Кестелер тізімі 3 Суреттер тізімі 4 Резюме 5 Кіріспе 7 Жобаның тұжырымдамасы 8


Техникалық жоспарлау 5.1 Технологиялық процесс



бет6/10
Дата26.08.2017
өлшемі0,69 Mb.
#28167
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

5. Техникалық жоспарлау

5.1 Технологиялық процесс


Жобаны іске асыру процесінде:

  • ой-сананы дамыту сабақтары мен еркін ойындар (ойыншықтар, кеңсе, әдістеме құралдары, балалар жиһазы мен жабдықтар); сондай-ақ музыка аспабы бар жұмыс орындары, дене шынықтыру сабақтары мен қозғалыс ойындары үшін;

  • ұйықтау үшін (кереуеттер, бір балаға кемінде 2 төсек-орын жиынтығы ),

  • сыртқы және ауыстыру киімдері үшін (жеке шкафтар, балалар дивандары),

  • тамақ ішу үшін (ыдыс-аяқ, құралдар, жиһаз);

  • санитарлық-гигиеналық рәсімдер үшін (горшоктар мен унитаздар, орамалдар, шаруашылық жабдықтары).

Оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы жас топтары бойынша жасалған. Ол балалардың дене және психикалық дамуының төрт түрлі өсу кезеңін қамтиды:

  • бөбектік жас – туғанынан 2 жасқа дейін (бірінші және екінші бөбектік жас тобы);

  • мектепке дейінгі сәбилер жасы – 2-ден 4 жасқа дейін (бірінші және екінші сәбилер тобы);

  • орта жас – 4-тен 5 жасқа дейін (орта топ);

  • ересек мектепке дейінгі жас – 5-тен 7 жасқа дейін (ересектер және мектепке дайындық топтары).

Бағдарламаның әрбір бөлімінде балалардың дене және психикалық жас ерекшеліктеріне сипаттама беріледі, тәрбиелеу мен оқытудың жалпы және арнайы міндеттері, балалардың өмір жолын ұйымдастыру ерекшеліктері айқындалды, қажетті ұсынымдарды, оқыту процесінде өмірлік маңызды білім мен дағдыны қалыптастыру және оны күнделікті өмірде дамыту қарастырылды.

Бағдарламада балалар мерекелерін, ойын-сауықтары мен бос-уақыттарын ұйымдастыру жолдары жасалды. Дамудың үлгі деңгейлері айқындалды, онда сәбидің мектепке дейінгі мекемеде болған әрбір жылының соңына қол жеткен жетістігі көрсетіледі.

Бағдарлама педагогикалық процесте пайдалану ұсынылған әдеби және музыкалық шығармалар, дидактикалық және еркін ойындар тізбелерімен сүйемелденіп отырады.


5.2 Ғимараттар мен құрылыстар


Жоспарланған кәсіпорынды аумағы 240 м2. астам жалдамалы орын-жайда орналастыру жоспарлануда. Жанынан балалар алаңы орналасатын болады, онда қажетті ойын жабдықтарын орналастыру жоспарлануда.

Барлық орынды бірдей балалар бақшасына айналдыру мүмкін емес екенін атап өткен жөн. Жалға қолайлы орын табу қиын, ол бірқатар талаптарға сәйкес келуі қажет. Төмендегі нормативтік құжат «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға» сәйкес (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 13 қаңтардағы № 13 бұйрығымен бекітілген) балалар бақшасының орын-жайына қойылатын талаптар берілген.

Жалпы үлгідегі БОО ойын алаңының мөлшері: ясли жасындағы балалар үшін бір орынға 7,5 м2 , мектепке дейінгі жастағы балалар үшін - 7,2 м2 қабылдау қажет.

Топтық ұяшықтар орын-жайларының алаңы:

- шешінетін орын (қабылдау) – алаңы 18 м2 кем емес;

- топтық (ойнау) - алаңы 50 м2 кем емес (ясли топтары үшін 1 балаға 2,5 м2 кем емес, мектепке дейінгі топтарда 2,0 м2 кем емес есебімен);

- буфет - алаңы 3,8 м2 кем емес;

- ұйықтайтын бөлме – алаңы 50 м2 кем емес (ясли топтары үшін 1 балаға 1,8 м2 кем емес, мектепке дейінгі топтарда 2,0 м2 кем емес есебімен);

- әжетхана - алаңы 16 м2 кем емес (ясли топтары үшін 1 балаға 0,8 м2 кем емес).

Жалдау шартын ұзақ мерзімді негізде бір жылдан астамға (кем дегенде) жасасу қажет, бұл жалдау шартын Жылжымайтын мүлік орталығында міндетті тіркеуді талап етеді. Бұлайша болмаған жағдайда өз шарттарын талап ететін жалға берушіге тәуелді болу қаупі туындайды, бұл 1 айлық бағаның құнына әсер ететін болады.



Жалдау ақысына жер салығы мен мүлік салығын төлеу қосылуы мүмкін.

5.3 Жабдық және инвентарь


Балалар бақшасын жабдықтау үшін, қажетті негізгі жабдықтардың арасында бөліп көрсетуге болады.
6-кесте – Жабдық және инвентарь

Атауы

Саны

Екі деңгейлі кереует

40,0

Қарапайм кереует

20

Ойындықтарға арналған қабырға шкафы

10

Орын-жай үшін ойын ойнау кешені

4

Балалар алаңы (көше кешені)

4

Спорт кешені

2

Шешіну үшін 4-секциялы шкаф

30

Үстел, орындықтарымен бірге

30

Ойын ойнау жиһазы жиынтығы

10

Орын-жайға арналған орындықтар

7

Шағын орындық

120

Сатылы ойындар

3

Құм алаң

4

Тербелу-балансирі

5

Әткеншек

1

Ойын жиһазы

5

Ас үй жиһазы

1

Кір жуатын машиналар

2

Ыдыс-аяқ, құрал

1

Жабдықтар мен инвентарьдың жалпы құны 12 711 мың теңгені құрайды. Жабдықтарды сатушы «Папа Карло» ЖШҚ, РФ.


Каталог: content -> files
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> БАҒдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі
files -> Ғылыми-Әдістемелік Кеңес мәжілісінде бекітілді
files -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-әдістемелік кеңесінің 2016 ж
files -> «6D021400 – Әдебиеттану» мамандығы бойынша докторантураның Қабылдау емтиханына дайындалуға арналған бағдарлама «Әдебиеттану – 6D021400»
files -> Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов
files -> Қадыр Мырза Әли поэзиясындағы ұлттық нақыштар
files -> Сәлима калқа ба ева филология гылымының кандидаты, доцент №8 • 2004 • АҚИҚАТ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет