншісі тұлғаның қабілеті, үшіншісі екеуінің келісу мүмкіндігін көрсету, бірақ бұл үшеуі де бірін – бірі толықтырады; біріншісі – әлеуметтік, екіншісі – әлеуметтік – психологиялық, үшіншісі – дифференциалдық – психологиялық.
Мамандық таңдау мен практикалық шешім қабылдау өзіне екі негізгі компонентті қосады: болашақ еңбегінің біліктілік деңгейін анықтау және соған дайындалу кезеңінің ұзақтығы, мамандық таңдау. Бұл екі таңдадың кезектесуі әр түрлі болуы мүмкін. Қыз балалар көбінесе жұмыс жасау сферасын таңдайды немесе керісінше бірінші деңгейін сосын мамандықты (жоғарғы оқу орнына түссем, бірақ қай мамандыққа екенін өзі білмейді). Мамандық таңдау көпбаспалдақтығымен ерекшеленеді. 9 – сынып соңында оқушылар екі әлеуметтік бағдарлаудан таңдау жасауы керек: 10 – сыныпқа түсіп жалпы білімді жалғастыру немесе мамандандырылған білім. Көп жеткншектер бұл кезеңде оқу мен жұмысты да бірдей алып жүргісі келеді.
Оқушыларды мамандық таңдау жайлы ақпарат екіге бөлінеді: бүкіл мамандық әлемі, олардың мүмкіндіктері мен қоятын талаптары; өзіңнің ойың, қабілетің, қызығушылығың жайлы, бірақ жоғарыдағы, төмендегі айтылған мәліметтер жоғарыдағыға жетпейді. Көп жылғы зертеулерін ортақтастыра отырып атақты әлеуметтанушы В. Н. Шубкин : 17 жаста мамандық әлеміне қатынас негізіне тәжірибе жасады. Ата – анадан, таныстардан, достардан, құрдастарынан, оқыған кітаптары мен көрген фильмдерінен, телебейнелерден алған мәліметтері. Бірақ бұл тәжірибе абстрактілі. Өйткені, өз басынан өтпеген қайғы, қиындықтар түсініксіз.
Кейбір мамандықтың дәстүрлі пристижі қоғам пікірінше, оған адамның көп баруы жағынан керісінше болады. Мысалы, әртүрлі жұмыс істеушілерден гөрі космонавтар өмірге, қоғамға аз керек. Шубкин мұның мағынсые екі пирамидалы айнамен ашады. Біріншіден, қоғамға кадрлардың шын керектігін көрсетеді; екіншіден, аударылған жағы жастар үшін мамандықтың тартымдылық деңгейі.
Жоғарғы сыныптағылар үшін мамандық таңдау және өмірлік бағдарламасын жүзеге асыру деңгейі әлеуметтік талап пен ата – анасының білім беру деңгейіне байланысты.
Мамандық, ізденіс бұл әлеуметтік қана емес, сонымен бірге психологиялық проблема. Осыған байланысты психологияда 3 негізгі теоретикалық жақындау бар:
Адам ойының тұрақтылығы мен жеке қабілеттерінің практикалық өзгеріссіздігі осыларға байланысты, яғни адамның іс – әрекетіндегі, қызметіндегі мүмкіндігі мен жетістігі. Бір жағынан кейбір жұмысқа сәйкес келетін адамдарды таңдап лау, ал екінші жағынан адамның жеке қабілетіне сәйкес келетін жұмыс таңдап алу.
Әрбір адамның керекті қабілетін қалай болса да, бөліп алуға болады деген ойдан туындайды. Бұл екі жақындау да әр түрлі болып жіктелуі мүмкін, бірақ олардың ортақ әдіснамалары жетіспеушілігі сонда, яғни жеке қабілеттілік пен еңбектік іс – әрекет. Егеменді және бір – біріне қарама – қарсы алыптар деп қарастырылады.
Бұл іс – әрекеттің жеке стиліндегі жіктелу ізденісі, яғни іс – әрекетпен естің жалғыздығы.
Бұл концепция Е. А. Климовтың келесі жіктелген алғышарттарында негізделген:
Іс – әрекеттің негізгі жетістігі үшін тұрақты тәрбиеленбейтін жеке психологиялық қасиеттер профессионалды іс – әрекет талаптарына тәсілдену нұсқасы;
Кейбір нашар дамыған жеке қабілеттерді жаттығулар арқылы басқа қабілеттің араласуымен немесе тәсілдерімен орнын толтыру;
Қабілеттің жіктелуін тұлғаның жеке өзіндік қасиетімен бірге жүргізу қажет, яғни дамудың ішкі талаптарын, сыртқы талаптарымен есептестіру.
Мамандық таңдаудағы өзін – өзі анықтаудың негізгі факторы – жасөспірімнің жасы. Мұнда екі қауіп болады: біріншісі – нақты тоқтамға келген және анықталған ізденісінің жоқтығымен байланысқан жоғарғы сынып оқушысының мамандық таңдаудағы өзін – өзі анықтау процесінің екшеуілдеуінде және кейінге қалдырылуы. Бұл кешеуілдету өте жиі, ортақ жетілмегендіктерімен байланысады. Екіншісі – жасөспірімдердің әлеуметтік ізденісіндегі инфантильді көрінісімен. Бұл әрине түсінікті кәсіби өзін – өзі анықтау жеткншек үшін өзін – өзі сыйлау және «мен өзім» деген талабы. Бұлар ержетудің негізгі компононттері.
Ата – аналардың осы процесті психологиялық басу арқылы (қашан, енді кім болатыныңды анықтаймыз. Мен сендей кезімде...) керісінше нәтижеге алып келеді де, балаларда уайымның өсуін, кейбір кезде өзін – өзі анықтаудан бас тартуы мүмкін, сонымен қатар ешнәрсеге ықыласы болмауына әкеліп тіреледі. Бұл жерде көмек ұйымдастырылған көпшіліктің уақытында болу керек. Бүкіл оқу кезеңінде бала танымын кеңейтіп, қызығушылығын арттыру.
Қызмет түрлерімен таныстыру және практикалық еңбектерге ортақтастыру. Әрине алдын – ала өзін – өзі анықтау әшейінде дұрыс фактор болып есептелінеді, бірақ оның да өзіндік тежеулігі қалыптассын дейтін шығар.
Жастарды еңбекке баулу және мамандық таңдау – маңызды мемлекеттік жұмыс. Мамандандырылған техникалық, орта, арнайы оқу орындары және жаалпы білім беру мектептерінің 9 – сынып оқушылары бұлардың жинақталуы көп жылға және перспективалық бағдарламасы. Бұл экономикалық және әлеуметтік дамудың ажырамас бөлігі. Жалпы мемлекеттік сұранысқа байланысты біліктілігі бар мамандардың кей жерде керектігі және оқушылардың мамандық ізденіс жұмысын ұйымдастыру және орта әдістемелік кабинеттері оқушылардың мамандық ізденісі үшін ұйымдастырылған негізгі ортақ талап бұл мамандықты таңдауда оқушылардың белсенді және дұрыс қатынасы болуы керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Ж. Тұрманова Жасөспірімдер белсенділігі мен кәсіптік бағдары.
// Психологияны мектепте және ЖОО-да оқыту №2, 2006, 2-4 беттер.
2. Гинзбур М.Р. Психологическое содержание личностного само-определения. // Вопросы психологии №3, 1994. 12-13с
3. Кон И.С. В поисках себя: личность и ее самосознание М., 1984.10-11с.
4. www.google.kz www.yandex.kz
Кәсіптік білім беруде тұлғаның іс-әрекеті және дамуы
Дәріс сабақтың жоспары:
Кәсіби даярлықта кәсіптік бағдар беру және хабарламалық жұмысты ұйымдастыру.
Кәсіптік мектепте оқуды түрлі вариантта жалғастыруда оқушыға психологиялық педагогикалық көмек көрсетудегі іс-әрекетті ұйымдастыру.
Кәсіптік бағдар беру дегеніміз - педагогтардың, психологтардың, дәрігерлердің және басқада қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуымен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты істелетін жұмыс.
Мамандық туралы жеткіліксіз білу – мамандық таңдауда кездей соқтыққа әкеліп соқтырады. Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған мамандығын жек көріп, жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады.
Кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрамды бөліктеріне (компоненттерге), кәсіптік ақпарат, кәсіптік ағарту жұмысы, кәсіптік ақыл-кеңес және кәсіптік іріктеу (профотбор), кәсіптік бейімделу жатады.
Кәсіптік ақпарат – орта мектептегі кәсіптік бағдар берудің ең негізгі нысандарының бірі. Кәсіптік ақпарат арқылы оқушылар әр түрлі мамандықтардың маңызымен мәні туралы түсініктер алады. Мамандық бойынша адамға қойылатын талаптармен таныстырылады. Мамандықтың ерекшелігі, оның қоғамда алатын орны т уралы түсініктер беріледі.
Кәсіптік ақпарат өте қиын, жан-жақты жұмыс. Олар бір экономикалық ауданның мамандарға қажеттілігімен оныңдаму келешегі ескеріле отырып жүргізіледі.
Кәсіптік ақпараттың мазмұны, ұйымдастырумен әдістері әр жас кезеңінде әр түрлі болады. Сондықтан да мектеп оқушыларының жасерекшеліктерін ескере отырып жүргізу керек. Мәселен, бастауыш класта мамандық таңдау емес, еңбекті сүю,құрметтеу бағытында жүргізілу керек. Ү-ҮІІІ сыныптарда оқушылардың политехникалық ой-өрісін кеңейту, оларды сол экоиомикалық ауданға қажетті кең тараған мамандықтың түрлерімен таныстыру керек. Ал ІХ-ХІ сыныптарда әрбір мамандықты терең оқытуға көңіл бөлініп, белгілі бір кәсіпке қызықтыру қабілеттілігін дамыту керек болып табылады. Бұл кездегі оқушылармен жұмыстың негізгі түрлері-факультативтер, техникалық үйірмелер, әр – түрлі мамандық таңдауға бағытталған клубтар, т.б.
Кәсіптік ақпараттың өте көп тараған т үрлерінің бірі – өндіріске саяхат жасау, әр түрлі мамандық иелерімен кездесу және кештер өткізу, жоғары сынып оқушыларымен өндіріс ұжымдары және кәсіптік-техникалық мектептердің оқушыларымен біріккен конференциялар, кәсіптік бағдар беру университеттерін ұйымдастыру, т.б. болып табылады.
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының ішінде кәсіптік ақыл-кеңес ерекше орын алады. Негізгі мақсаты – балалардың денсаулық, анатомиялық-физиологиялық және әлеуметтік психологиялық жағдайын талдау негізінде жоғары сынып оқушыларының назарына кәсіптік топтармен мамандықтарды ұсыну.
Кәсіптік оқыту педагогы өз iс-әрекетiнiң мәнiн терең түсiнбей, қоғамдық-саяси, арнаулы ғылыми, психологиялық-педагогикалық бiлiмдер жүйесiн игермей, сондай-ақ теориялық бiлiмдерiн, практикалық мәселелердi шешу кезiнде шығармашылықпен қолдану iскерлiгiнсiз жүзеге асыра алмайды. Педагогикалық практика болашақ мамандарды педагогикалық iс-әрекеттiң алғашқы және аса құнды тәжiрибесiмен қаруландырады, студенттердiң педагогикалық iс-әрекетке кәсiптiк жұмысқа дейiн-ақ даярлығының көрсеткiшi қызметiн атқарады.
Теориялық талдау материалистiк iлiмдегi адам iс-әрекетiнiң өзгертушiлiк сипаты жөнiндегi, практиканың ролi жөнiндегi, оның басым мәнi және теориямен байланысы жөнiндегi iлiмдерге сүйенедi; практика таным шынайылығының, практикалық iс-әрекетке жетекшiлiк жасау қызметiн атқаратын теория ақиқаттығының шешушi және жалғыз критерийi болып табылады деген принциптiк әдiснамалық қағидаларына негiзделедi.
Практиканың ролi жөнiндегi идея қазiргi философияда одан әрi жалғасын тауып отыр. Бiз практиканы заттық iс-әрекет ретiнде қарастыратын көзқарасты (Н.К.Вахтомин, В.А.Восонович, П.В.Копнин) жақтаймыз. Көрнектi психологтардың (Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, В.Ф.Ломов, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейнжәнет.б.) еңбектерiнде практика адамзат iс-әрекетiнiң маңызды және шешушi компонентi ретiнде қарастырылады.
Зерттеудiң мақсатын және мiндеттерiн басшылыққа ала отырып, бiз жұмыс барысында Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко ұсынған және негiздеген студенттердiң теориялық және практикалық даярлығының бiрлiк принципi; педагогикалық практиканың болашақ кәсіптік оқыту педагогын даярлау жүйесiндегi орны; педагогикалық практиканың құрылымы; педагогикалық шеберлiктi игеру бойынша жаттығулар жүйесi; студенттердi оқытудың маңызды құралы ретiндегi педагогикалық практика мәселелерiн талдадық.
Оқу жоспарлары, бағдарламалары жəне оқу құралдары.
Білім мазмұны оқу жоспарларында, бағдарламаларында, оқулықтармен оқу құралдарында айқындалады. Оқу жоспары – оқу орнында игерілетін оқу пəндерінің құрамын, оларды меңгеру бірізділігімен кезек тəртібін, əр пəн бойынша жылдық, апталық бөлінген сағат санын, оқу жылының бас-аяқ мерзімі жəне апта, айларын анықтап беретін құжат. Оқу жоспарлы түбір (типтік) жəне нақты оқу мекемесі тарапынан жасалған оқу жоспары болып бөлінеді. Түбірлі оқу жоспарында мектеп (ЖОО) қабырғасында оқу жылдарына орай жүргізілетін барша оқу пəндерінің тізімі беріледі. Игерілуі қажет пəндер оқу жоспарында үш топқа бөлінеді: 1) міндетті (базалық-мемлекеттік бөлік), 2) оқушылар қалауыбойынша (аймақтық бөлік) жəне 3) мектеп (ЖОО) кеңесі бекімімен өтілетін пəндер (мектептік (ЖОО) бірлік). Түбір оқу жоспарында əр қилы білім саласына, факультативтерге, оқушылар таңдауымен енген курстерге арналған сағаттар бөлігі өрнектеледі.
Түбір жоспар негізінде жеке ерекшеліктерін ескерумен мектеп (ЖОО) өз оқу жоспарларын жасайды. Оқу формаларына қарай күндізгі, ауысымды, сырттай, қашықтықтан оқыту жоспарларыда əрқилы келеді. Оқу жоспарлары негізінде оқу бағдарламалары түзіледі. Оқу бағдарламалары өзішіне:1) нақты пəнді оқу жөніндегі түсініктемені; 2) оқушылардың (студенттердің) біліміне қойылатын талаптарды; 3) əр сыныпта (курста) пəн бойынша өтілетін материалдардың тақырыптық жоспарын; 4) пəн курсы бойынша білімдермен тақырыптар тізімін,
яғни бағдарламаның өзін; 5) пəнге орай оқу жабдықтарымен көрнекі құралдар тізімін; 6) қажетті əдебиеттер ауқымын; 7) бақылау сұрақтарын, 8) курстық, дипломдық жұмыстар тақырыбын (ЖООда)-қамтиды.
Оқу бағдарламаларының түбірлі (типтік), оқу-жұмыс (рабочие) жəне авторлық түрлері ажыралады.
Қазіргі таңда оқыту тәсілдерінің бірнеще тәсілдері бар. Олар кесте №2
Түбір бағдарламалары Мемлекеттік білім стандарты негізінде нақты пəн бойынша құрастырылады. Оларды ұсыныс сипатында қабылдауға болады.
Оқу – жұмыс бағдарламалары түбір жоспарын негізінде түзіліп, мектептің педагогикалық кеңесінің (ЖООдажетекшікафедра) шешімімен бекиді. Бұл бағдарламалар білім стандартының талаптарына сəйкес, сонымен бірге ол нақты оқу орнының мүмкіндіктерін ескерумен жасалады.
Авторлық оқу жоспарларында білім стандартының талаптары міндетті сақталады, бірақ оқу материалын ұсынудың өзгеше қисыны, оқу барысында оқып-зерттелетін құбылыстармен процестерге автор тарапынан өзіндік көзқарастар болуы мүмкін. Мұндай бағдарламалар көбіне таңдамалы курстармен факультативтерде қолданыс табады. Оқу бағдарламаларын құрастырудың педагогика тарихында екі əдісі белгілі: концентрлі жəне тізбекті.
Концентрлі əдіске орай бір оқу сатысында өтілген оқу материалы алдағы жоғарылау сатыларда күрделірек күйде жəне оқылады. Бұл əдісті қолданудың қажеттігі оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру принципін сақтаудан туындайды.
Тізбекті əдіспен түзілген оқу бағдарламаларында əр кезекті оқу сатысының материалы өткен жылдардағы игерілгендердің қисынды жалғасы ретінде қабылданады. Мұндай оқу өзінің үнемділігімен еленеді.
Білімдік оқу материалының нақты мазмұны оқулықтармен оқу құралдарында ашылады.
Оқулық мектептік (ЖОО) білім ақпаратының көзі əрі оқу жабдығы, білімдену мақсаттарымен мазмұнын айқындайды. .
Бақылау сұрақтары?
1. Кәсіптік бағдар беру қалай түсіндіріледі?
2. Кәсіптік ақпараттың мазмұны, ұйымдастырумен әдістері әр жас кезеңінде қалай жүргізіледі?
2. Білім мазмұнының мəнін анықтауға байланысты теориялық бағыттар қандай?
3. Білім мазмұнын іріктеу негіздері қандай?
4. Білім мазмұны қалай түсіндіріледі?
Әдебиеттер:
1. Абай. Таңдамалышығармалары.
2. Ы.Алтынсарин. Тазабұлақ. - Алматы, 1993.
3. Р.Қоянбаев. Тәрбиетеориясы. - Алматы, 1991.
4. В.А.Сухомлинский. Балағажүрекжылуы. - Алматы,1976.
5. К. Сейталиев. Тәрбиетеориясы. - Алматы, 1983
6. Еңбеккетәрбиелеуменоқытутұжырымдамасы. //Қазақ-станмұғалімі. 19 аңпан, 1993 жыл.
7. Қ.Жарыңбаев,С.Қалиев. Қазақтыңтәлім-тәрбиесі -Алматы, 1995.
8. С.Қалиев, т.б. Қазақхалқыныңсалтдәстүрлері. - Алматы, 1994.
Оқушының тәртібін бағалау
Критерии:
«5» -әрқашан бар, «4»-жиі; «3»-арасында; «2»-ешқашан; «1» менде басқа көзқарас;
№
|
Бағалау шарты
|
Мен өзім
|
Ата-ана бағалауы
|
Сынып жетекшісі
|
Психолог
|
1
|
Білуге құштарлық. Маған оқыған ұнайды, үй тапсырмасын орындаймын. Жақсы баға алуға тырысамын, үйірме жұмыстарына белсене араласамын.
|
|
|
|
|
2
|
Ынта. Мен оқуда ұқыпты, тиянақтымын.
|
|
|
|
|
3
|
Тәртіптілік.Мектепте көшеде, көлікте, қоғамдық орындарда тәртіптік ережеге бағынамын.
|
|
|
|
|
4
|
Жауапкершілік. Мен бастаған ісімді әрқашан аяқтаймын,моиныма алған істі жауапкершілікпен қараймын.
|
|
|
|
|
5
|
Шыншылдық.Мен әрқашан шындықты айтамын.
|
|
|
|
|
6
|
Еңбекқор. Мен барлығын тиянақты ұқыпты орындаймын. Мектепте алған білімді іс жүзінде көсете аламын, үй шаруасымен шұғылданғанды ұнатамын.
|
|
|
|
|
7
|
Эстетикалық бағытта дамумен ән айтып,би билеп,сурет салғанды, әуенді түсіне тыңдауға үйренгім келеді.Өмірдегі әсемдікті табуға тырысамын.
|
|
|
|
|
8
|
Дене бітісі жетістіктеріне салауатты өмір сүруге тырысу.Денсаулықты жақсартуда санитарлық гигиеналық кестені орындаймын.Дене шынықтырумен шұғылданамын.
|
|
|
|
|
9
|
Шығармашылыққа тырысу. Кейбір сұрақтардың жауаптарын табу мені қызықтырады,көп мәселелердің дәстүрлі емес жолдарын табуға тырысамын.
|
|
|
|
|
|
Мектеп психологының кәсіптік бағдар беру жұмысы.
1. Кәсіптік білім беру кезеңіндегі оқушының психологиялық –педагогикалық бейнесі:өзін –өзі анықтауға бағдарлау.
2. Кәсіптік білім беру кезеңінің оқушылардың кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру формалары.
Бозбала шақтың негізгі ерекшелігі –өмірлік жоспарларының құрылуы. Бір жағынан өмірлік жоспар тұлғаның өз алдына қойған мақсаттарының ұлғаюынан және ауыспалы мақсаттарды бағындыратын құндылықты бағыттың тұрақты ядросының құрылу нәтижесінде туады. Екінші жағынан, мақсаттар мен уәждердің нақтылануы мен дифференциялану процесі жүріп жатады.
Жасөспірім бір жақсы, маңызды, әлеуметтік мәнді іс тындырғысы келеді, бірақ оның бәрі көбінесе арман. Белсенді де, жарқын болатын арманнан гөрі өмірлік жоспар –бұл әрекет жоспары, сондықтан ол біріншіден, мамандық таңдауға тіреледі.
Белгілі бір іске өзінің қабілеттілігі, икемділігі және тұлғаның өзін –өзі кәрсету мүмкінділігі бар шаруалар кіреді. Бірақ ыңғайы мен қызықты қасиеттері өздері қосылып, іс –әрекет үрдісінде өзгереді.
Өзін –өзі анықтау барда өзін –өзі тежеу бар. Оқушы профессионалдық қатынаста әлі ешкім емес, таза парақ. Ол слесарь,дәрігер,косманавт болуы мүмкін.
Жасөспірімнің психологиясында мамандық таңдаудағы өзін –өзі анықтау үш сатыдан бөлінеді:
1.Балалық ойын. Бұл ойында бала өзіне әр түрлі маман рөлін алып, кейбір өзін –өзі ұстау элементтерімен көрінеді.
2.Бозбалалық –бойжеткендік фантазия, мұнда олар өзіне ұнайтын мамандықты армандайды.
3. Бозбалалық пен осы жастың көп бөлігін қамтитын –алдын ала мамандық тандау.
Іс –әрекеттің түрлері таңдалынып ең алдымен жасөспірімнің көзқарасы бағаланады(мен тарихты жақсы көремін, тарихшы болайыншы) сонан кейін қабілеттілік көзқарасы (менде математика пәні жақсы келе жатыр,сонымен айналысайын ба?) ең соңғы көзқарасбағалы мамандық( мен ауырған жандарға көмектескім келеді, дәрігер болаын, т.б)
4. Мамандық таңдаумен, практикалық шешім қабылдау өзіне негізгі екі компоненнті қосады: болашақ еңбегінің біліктілік деңгейін анықтау және соған дайындалу кезеңінің ұзақтығы, мамандық тандау. Бұл екі таңдаудың кезектесуі әр түрлі болуы мүмкін. Қыз балалар көбіне жұмыс жасау сферасын таңдайды( мен медицинаман айналысқым келеді,тек сонан кейін мамандық біліктілік деңгейін) немесе керісінше бірінші деңгейін сосын мамандықты (жоғары оқу орнына түссем, бірақ қай мамандыққа екенін өзі білмейді).
Қазақ мектептерінде жеке адамның қалыптасуына байланысты кәсіби бағдар жұмысы аз жүргізіледі.
Жалпы білім беретін мектептер жастарға бағыт береді. Бірақ, өмірлік ең маңызды міндетті шешу ерекше толықтырылған дайындық керек. Әзірше мектепте арнайы мамандық тандау бойынша оқу пәні жоқ.
14-18 жас өзін –өзі анықтау жасы. Кім болам? Қандай болу керек? Мен не нәрсеге қабілеттімін? Мен қай жерге керекпін? Міне жоғарғы сынып оқушыларының алдында осы сұрақ тұрады.
Шешім қабылдамас бұрын, дербес адам тәжірибелі үлкендермен немесе құрдастарымен ақылдасады. Бірақ, әрбір жас адам шешімді өз бетінше қабылдауы керек.
Қазіргі заманда жасөспірімдердің кәсіби бағдарлануы қоғамның әлеуметтік, экономикалық дамуына тәуелді болып келеді. Сонымен қатар,оқушылардың кәсіби бағдарлануына отбасы да маңызды ықпал етеді. Саналы мамандық таңдау өте күрделі іс –әрекеттің түрі және ұзаққа созылатын мотивация болып табылады.
Оқушылардың мамандыққа деген ниеттерінің келесі классификациясы бар:
Мамандық қоғамдық –мемлекеттік маңыздылығы
Мамандықтың танымдық маңыздылығы
Таңдалған жұмысқа қызығушылық
Осы саладағы мамандыққа дайындық
Мектептегі жетістіктің осы таңдалған мамандыққа байланысы
Мамандыққа деген қабілеттілік
Мамандықтың тәрбиелік маңызы
Материалдық ойлану
Оқуға түсу, жұмысқа тұру жеңілдіктері
Туған –туыстарының, мұғалімнің,досының, отбасы дәстүрінің ақылы мен үлгілері.
Мамандық таңдаудың ең кең таралған мотивы таңдалған мамандықтың мазмұны мән –мағынасына қызығушылық болып табылады. Екінші орындағы мотив осы еңбектің қоғамдағы маңызы. Үшінші орындағы мотив ол мамандыққа материалдық қызығушылық. Төртінші орында мамандықтың мынадай ерекшелігі:құрметтілігі, романтикалыңы, беделі жатады.
Мектепте кәсіптік бағдар бойынша мектептен тыс жұмысты ұйымдастырудың барлық түрлерін былай бөлеміз: оқушылардың жеке жұмыс істеуі(өз ынталарына сәйкес үйірмелер), көпшілік шаралар(тақырыптық кештер, экскурсиялар, олимпиадалар,конкурстар, жарыстар,т.б)
II. Енді тренингімізді бастайық.
1- жаттығу. «Мамандықты жасыр»
Топты екі екіден жұпқа бөліп, ақылдасып бір мамандықты жасыру тапсырылады. Сол жасырған мамандықты мимика, ым –ишарамен басқаларға түсіндіру керек.Ал басқа қатысушылар жасырылған мамандықты табады.
2-жаттығу «Қалпақ»
Мақсаты: бірігіп, ым, ишарамен жұмыс жасауды үйрету. Мынадай мақал бар, менің қалпағым үшбұрышты, егер үшбұрышты болмаса, менің қалпағым емес. Осы мақалды менен кейін қайталаңыздар. Ек сөздермен емес мимика арқылы жеткізіңіздер. Менің сөзінің орнына өздеріңді, қалпақ сөзінің орнына ақырын ғана бастарыңды ұрыңдар, енді үшбұрыш сөзіне 3 саусақты, қолды бүгіп шынтақты көрсетеміз. Жаттығуды толығымен мимикамен қайталаймыз. Педагогикалық-психологиялық маңыздылығы: оқушылардың көңіл-күйін көтеру. Талдау: Алған әсерімен бөлісу.
3-жаттығу «Не өзгерді»
Мақсаты: оқушылардың зейіндерімен, есте сақтау қабілеттерін жақсартуға арналған. Столдың үстіне қағаз, қалам, қарындаш, степлер, штрих т.б. заттарды қойып оқушыға мұқият көрсетіп, содан кейін көздерін жұмдырып столдан 1затты алып тастап, не өзгеріс бар екенін тапқызу.
Психологиялық маңыздылығы: оқушылардың есте сақтау қаблеттерін жоғарылату, зейіндерін тұрақтату. Талдау: алған әсерімен бөлісу.
4-жаттығу. «Ең-ең...» (ойын)
Ата-аналар мен оқушылар 5 топқа тренингтің басында бөлініп отырады. Әр топқа парақшалар таратылады. Ол парақшаларда келесі жазулар болады :
ең жасыл мамандықтар
ең ақшалы мамандықтар
ең таза мамандықтар
ең көңілді мамандықтар
ең тәтті мамандықтар
2-3 минуттың ішінде топтың ішінде ақылдасып мамандықтардың тізімін құру керек және де топтың мүшесі тізімдерімен таныстырып шығады.
5-жаттығу. «Мамандықтар тізбегі» - ойын
Қазір барлығымыз шеңбер жасап, «мамандықтар тізбегін» құрамыз. Мен бір мамандықты айтамын, мысалы: металлург. Келесі оқушы осы мамандықпен қатысы, байланысы, ұқсастығы бар мамандықты атап олардың байланысын, ұқсастығын ажырата білу керек. Мысалы, металлург, аспазшы. Себебі екеуі де отпен, жоғары температурада, ыстық пештерде жұмыс істейді.
5-жаттығу. «Сиқырлы қобдиша»
Тапсырманы орындау үшін қобдаша керек. Оның ішінде домалақ айна болады. Барлық бала көздерін жұмады.
Жүргізуші:Қазір сендер мына қобдишаны бір-бірінің қолдарына бересіңдер. Осы қобдишаны алған оны ашып, ішіне қарайды. Оның ішінде кішкентай сиқырлы өзеннен сендер жан-жақты және қайталанбайтын бейнені көресіңдер. Оған күліп қарауларын керек.
Барлығы қарап болған соң, жүргізуші сұрақ қояды: Жан-жақты қайталанбайтын бейне кім болып шықты? Сиқырлы өзеннен өздерінді көргенде қандай сезімде болдыңдар?
Мақсаты: Оқушылардың өздеріне деген сенімділікті қалыптастыру, нығайту.
Оқушылар алдына КҮН бейнеленген плакат тұрады.
Жүргізуші:Енді мен сендерден сабақ басында «Мен кіммін?» деп қойған сұрағыма ойлаған жауаптарынды естеріңе түсіруді сұраймын. Сол қасиеттеріңді мына күн шапағына жазып, тақтадағы КҮН бейнесіне жабыстырайық. Өз бойларындағы жағымды қасиеттеріңізді ашық жазуларыңызды сұраймын.
Рахмет, балалар. Мен әрқайсыларыңның «мен» бейнелерін дәл осы күн сияқты ашық, әрі жылы болуын тілеймін. Әрине, күнде де де қара дақтар бар, бірақ одан оның жылуы азаймайды, маңайға жарығын төгуге кедергі келтірмейді.
Мақсаты: Қатысушылардың әрбіреуінің бойындағы жағымды қасиеттерін ашу; жағымсыз қасиеттерінен арылуға жәрдемдесу.
Ең бірінші әр оқушы өзінің бойындағы жағымсыз қасиеттерден арылу керек. Ол үшін әр оқушы қағазға бойындағы кездесетін, өзіне ұнамайтын жағымсыз қасиеттерді жазады. Барлығы жазып болған соң, қағазды мыжып, қоқыс жәшігіне тастайды.
Жүргізуші:Міне осылай бойдағы жағымсыз қасиеттерден арыламыз. Енді сендердің бойларында жағымды қасиеттер ғана қалды деп есептейміз.
Біз басқа адамдардың арасында өмір сүреміз. Басқалардың пікірі біздің өзіміз туралы білімімізді молайта түседі.Келесі жаттығу өзімізге басқа адамның көзімен қарауға көмектеседі. Ал бүгін мен сендерден әдепті болуды және жолдастарың туралы тек қана жақсы сөз айтуды сұраймын. Қане отраға шығып шеңбер құрайық. Мен бір балаға оралған жіп лақтырамын, оны атымен атаймын жәнеоның маған ұнайтын мінезі, қылығы, сырт келбеті туралы айтамын, содан жіпті алған бала келесі балаға лақтырады.
Жүргізуші: Жаңа ғана бізді байланыстырған жіпке қарандаршы. Әдетте бізге көрінбейді,бірақ ол бар. Өмірде де бізді осындай жылы,мейірімді сөздер мен сезімдер байланыстырып тұрсын.
Мақсаты: бір –біріне деген жағымды эмоцияналды қатынас орнату; серігіне деген шынайы сезімін білдіру.
Жүргізуші: мен сендерді актер болуға үйретемін. Адамдармен қарым –қатынаста бет –әлпет, қас –қабақ, дауыс маңызды қызмет атқарады. «Қонаққа тамақ бермес бұрын, қабағынды бер» деген даналық сөз осыған негізделген.
Ортаға 7 оқушы шығып, берілген көңіл –күй түрін мимикамен көрсетеді. Ал қалған оқушылар оны табулары керек.
1.Ойланып тұрған адамның бет –әлпет кескіні.
2.Ренжіп тұрған адамның бет –әлпеті
3.Жай күліп тұрған және қатты күліп тұрған адамнды көрсету.
4.Ашулы адамның бет –жүзі.
5.Таңданған кейіп көрсету.
6.Өкініп тұрған адамның бет –әлпеті.
7.Қуанып тұрған адамның бет –әлпеті.
Мақсаты: оқушыларды ым –ишарамен өз сезімдерін көрсетуге үйрету, адамның көңіл –күйін мимика арқылы анықтай білуге баулу.
Барлық оқушыларға берілген екі фигураның біреуін таңдау керек. Осы фигураларға байланысты анықтама беріліп, оларды топқа бөлеміз. Енді ойыншыларға айзбергте жүргендерін елестету керек. Кенеттен айзберг ери бастайды. Қатысушылардың мақсаты: қағазда –«еріп бара жатқан айзбергте» бүіл топпен сыйысу. Айзберг одан ары ери береді. Жүргізуші кағаз беттерін азайта береді. Ең соңында барлық қатысушылары қағаз бетіңде сыйған топ жеңіске жетеді.
Мақсаты: ұжымдық қарым –қатынасты дамату,ұжым болып жұмыс істеуге үйрету.
1.Қандай әсер алдындар?
2.Не ұнады? Не ұнамады?
3.Ұсыныс тілектерін
Қатысушылар алған әсерлерін жапсырма қағаздарға жазып, күн бейнесіне жабыстырыады.
Әдебиеттер:
Қазақстан жоғары мектебі.-2002,-№3 89-91 бет
Тәрбие құралы.-2003,-№5 32-36 бет
Қазақстан мектебі.- 2004,-№9 50-52 бет
Ұлт тағылымы.-2006,-№2 256-259 бет
Психологияны мектепте және ЖОО –да оқыту.-2006,-№2. 2-4 бет
Кәсіптік білім беру мекемелерін басқару
7.1. Менеджмент теориясы негіздерінде білім беру мекемелерін басқару.
7.2. Білім беру мекемелерін басқарудың принциптері мен әдістеру.
7.3. Кәсіпке баулу мұғалімдерінің (оқытушыларының) әдістемелік және арнайы дайындығына қойылатын талаптар.
I.1. Мамандардың қалыптасуы жоғарғы оқу орындарында басталып одан кейінгі біліктілікті арттыру жүйесінде әрі қарай дамуы тиіс. Бүкіл адамзаттың бар білетіні әрбір төрт жыл сайын екі есе ұлғайып отырады деген деректерге сүйенсек, онда казіргі адамның өмірінің соншалықты жылдамдығы біліктілікті арттыру жүйесінің дер кезінде және үнемі жетілдіріліп, мектеп тәжірибесінен озып отыруын талап етеді.
Жаңа жағдайда білім беру ұйымдары іс-әрекетінің негізгі нәтижесі тек білім, іскерлік және дағды жүйесі ғана емес, керісінше зиялы, саяси-қоғамдық, коммуникациялық, ақпараттық және басқа салаларындағы мемлекет тапсырыс беріп отырған негізгі құзырлылықтардың жиынтығы болуына назар аударылады, Білім беру қызметкерлерінің біліктілікті арттыру жүйесінің сапалы өзгерістерге қол жеткізуі үшін оларды әдістемелік-ұйымдастырушылық іс-әрекетінен зерттеу-әдістемелік іс-әрекетіне, мұғалімді педагогикалық нақты жағдайларға тез бейімдеу, оның шығармашылық ұмтылыстарын қанағаттандыру ұстанымдарына көшіру өзекті болып отыр [1 кесте].
Педагогикалық қызметкерлердің кәсіби мәнді сапалары мен шығармашылық әлеуетін дамыту үшін осы кезге дейін мамандардың пәндік кәсіби аймақтары аясында қызмет етіп келген біліктілікті арттыру жұмысындағы тәжірибеге түбегейлі өзгерістер енгізу қажеттілігі күн санап артып отыр деуге болады. Сондықтан мұғалімдер мен басқа да педагогикалық мамандардың біліктілігін арттыру ісімен айналыса отырған жүйенің де өз жұмысының мазмұнын, құрылымын өзгертіп, жаңа дидактикасын жасау кезек күттірмейтін өзекті мәселелер қатарына жатады.
Мұғалімдердің білімін көтеру ісі ең алдымен оның өзіне қарай бағытталғанда ғана студенттердің өз санасын дамытып, атқарып отырған қызметінің мәнін терең ұғынуы, соған сәйкес өзін - өзі жетілдіру қабілеттерін қалыптастыруды, кәсіби шығармашылықтың биіктеріне жетуді қамтамасыз ететін болады. Бұл мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру жүмысын олардың «дамуының жақын аймағында» ұйымдастыру жағдайына көшіруді және сол арқылы әр педагогты жаңа белеске көтеріп, педагогикалық еңбекті шығармашылық деңгейге шығаруды нәтижелі етеді.
Біліктілікті арттыру жүйесін кұрудың теориялық, әдіснамалық тұғырларын айқындау міндеттерін алдыңғы қатарға шығарады. Адам бойындағы ашылмаған мүмкіндіктерін жетілдірудің мәні мен маңызы, шығармашылық бастаулардың көзін ашу сияқты көпқырлы, күрделі мәселе өзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады. Зерттеу барысында антикалық дәуір философтары (Гераклит, Сократ), жаңару кезеңінің ойшылдарының (Ж.Ж.Руссо, К.Гельвеций, Д.Дидро, т.б.), субъективті идеализм теориясы өкілдері (И.Кант, Л.Фейербах, И.Фихте, т.б), шығыстың көрнекті ойшылдары (Жүсіп Баласағүн, Әбу Насыр әл-Фараби, Ш.Уәлиханов), ақындар (А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, С.Торайғыров), ағартушылар (Ы.Алтынсарин, А. Байтұрсынов, М.Жұмабаев, т.б.) еңбектерінде адамның жеке басын дамыту, ішкі мәнді күштерін дамытуға ерекше мән берілгендігі анықталды .
Болашақ мамандарды дайындаудағы тұтас педагогикалық үрдістің теориясы мен практикасы (Н.Д.Хмель, А.А.Бейсенбаева, С.Т.Каргин, Қ.К.Жампеисова, т.б) ; мұғалімдердің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру (Ш.Таубаева, т.б.) ; болашақ мамандардың креактивтілігін зерттеуге (Б.Оспанова) мәселелері кеңінен қарастырылады.
Ғылыми-философиялық, психологиялық-педагогикалық еңбектерді және біліктілікті арттырудьң нақты тәжірибесін талдау барысында төмендегі қарама-қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік алдық:
- қазіргі біліктілікті арттыруды ұйымдастыру практикасы мен онда студенттің өз шығармашылығын дамытуының мүмкіндіктерінің толық пайдаланылмауы арасындағы.
Бұл қарама-қайшылықтар педагогикалық теория мен практикада студенттердің білімін дамытудың тұғыры неде, қандай заңдылықтарға негізделеді; проблеманы тиімді шешудің педагогикалық шарттары мен тетіктері қандай деген мәселелерді туындатып, оны теориялық-әдіснамалық және технологиялық деңгейде қарастыруды талап етеді. Бұл зерттеу тақырыбын «Жаңа оқыту технологияларын меңгерту арқылы студенттердің кәсіби біліктіліктерін қалыптастыру» деп алуға негіз болды.
Қазіргі кезде еңбек нарығы, оның мамандардың дайындық деңгейіне талабы тез өзгереді, сондықтан кәсіби біліктілігін арттыру жұмыс берушілердің маңызды талаптарының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жыл-дарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Педагог мамандықтары бойынша базалық даярлықты оқитындар контингенті 167 мың адамнан астам және жылына 22 мыңнан астам мұғалім шығаратын 34 жоғары оқу орны 19 педагогикалық мамандық бойынша жүргізеді.
Педагогтерді даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы: 2001 жылғы 5655 грант пен кредиттен 2004 жылы 6075-ке дейін өсті.
Қайта даярлау және біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдердің саны өсіп келеді: 2001 жылы - 42784 мұғалім, 2003 жылы – 48157. Алайда бұл әрбір мұғалімнің біліктілік арттыру курстарынан кемінде бес жылда бір рет өтуін міндеттейтін «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін іске асыру үшін жеткіліксіз, оған сәйкес жыл сайын 54000 мұғалім біліктілігін арттырудан өтуге тиіс.
Жоғары оқу орындарының түлектерін ауылдық жерлерде жұмыс істеуге тарту және орнықтыру тетігін әзірлеу қажет.
Жоғары оқу орындарының мүмкіндіктері педагог кадрлардың біліктілігін арттыруда жан-жақты пайдаланылмайды. Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау мәселелерін шешу жөнінде шет елдермен тәжірибе алмасу нашар дамыған. Білім беру ұйымдарының басшылары мен қызметкерлерінің жаңа білім-білікті игеруін материалдық және моральдық тұрғыдан көтермелеу тетіктері тиімді түрде жеткілікті пайдаланылмайды, практикалық қызметке бағдарланған оқытудың белсенді тренингтік технологияларының енгізілуі нашар. Психологтардың кәсіптік біліктілігін арттыру бағытында біршама елеулі жұмыстар атқарылды. Қ.Р. 256 психологты білім жетілдіру курстарына жіберді, тәжірибе алмасу мақсатында 1 облыстық конференция (2006 жыл, наурыз), 2 облыстық, 18 аудандық, 16 аймақтық семинарлар өткізді. Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметті қалыптастыру және дамыту мақсатында дөңгелек үстелдер, тренингтер ұйымдастырып, өткізді.
Мектептегі психологиялық қызметті жоспарлау бағытында арнайы ұсыныс хаттар дайындап, аудан шеңберінде кітапша үлгісінде таратты.
«Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің барысындағы әлеуметтік-педагогикалық жобалар», «Үздік авторлық бағдарлама», «Инновациялық педагогикалық идеялар» жөніндегі фестивальдің аудандық кезеңін ұйымдастырып, өткізді.
Соңғы онжылдықта мектептерде енгізілген психолог және әлеуметтік педагогтардың атқаратын қызметі білім саласының өзекті мәселерін шешуде үлкен роль атқаратынын заман талабы көрсетумен қатар, облыс және қала бойынша мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтары жөнінде кешенді мәліметтер жинақтап, оны талдауда психологтардың 62%, әлеуметтік педагогтардың 100%-ының (қыркүйек, 2005 жылғы мәлімет бойынша) арнайы мамандықтары жоқтығы, отандық жергілікті халықтың, білім саласының және оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне бейімделген психологиялық, әлеуметтік қызмет жөнінде әдебиеттердің, соның ішінде ана тілімізде мардымсыздығы бұл мамандардың және мектептегі психологиялық-әлеуметтік қызметтің өз дәрежесінде жүруіне кедергі келтіруде. Сондай-ақ аудандық, қалалық білім және спорт бөлімінде осы мамандықтың әдістемелік жетекшілерінің маман еместігіде, көпшілік мектептердегі психолог кабинетінің жоқтығыда аяққа құрмау болуда. 2005 оқу-әдістемелік жылында педагогика-психология кафедрасы өткізген 7 біліктілік арттыру курсында және 4 тақырыптық семинарларда жүргізілген мониторингтік сауалнама және пікірлесулерден облыс психологтары мен әлеуметтік педагогтарының басты қиыншылықтары айқындалды. Олар:
1. Отандық әдістемелік құралдардың аздығы, соның ішінде ана тілімізде мардымсыздығы;
2. Аудан, ауыл мектептеріндегі мамандардың бір-бірімен кәсіби байланыс жасау қиыншылығы (себебі мектепте тек бір маманнан ғана);
3. Психодиагностикалық әдістемелерді қолдану және анализ жасау;
4. Түзету шараларын тиімді ұйымдастыру;
5. Қызмет бағыттарын толық жүзеге асыру үшін жағдайдың жоқтығы (кабинет жоқ болса, психологиялық қызметтің басты бағыты кеңес беру жоқ )т.б;
Педагог мамандықтары бойынша базалық даярлықты оқитындар контингенті 167 мың адамнан астам және жылына 22 мыңнан астам мұғалім шығаратын 34 жоғары оқу орны 19 педагогикалық мамандық бойынша жүргізеді.
Педагогтерді даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы: 2001 жылғы 5655 грант пен кредиттен 2004 жылы 6075-ке дейін өсті.
Қайта даярлау және біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдердің саны өсіп келеді: 2001 жылы - 42784 мұғалім, 2003 жылы – 48157. Алайда бұл әрбір мұғалімнің біліктілік арттыру курстарынан кемінде бес жылда бір рет өтуін міндеттейтін «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін іске асыру үшін жеткіліксіз, оған сәйкес жыл сайын 54000 мұғалім біліктілігін арттырудан өтуге тиіс.
Бейіндік сыныпта оқытуды, 2 сыныптан бастап шетел тілдерін, информатиканы оқытуды көздеу, кәсіптік мектептердің желісін кеңейту 28 мың педагогикалық ставканы қосымша енгізуді талап етеді.
Жоғары оқу орындарының түлектерін ауылдық жерлерде жұмыс істеуге тарту және орнықтыру тетігін әзірлеу қажет.
Жоғары оқу орындарының мүмкіндіктері педагог кадрлардың біліктілігін арттыруда жан-жақты пайдаланылмайды. Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау мәселелерін шешу жөнінде шет елдермен тәжірибе алмасу нашар дамыған. Білім беру ұйымдарының басшылары мен қызметкерлерінің жаңа білім-білікті игеруін материалдық және моральдық тұрғыдан көтермелеу тетіктері тиімді түрде жеткілікті пайдаланылмайды, практикалық қызметке бағдарланған оқытудың белсенді тренингтік технологияларының енгізілуі нашар.
2. Кәсіптік білім сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушыларға нақты мамандық туралы білімдер, іскерлік, дағдылар көмегімен, жалпы және политехникалық білім негізінде беріледі.
Ал материалдық-техникалық негізі мықты мектептерде өндірістік оқу ұйымдастырылып, оқушылар кәмелеттік аттестатпен бірге мамандық алып шығады.
Кәсіптік бағдар беру дегеніміз - педагогтардың, психологтардың, дәрігерлердің және басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты істелетін жұмыс.
Мамандық туралы жеткіліксіз білу - мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеліп соңтырады. Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған мамандығын жек көріп, жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады.
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері төмендегідей:
• Оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру.
• Кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу.
• Мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу.
• Оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.
Кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрамды бөліктеріне (компоненттерге), кәсіптік ақпарат, кәсіптік ағарту жұмысы, кәсіптік ақыл-кеңес және кәсіптік іріктеу (профотбор), кәсіптік бейімделу жатады.
Кәсіптік ақпарат - орта мектептегі кәсіптік бағдар берудің ең негізгі нысандарының бірі. Кәсіптік ақпарат арқылы оқушылар әр түрлі мамандықтардың маңызы мен мәні туралы түсініктер алады. Мамандық бойынша адамға қойылатын талаптармен таныстырылады. Мамандықтың ерекшелігі, оның қоғамда алатын орны туралы түсініктер беріледі.
Кәсіптік ақпарат өте қиын, жан-жақты жұмыс. Ол әрбір экономикалық ауданның мамандарға қажеттілігі мен оның даму келешегі ескеріле отырып жүргізіледі.
Кәсіптік ақпараттың мазмұны, ұйымдастыру мен әдістері әр жас кезеңінде әр түрлі болады. Сондықтан да мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізу керек. Мәселен, бастауыш класта мамандық таңдау емес, еңбекті сүю,құрметтеу бағытында жүргізілу керек. Ү-ҮІІІ сыныптарда оқушылардың политехникалық ой-өрісін кеңейту, оларды сол экоиомикалық ауданға қажетті кең тараған мамандықтың түрлерімен таныстыру керек. Ал ІХ-ХІ сыныптарда әрбір мамандықты терең оқытуға көңіл бөлініп, белгілі бір кәсіпке қызықтыру қабілеттілігін дамыту керек болып табылады. Бұл кездегі оқушылармен жұмыстың негізгі түрлері-факультативтер, техникалық үйірмелер, әр - түрлі мамандық таңдауға бағытталған клубтар, т.б.
Кәсіптік ақпараттың өте көп тараған түрлерінің бірі - өндіріске саяхат жасау, әр түрлі мамандық иелерімен кездесу және кештер өткізу, жоғары сынып оқушылары мен өндіріс ұжымдары және кәсіптік-техникалық мектептердің оқушыларымен бірік-кен конференциялар, кәсіптік бағдар беру университеттерін ұйымдастыру, т.б. болып табылады.
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының ішінде кәсіптік ақыл-кеңес ерекше орын алады. Негізгі мақсаты - балалардың денсаулық, анатомиялық-физиологиялық және әлеуметтік психологиялық жағдайын талдау негізінде жоғары сынып оқушыларының назарына кәсіптік топтар мен мамандықтарды ұсыну. Косіптік ақыл-кеңес жұмысына ата-аналар құрамынан, шефтік мекемелер мен өндіріс орындарынан қызметкер мамандар тартылады. Кей жағдайда кәсіптік ақыл-кеңес жұмысы өндіріс орындарында, кәсіптік техникалық училищелерде өндірістік оқу цехтарында, кәсіптік бағдар беру кабинеттерінде жүргізіледі.
Кәсіптік іріктеу - (профотбор) мамандықты меңгеруге жарамдылығын арнаулы әдістеме арқылы анықтауға бағытталған зерттеу процесі.
Қоғамда кәсіптік іріктеу белгілі бір мамандықтың түріне зорлықпен жүргізілетін "бейімдеушілік" түрінде болса, кәсіп-тік іріктеудің (профотбор) негізіне оның гуманистік, тәрбиелік мәні, жастардың жаңа жағдайда жұмысқа "үйренуі" жатады.
Кәсіптік бейімделу (профадаптация) жұмыс орнында, тәжірибелік еңбек әрекетінде іске асады.
Кәсіптік бейімделу дегеніміз - мамандыққа жаңа жағдайда бейімделу. Онда жастардың алғашқы әсерлері, олардың еңбек әрекетінің мақсатын саналы түсінуі мен сезінуі және мамандыққа қызығуын қанағаттандыруының мөні ерекше. Кәсіптік бейімделудің тиімділігі тек қана нақтылы еңбек нәтижелерінен көрінбейді, ол сонымен қатар өндіріс ұжымында, еңбекке жаңл араласқан жастармен жүргізілетін жүйелі жұмыстың нәтижесінде іске асады.
А.С.Макаренко тәрбиенің осы сияқты кейбір күрделі мәселелерін педагогикалық теорема деп атады. Мұндай теорияның қатарында "үш күш одағы"- мектепті, үйелменді, жұртшылықты жатқызуға болады. Мектеп оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы және үйлестіруші орталық. Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыратын-мұғалім, сынып жетекшісі, еңбек сабағының оқытушысы, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, яғни, бүкіл педагогикалық ұжым. Сынып жетекшісі барлық бағдар беру жұмысын басқарады. Оқушыларды белгілі мамандықты тыңдауға даярлайды. Сынып жетекшісі кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрылымына сүйеніп, оқу-тәрбие жұмысы жоспарында негізгі бағыттарды белгілейді. Мысалы: кәсіптік ақпаратты ұйымдастыру, кәсіптік ақыл-кеңес беруге көмектесу, мектеп бітірушілерді жұмысқа орналастыру, т.б.
Еңбек пәнінің оқытушысы - еңбек тәрбиесі, оқыту және кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі тұлғасы. Еңбек сабақтарында алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуге, мамандықты таңдауға бағыт береді.
Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушының негізгі қызметі: біріншіден кәсіптік бағдар беру кабинетінде анықтамалық ақыл-кеңес материалдарын жинау, екіншіден, әр түрлі сыныптарда кәсіптік бағдар беру әдісі және оқушыларға психологиялық-педагогикалық мінездеме дайындау жөнінде мұғалімдер және сынып жетекшілері үшін ақыл кеңес ұйымдастыру; үшіншіден, мамандық жайында оқушылармен әңгімелесетін кәсіпорын өкілдерімен кездесу өткізу; төртіншіден, бүкіл кәсіптік бағдар беру жұмысын жоспарлау, қорытынды жасау.
Мектеп директоры мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысына көп көңіл бөледі, оны бақылайды, басқарады.
Кітапханада кітапхана меңгерушісі еңбек тәрбиесі, политехникалық білім беру және мамандық таңдау мәселелеріне арналған көрнекті педагогтар мен психологтардың еңбектерін, сңбек жайындағы заңдарды, жастарды жұмысқа орналастыру жайындағы әдебиеттерді, жоғары және арнайы орта оқу орындарына, кәсіптік-техникалық мектептерге түсу туралы анықтамалықтарды күні бұрын іріктеп алуға тиіс. Осылардың бәрі мектеп бітірушілер үшін қажетті ғылыми еңбектер және құжаттар болып есептеледі.
Мектепте кітапхана меңгерушісі жұмысының негізгі бағыттары:
• Мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне көмек көрсету. Ол үшін кесіптік бағдар беру мәселелеріне байланысты әдебиеттердің картотекасын жасау, жаңа әдебиеттер жөнінде педагогикалық кеңесте, оқушылар алдында шолу жасау.
• Мамандық жөніндегі кітаптардың, мақалалардың тақырыптық көрмесін ұйымдастыру, әдебиеттердің библиографияның тізімдерін жасау, ілу.
• Әр түрлі мамандықтардың ерекшеліктеріне байланысты оқушылар үшін оқырмандар конференциясын, пікірталастар, тақырыптық кештер ұйымдастыру, т.б.
Кітапхана жұмысын осы бағытта ұйымдастыру кәсіптік бағдар беру ісін жетілдіруге мүмкіншілік жасайды.
Әрбір ата-ана кәсіптік бағдар беру жұмысын өздерінің мамандықтарымен таныстырудан бастауы керек. Оларды өздері жұмыс істейтін кәсіпорындардағы еңбектің мазмұны мен механизмдерімен, өндірістің принципімен және технологиялық мроцестерімен таныстырады. Тәрбие жұмысының мұндай түрлері ата-аналардың еңбек іс-әрекетіне балалардың ынтасын көтереді. Балалардың кәсіби ынтасын дамыту үшін ата-аналар әр түрлі мамандықтар жөнінде олармен әңгіме өткізеді.
3. Политехникалық білім арқылы бала қазіргі өндіріс негіздерін зерделейді, еңбек құралдарымен жұмыс істеуге үйренеді, еңбекке, қазіргі техникаға, ғылымға қызығушылығын арттырады.
Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы сүйенетін, заңдылықтары қолданылатын математика, дүниетіну, физика, химия, биология, сызу, тарих, еңбек сабақтары политехникалық білімді көбірек береді. Сондықтан кәсіпорындарға саяхат жасалып, оның қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылады.
Сызу, мектеп жанындағы учаскіде тәжірибе жүргізу және оны бақылау, кейбір еңбек құралдарымен жұмыс істей білу -политехникалық білімді тереңдетеді. Политехникалық білімнің зерделенуіне мұғалімнің қазіргі өндіріс туралы білімдері көмектеседі.
Мектепте еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудық негізгі көзі болып табылады, осымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет.
Еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты - жас жеткіншектерге еңбек туралы тәрбие беру және жеке адамды жан-жақты дамыту.
Еңбек тәрбиесінің мақсаты еңбекке даярлау ғана емес, сонымен қатар жас жеткіншектерді біліммен, іскерлікпен және дағдымен мен қаруландыру қабілеттілігін дамыту, мамандық таңдауға көмек беру болып табылады.
Политехникалық тәрбиелеудің міндеттері:
• Еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау.
• Оқушыларды халық шаруашылығы салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру.
• Мамандықты таңдауға дайындау.
Еңбектің тәрбиелік қызметін оқушы бойына дарыту барысында оның экономикалық (дәрежесіне) нәтижесіне мән беру қажеттілігін ғалымдар дәлелдеп берді. Еңбек нәтижесіз болса, ол адам бойында еңбекке деген жек көрушілік сезімін туғызады. Ең маңыздысы, мақсатты ұйымдастырған еңбек үрдісінде еңбектің бір түрінен екінші түрі туындап, үздіксіз еңбек ету адам ағзасының күнделікті дағдысына айналады.
Тұлғаның ақыл-ой, дене, адамгершілік және басқа жақтарынан дамуының нәтижесі оның мамандық таңдау даярлығына жггкілікті дәрежеде әсер ететін болады.
Бүгінгі заманда жұмысты жалпы адамзаттың құндылыққа, өзара түсінушілікке, ынтымақтастыққа бағдарлау мен құра білу табысты еңбек етудің кепілі болып табылады.
4. Еңбек тәрбиесінің мазмұны және жүйесі
Оқу барысындағы еңбек. Сабақ барысында еңбек дағдылары, іскерлік, төзімділік қалыптасып, кейін жаппай еңбек іс-әрекеті түрінде байқалады.
Еңбек тәрбиесі үшін еңбек сабағы өте маңызды, онда оқушылар еңбек дағдыларына үйренеді, техникалық білімді игереді.
Еңбек сабақтарының процесін жетілдіру, оқушылардың еңбекке шығармашылық қатынасын қалыптастырады. Оқушылар өндірістік бригада базасында, демалыс лагерьлерінде ұйымдастырылған еңбек сабақтарына қатыса жүріп, әр түрлі өсімдіктер өсіреді, тәжірибелер жасайды, кейбір мамандықтың түрлерін игереді.
Қорыта айтқанда, еңбек сабақтарының педагогикалық тиімділігі, олардың білім және тәрбие беру мәнділігінде. Еңбекке тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері еңбек пәні сабағында шешіледі. Яғни, оқушылар бастауыш сыныптан бастап еңбек сабағында алған тәжірибелерін, мектеп жанындағы үлесті жер бөлшектерінде еңбек еткен кезде пайдаланады. Өзіне-өзі қызмет көрсету.
Балалар өзіне-өзі қызмет көрсете отырып, әр түрлі еңбек іс-әрекеттерін орындаудық тәсілдеріне үйренеді, өздерінің жауапкершілігін сезеді, өзімнің адамгершілік борышым деп есептеп, үлкендер еңбегін бағалайды, олардан үлгі алады.
Мектеп жағдайында өзіне-өзі қызмет көрсету: оқу-құралдарын, кабинеттерді, сынып бөлмесін, дәліздерді жинау, т.б.
Отбасында өзіне-өзі қызмет көрсетуге: төсек-орынды, пәтерді жинау, кір жуу, тамақ дайындау, т.б. жатады.
Мектеп жұмысының негізгі міндеті - өзіне-өзі қызмет етудің берік жүйесін жасап, тұрмыстық еңбекті әр адамның күнделікті өмір игілігіне айналдыру. Жалқау, еріншек балаларға дұрыс бағыт беру мұғалімдердің, ата-аналардың адамгершілік борышы.
Қоғамдағы пайдалы еңбек - қоғамдағы қажеттілікті қанағаттандыру, жеке адамның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау құралы. Қоғамдық пайдалы еңбек барысында оқушылардың дүниетінымы қалыптасады. Мамандықты тануда көзқарасы кеңейіп, денсаулығы жаңсарады, саяси сенімі және мәдени-адамгершілік ұғымы артады.
Қоғамдық пайдалы жұмыстың мектеп өмірінде бірнеше түрлерін атауға болады:
• халық қоныс тепкен жерлерді, көшелерді, тротуарларды жөндеуге қатысу, экологиялық жағдайға байланысты тазалықты сақтау, табиғатты күту және қорғау;
• мәдени-ағарту жұмысы оқушыларды белсенділікке, қоғамшылдыққа тәрбиелеп, олардың әлеуметтік ортамен қарым-қатынасын кеңейтеді;
• шефтік жұмыс - адамгершілікке тәрбиелеудің ең жоғары формасы. Ол баланы қамқорлыққа, қайырымдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелейді. Мектеп өміріндегі пайдаланып жүрген шефтік жұмыстарға Отан соғысы және еңбек мүгедектеріне, кері адамдарға, көп балалы аналарға, мәдени мұраларды қорғауы жатады.
Өнімді еңбек арқылы адам баласы өзіне және қоғамға қажетті материалдық құндылықты жасайды.
Өнімді еңбек жалпы білім беретін орта мектептегі оқу-өндіріс кооперативтері оқушылардың өндірістік бригадалары арқылы жүзеге асырылады. Өнімді еңбек барысында оқушылар өз мүмкіндіктеріне сәйкес жалпы халықтың іске үлес қосады. Оқушылардың өндірістік бригадасының жұмысы екі бағытта жүргізіледі: өнімді еңбек процесін ұйымдастыру және ауылшаруашылық тәжірибелік жұмысын істеу.
Сонымен, оқуды еңбекпен ұштастыруда, оқушылардың кәгіби ынтасын, қызығушылығын, ауылшаруашылық еңбегін дамытуда, еңбек және адамгершілік тәрбиесін кешенді тұрғыдан іске асыруда оқушылардың өндірістік бригадасының рөлі зор.
Сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстың еңбек тәрбиесін іске асыруда тәрбиелік мүмкіндігі өте зор. "Жас натуралистер", "Жас техниктер", "Жас тәрбиешілер" сияқты үйірмелер оқушыларды еңбекке баулиды, олардың шығармашылық ойларының дамуына көмектеседі.
Әрбір оқушының үйірме сабақтарында шығармашылық қатынасы байқалады, әдебиеттерімен жұмыс істеу, жазып алу, мәліметтерді жинақтай білуге де үйретеді.
Оқушының қызғылықты, үлкен тәрбиелік мәні бар көптеген шараларға қатысады және оларды тікелей ұйымдастырады.
Еңбекке тәрбиелеу бірқатар педагогикалық шарттарға байланысты:
• баланы еңбекке неғұрлым ертерек қатыстыруына;
• балалардың еңбек әрекетінің қоғамдық мағынасы және өнегелік негізі болуына;
• еңбек тапсырмасын орындағаннан кейінгі нәтиже баланың сенімін қуаттануына, қуаныш сезімінің артуына;
• еңбекті балалардың психикалық және физологиялық ерекшеліктеріне сай ұйымдастыруына;
• кіші мектеп жасындағы балалардың еңбегін ойынмен ұштастыруға.
Осы сияқты шарттарды, талаптарды еңбек процесінде ұтымды пайдалану мұғалімнен іскерлік пен педагогикалық шеберлікті талап етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
//Мектеп директоры № 5,2007,5 б
//Қазақстан жоғарғы мектебі,- 2002,-№3,89-91б
//Тәрбие құралы,-2003,-№5 32-36 б
//Қазақстан мектебі,-2005,-№96 40-45б
//ЖОО-дағы психология,-2007,-№2,2-4 б
СӨЖ №1
Кәсіптік білім беру педагогикасы пәніне кіріспе.
Бақылау сұрақтары:
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне түсініктеме беріңіз.
Қазіргі кездегі білім беруді жетілдірудің талаптары қандай ?
Кәсіптік білім берудің педагогикалық принциптер атаңыз.
СӨЖ №2
Орта білім беру жүйесінде кәсіби білім берудің орны.
Тақырыптары:
Білім беру процесінде курстың алатын орны.
Жоғарғы оқу орнының білім беру процесінде алатын орны.
Кәсіптік білім берудің пәні мен обьектісі.
Кәсіптік білім беруді жүжеге асырудың оқыту әдістері мен құралдары.
СӨЖ №3
Кәсіптік білім берудің түрлі модельдерін ұйымдастырудың шарттары.
Реферат тақырыптары:
Кәсіптік білім берудің әр-түрлі модельдері: мектепішілік бейіндендіру және жүйелі ұйымдастыру.
Кәсіпке баулу мазмұнын іріктеудегі жалпы тәсілдер.
Кәсіптік білім берудің түрлі модельдерін жүзеге асырушы жалпы білім беретін мекемелерді инновациялық қамтамасыз ету.
Кәсіптік білім берудің моделін жасаудың ерекшеліктері.
Кәсіптік білім беру мекемелері.
Кәсіптік білім беру жүйесін ұйымдастырудың моделі.
СӨЖ №4
Бақылау тақырыбы: Кәсіптік білім берудің мазмұнын құрудың негізгі принциптері.
1. Кәсіптік білім берудің тұтас педагогикалық процесінің мәні және құрылымы.
2. Кәсіптік білім берудің тұтас педагогикалық процесінің заңдылықтары мен принциптері.
3. Кәсіптік білім берудің тұтас педагогикалық процесінің құралдары мен формалары.
СӨЖ № 5. Базистік және кәсіби элективтік курстардың өзара байланысы.
Бақылау сұрақтары.
Кәсіби даярлықта кәсіптік бағдар беру және хабарламалық жұмысты ұйымдастыру.
Кәсіби даярлықтың алдындағы мақсат пен міндеттер.
Кәсіптік білім алды даярлықтың мәні.
Кәсіптік білім алды даярлықтың моделі.
СӨЖ №6
Кәсіптік білім беру кезеңіндегі оқушылардың жеке жоспарын жобалаудың негізгі кезеңдері. Баяндама.
Жеке тұлға дамуының қозғаушы күштері.
Биогенетикалық заң қалай қалыптасады, мағынасы неде?
Қандай белгілер ата-аналардан тұқым қуалаушылық арқылы беріледі?
Тәрбиемен адамды толық өзгертуге болама?
Оқушылардың іс-әрекеттерінің негізгі түрлері.
Жас ерекшеліктерді ескеру не үшін қажет?
Кіші сынып оқушысының рухани және әлеуметтік даму ерекшеліктері?
Орта сынып оқушысының дене және рухани дамуының негізгі ерекшеліктері.
СӨЖ № 7
Кәсіптік білім беру кезеңіндегі оқушыларға психологиялық – педагогикалық көмек.
Мектеп оқушысының жеке тұлғалақ дамуының жас мөлшерлік кезеңі.
Бастауыш сынып жасындағы балаларға сипаттама.
Мектеп оқушысының жасөспірім шағы.
Мектеп оқушысының жеке тұлға ретіндегі табиғи мүмкіндіктері.
Мектеп оқушысының жеке түлға ретінде дамуының әлеуметтік жағдайлары.
Мектеп оқушысының жеке тұлға ретіндегі өзіндік ерекшеліктерінің сипаттамасы.
Қоғам дамуының қазіргі кезеңіндегі акселерация проблемасы.
Қазіргі мектептерде оқытудың дифференциясы және жеке ерекшеліктерді есепке алу.
Мектеп оқушысының өзіндік қабілеті.
Мектеп оқушысының жеке тұлға ретіндегі әлеуметтік жағынан өсіп- жетілуін тәрбие процесінде есепке алу.
СӨЖ № 8
Кәсіптік білім беру кезеңінің оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырудың формалары.
Реферат тақырыптары:
Менеджмент теория негіздерінде білім беру мекемелерін басқару.
Білім беру мекемелерін басқарудың принциптері мен әдістері.
Кәсіптік білім беруде педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру.