Кәсіптік оқыту әдістемесі



бет31/54
Дата07.02.2022
өлшемі1,03 Mb.
#91012
түріКонспект
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   54
Байланысты:
Конспект лекций

    Бұл бет үшін навигация:
  • TOEFL
6.5 Кәсіптік оқыту әдістері

Кәсіптік оқытудың тиімділігі оны кім жүргізетіндігіне тікелей байланысты.


Осы орайда ұйымдар төмендегі нұсқалардың бірін таңдай алады:



  • Қызметкерлерді өз бетінше оқытуды ұйымдастыруға ықпал ету.




  • Оқытушы немесе жаттықтырушы ретінде компанияның тәжірибелі қызметкерлерін алып жұмыс орнында оқытуды жүзеге асыру.




  • Өз оқу орталығы мүмкіндіктерін пайдалану.




  • Мамандандырылған тренингтік компаниялар қызметіне жүгіну.

  • Қосымша оқыту жүйесі мүмкіндіктерін қолдану (отандық және шетелдік).




  • Ұсынылған нұсқалардың бірнешеуін немесе барлығын бірлестіре қолдану. Ұсынылған нұсқаларды кеңінен қарастырайық.

1.Өз бетінше оқыту

Персоналды өз бетінше оқыту ұйымның дамуының бірден бір қайнар көзі. Ол қажетті білім, дағды және іскерлікті өз бетінше жұмыс орнында немесе одан тыс алу жүйесі және үрдісі.


Өз бетінше оқытуды әдетте дұрыс бағаламайды. Бірақ, өз бетінше оқуды тек ұйымдасқан, өзіне талап қоя алатын, жеке бас потенциалы және ішкі ынталандыру дәрежесі жоғары, өз дамуының мәнін жете түсінетін адам ғана атқара алады. Сол себепті дәл осы оқытудың түрі ең тиімді болып табылады. Ол үшін бірқатар шарттар орындалуы тиіс. С.В. Шекшня «Заманауи ұйымның персоналын басқару» атты кітабында «өз бетінше оқыту - оқытудың ең қарапайым түрі болып табылады, себебі ол үшін инструктордың да, арнайы бөлменің де, арнайы уақыттың да қажеті жоқ …» деп жазады.Бірақ өз бетінше оқыту ұйымға өзі тікелей осы процеске қатыспайынша ешқандай нәтиже әкелмейді. Ұйымның персоналды өз бетінше оқытудағы рөлі:


1). Ұйым персоналды басқару қызметі ретінде персоналдың өз бетінше оқу дағдысын дамытуға міндетті, немесе «оқуға оқыту». Ұйымдасқан оқытудың негізгі атрибуттары: мақсаттың, жазбаша жоспардың болуы, приоритеттерді ерекшелеу.

2). Оқуға ынталандыру жүйесін құрумен байланысты өзін-өзі оқытуға мотивация жасау өте маңызды.


3). Қызметкерлерге өзін-өзі оқытуға қажетті барлық шарттарды жасауы керек:


арнайы бөлмелер бөлу;




мамандандырылған оқу, анықтамалық және әдістемелік әдебиетпен, сол секілді баспа әдебиетімен, мультимедиялық компьютерлік курстармен, интернетпен қамтамасыз етуі керек;


Қызметкерлерге семинар, конференция, симпозиум, курстар және тағы басқаларға қатысуға мүмкіндік жасау;

Қызметкерлерді түрлі көрмелер мен жәрмеңкелерге жіберу;




Қызметкерлердің оқуға жұмсаған шығындарының бір бөлігін немесе түгелдей өтеп беру;

ақылы оқу демалыстарын беру және т.б.


Өз бетінше кәсіптік оқытудың екі жүйесі бар:





  1. Толықтай өз бетінше, адамнан қажетті ұйымдастырушылық дағды мен шеберлік талап етіледі.




  1. Құрамдас, онда өз бетінше жұмыс та, сол секілді қандай да бір ұйымдастыру формаларын (тақырыптық семинарлар, кеңестер, талқылау, қандай да бір кеңес немесе ғылыми қоғамның жұмысына қатысу) қолдану.

Өз бетінше оқудың өз технологиясы бар, ол белгілі бір реттілік, логикалық схема, білім, дағды және іскерлік қалыптастыру нысандары мен әдістері. Өз бетінше оқудың кең тараған технологиялары:


Жоғары класты маманмен, өз ісінің шеберімен әңгімелесу (тәлімгерлікке ұқсас);


басқа жұмысқа, басқа бөлімге ауысу (алмастыруға (ротация) ұқсас); практикалық мәні бар міндетті, проблеманы шешу;


персоналды жоспарлы алмастыру (ротациялау) немесе кезең бойынша бір жұмыс орнынан басқаға алмастыру;


қателіктер, жаңсақ кету, келеңсіздіктер және оларды келешекте ескеру.


Кейбір авторлар өз бетінше оқуға ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫ да жатқызады. Бірақ бұл тәсіл тек жартылай ғана жатады, себебі қашықтықтан оқытудың қазіргі түсінік бойынша міндетті түрде оқытушы (тьютор) оқу процесіне қатысуы шарт, оның міндеті - топқа немесе жеке студентке кеңестер беру, оқу процесін ұйымдастыру және мазмұны бойынша рекомендациялар беру, материалды меңгеру бойынша бақылау жүргізу. ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ дегеніміз - ақпараттық технологиялар және мультимедиа жүйелерінің мүмкіндіктерін пайдалануға негізделген оқыту түрі. Олар - компьютерлік оқыту жүйелері, аудио және видео, электрондық пошта, электрондық және бейне конференциялар, компьютер желілері, сол секілді ғаламтор Интернет және т.б.

2.Жұмыс орнында оқыту


Жұмыс орнында қолданылатын оқыту тәсілдері әдеттегі жұмыс ситуациясындағы әдеттегі жұмыспен тікелей әрекеттесумен сипатталады. Мұнда анықтаушы белгі ретінде оқыту қандай да бір ұйымға, ұйым жұмысшыларына, олардың ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы ұйымдастырылып жүргізіледі. Сонымен қатар, ол өзінің тәжірибеге бағытталуымен ерекшеленеді, сол себепті жұмыс орнында оқыту тәсілдері ағымдағы өндірістік міндеттерді орындау үшін қажетті дағдыларды қалыптастыруға көп ықпал етеді. Жұмыс орнында оқыту тәсілдерінің артықшылығы мен кемшіліктері 2 кестеде көрсетілген.


2 кесте Жұмыс орнында оқыту тәсілдерінің артықшылығы мен кемшіліктері.





Артықшылықтары







Кемшіліктері













Курстың мазмұны мен өткізілу мерзімі ұйым

Қатысушылартекөз

ұйымы

қажеттіліктеріне сай болуы







жұмыскерлерімен ғана кездесе алады













Қатысушылар

өндірістік

қажеттілікке

Ақысы төленіп қойған,қайтарусыз

байланысты жұмыста туындаған мәселелерді

сыртта

оқылатын

курстарға

шешу үшін қарапайым хабарлама арқылы

қарағанда

қатысушылар қарапайым

шақыртылады










шақырту

арқылы

жиірек
















шақыртылады



















Оқуға

бірдей

қажеттіліктері

бар

Қатысушылар кейбір мәселелерді өз

жұмыскерлер саны жеткілікті болса, қажетті

әріптестері

арасында

немесе

жабдықтар болса, кәсіпорында оқыта алатын

басшының қатысуымен ашық, әрі

оқытушылар бар болса, кәсіпорын үшін

батыл талқылай алмайды




тиімді болады











































Егер оқу материалы жұмыспен тікелей байланысты болса, онда оқу мысалдарынан жұмысты тікелей орындауға көшу мүмкіндігі бар

Жұмыс орнынан тыс қолданылатын оқыту тәсілдерінің артықшылықтары мен кемшіліктері 3кестеде келтірілген.


3 кесте. Жұмыс орнынан тыс қолданылатын оқыту тәсілдерінің артықшылықтары мен кемшіліктері.





Артықшылықтары




Кемшіліктері













Қатысушыларақпараталмасаалады,

Ұйымның

қажеттіліктерінесай

проблемаларымен бөлісе алады, басқа

келмеуі мүмкін




ұйымдарда олардың шешілу жолдары










тәжірибесін ала алады



















Ұйым қабырғасында қол жетпейтін аса

Жиілігі мен қол жетімділігі сыртқы

қымбат оқу қондырғысы қолданылуы мүмкін

ұйым арқылы орнатылады






















Қатысушылар

өндірістік

қажеттілікке

Егер

қатысушы

курстан

байланысты жұмыста туындаған мәселелерді

шақыртылып алынса, онда төлемақы

шешу үшін қарапайым хабарлама арқылы

қайтарылмайды, ал оқу тиімділігі

шақыртыла алмайды




төмендейді






















Квалификациялы

оқытушы

персонал ұйым

Оқудан тікелей жұмыс

орындауға

қабырғасынан тыс қана қол жетімді

көшуде проблема туындауы мүмкін



















3.Корпоративтік оқу орталықтары

Ұйымның оқу орталығының міндеті - қызметкерлерді мақсатты түрде оқыту, олардың квалификациясын фирма талаптарына сай етіп ойластыру. Кейбір оқу орталықтары жаңа қызметкерлер үшін кіріспе курс жүргізеді, соның арқасында адам ұйымға бірден бейімделеді, оның тарихын, корпоративтік мәдениетін, бөлімдер жұмысы ерекшеліктерін, қолданылатын терминологияны, қондырғылар сипаттамаларын және т.б. біледі.


Жетекші халықаралық компаниялар тәжірибесінде менеджерлерді даярлау орталықтары кеңінен қанат жаюда, олар бизнес-мектеп ретінде жұмыс істейді де, корпоративтік колледж, институт немесе университет деп аталады, мысалы: Disney University, Federal Express Leadership Institute, General Electric


компаниясындағы Crotonville оқу орталығы, AT&T фирмасындағы бизнес мектебі, Motorolla университеті және т.б.

Өз оқу орталығын ұйымдастыру кезінде лицензия алу қажеттілігі, оны білім басқарудың мемлекттік органы эксперттік комиссияның қорытындысы және басқа да нормативтік-құқықтық актілер негізінде беріледі. Осындай жағдайда ғана кәсіпорын қызметкерге кәсіптік дайындық бойынша құжат бере алады.


4.Қосымша оқыту жүйесін қолдану


Қосымша оқыту жүйесінің бір деңгейі ретінде оқытудың ұзақ мерзімді (1000 сағаттан артық) бағдарламаларын атауға болады, оларға әртүрлі магистрлік бағдарламалар, екінші жоғары білім бағдарламалары және МВА бағдарламалары жатады. МВА бағдарламасы (Master of Business Administration – Мастер Делового Администрирования) жоғары білімі бар адамдарға іскерлік басқару облысында тереңдетілген білім алуға мүмкіндік береді.


МВА дипломын әлемнің 1250 түрлі оқу орындарынан алуға болады, соның ішінде Қазақстанда да. Алғашқы МВА бағдарламалары 10 жыл бұрын елімізде


пайда болды. Шетелдегі бизнес-мектепке түсу үшін TOEFL, GMATтестерінтапсыру керек, интервью өту керек, ұсынылған тақырыптарға эссе жазу керек, жұмыс орнынан мінездеме әкелуге тиісті. Сонымен қатар жас бойынша шектеу болуы мүмкін, жұмыс өтілі міндетті түрде талап етіледі.


МВА бағдарламаларының ұзақтығы да әртүрлі, 12-18 ай көлемінде үздіксіз оқыту, күндізгі, кешкі және сырттай оқыту нысандары бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет