Кестелерді даярлау және түзету


Өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандардың орнын ауыстыру



бет6/8
Дата02.02.2023
өлшемі89,5 Kb.
#167276
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
stud.kz-41609 2

Өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандардың орнын ауыстыру :
Өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазасын өтеу орнына жіберіледі және бір жазасын өтеу орнынан екіншісіне айдап апару арқылы ауыстырылады.
Сотталғандардың айдап апару арқылы орнын ауыстыру ұстау ережелері сақтала отырып : еркектер әйелдерден бөлек, кәмелетке толмағандар – ересектерден бөлек; өлім жазасына кесілгендер – сотталғандардың басқа санаттарынан бөлек ; бір қылмыстық іс бойынша өтуші тергеліп – сотталғандар – бөлек – бөлек, өкпе туберкулезінің ашық түрімен ауыратындар немесе соз ауруынан емделудің толық курсынан өтпегендер, жүйкесі ауыратындар, СПИД – пен ауыратындар және ВИЧ жұқтырғандар Бір – бірінен бөлек және дені сулардан бөлек, қажет болған жағдайда дәрігердің қорытындысы бойынша медицина қызметкерлерінің еріп жүруімен жүзеге асырылады.

  • Сотталғандарды айдап апару арқылы орнын ауыстыру кезінде олар қажетті тұрмыстық және санитариялық – гигиеналық жағдайлармен қамтамасыз етіліеді.

  • Сотталғандарды айдап апару арқылы орнын ауыстыру кезінде олар мекеме (жөнелтуші орган ) маусымдық киіммен, сондай – ақ жолдағы бүкіл кезеңде сотталғандар үшін белгіленген нормалар бойынша тамақпен қамтамасыз етеді.

  • Сотталғандардың орнын ауыстыру мемлекет есебінен жүзеге асырылады.

  • Сотталғандардың орнын ауыстыру тәртібі осы Кодекске сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді

ҚР ҚК 48 бабының 4 тармағына сәйкес, өмір бойы бас бостандығынан айыру қастандық жасалатын аса ауыр қылмыс жасағаны үшін берілетін өлім жазасына балама ретінде ғана белгіленеді және сот өлім жазасын қолданбауға болады деп ұйғарған жағдайларда тағайынжалуы мүмкін.
Экономикалық жағынан алып қарағанда, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын қолдану тиімсіз. Себебі, осы жазаға сотталған адамдарды ұстау үшін ерекше режимдегі түзеу мекемесін жабдықтау қажет, және бұл мекемеге түзеу деген термин біздің ойымызша сәйкес келмейді.
Бұл жаза түрі кең көлемде тағайындамағандықтан, біз , өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын сотталған бір адамды ұстау үшін қанша қаражатының кететіндігін білеміз. Мысалы, АҚШ – та 30 жыл көлемінде 1 млн. Ақша қаражаты жұмсалынады. Осыған байланысты, заңда сұрақ туындайды : неліктен заңды сыйлайтын, тәртіп бұзбайтын азаматтар ұзақ уақыт аралығында, өздерінің туғандары мен туысқандарын өлтірген қауіпті қылмыскерлердің асырау міндеттерін жүктеп, мойындарына алулары тиіс
Біздің құқықтық санамыз, кең көлемде өлім жазасын қолдануға бағытталған, тіпті құқық қорғау органдарының қызметкерлері де өлім жазасын қолдайды. Сондықтан да, өлім жазасын мараторийдің жариялануы қазіргі таңда асығыстық қадам деп ойлаймыз.
Жазаны өтеу орындарының материалдық базасының жағдайын ескере отырып, сотталғандардың арасында аурулардың таралуы (туберкулез) көбеюі мүмкін.

Курс советского уголовного права. / Общая часть / ЛГУ,т.2. 1968 г.


ҚР ҚК 38 бабының 2 бөлімінде сотталғандарды түзеу жазаның мақсат болып табылады делінген. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы барысында түзеу педагогикасының осы негізгі ережесі ескерілмейді.


Бас бостандығынан айыру жазасын босануға деген ешқандай үмітсіз өтеу сотталған адамның тұлғасының кері кетуіне әкеліп соқтырады. Сондықтан да, заң шығарушы сот тағайындаған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам, егер “сот бұл жазаны одан әрі өтеуді қажет етпейді деп таныса және кемінде жиырма бес жыл бас бостандығанан айыруды іс–жүзінде өтесе, мерзімінен бұрын – шартты түрде босатылуы” мүмкінгін қарастырады.
Заң шығарушы өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын әйелдерге, сондай ақ он сегіз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға және үкім шығарылу сәтіне алпыс бес жасқа тоған еркектерге тағайындамау қажеттіліктерін көрсеткен .

Бас бостандығынан айыру жазасын атқарудың арнай міндеттері ҚР ҚАК 7 бабында сотталғандарды түзеудің негізгі құралдары ; ҚАК 6 бабында қылмыстық – атқару заңдарының принциптерімен белгіленген.


Жазаны атқару органдары мен мекемелердің міндеттері заңдылық, баршаның заң алдындағы теңдігі, гуманизм, демократизм және жариялылық, жазаларды атқарудың саралануы мен жеке – дараланған, жазаны түзеу ыпалымен біріктіруді қамтамасыз ететін принциптерге негізделеді.
Осыған сүйене отырып, қылмыстық жазаны атқаратын органдар мен мекемелердің негізгі және қосымша міндеттерін бөліп көрсетуімізге болады.
Негізгі міндеттер : жаза тағайындаған сот үкімі дұрыс орындау; сотталғандарды түзеу; сотталғандар тарапынан жаңа қылмыстар жасауды сақтандыру; жоғарыда аталған прициптерді сақтау; жазаны атқарудың белгіленген тәртібін қамтамасыз ету.
Қосымша міндеттер : сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру; сотталғандармен тәрбиелік жұмыстар жүргізу; сотталғандарға жалпы білім беру, кәсіби дайындау және оқытуды ұйымдастыру; сотталғандарды тұрмыстық – материалдық және медико – санитарлық қамтамасыз ету жазаны атқаратын органдар мен мекемелердің персоналдарының және сотталғандарлың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; босатылғаннан кейін сотталғандарға бостандықтағы өмірге бейімделу үшін көмек көрсету.
Режим – сотталғандардың күзеті мен оқшаулануына, оларға тұрақты қадағалау, оларға жүктелген құқықтары мен мүдделерін, сотталғандар мен персонал қауіпсіздігін, сотталғандардың әр түрін бөлек ұстау, түзеу мекемелерін анықтаумен байланысты іс – әрекеттерді жүзеге асырылатын, заң және соған сәкес нормативтік құқықтық актілерімен анықталған жазаны өтеу мен атқару тәртібі.
Қылмыстық заңның нормаларында көрсетілген жазалар бұрынғыға қарағанда біршама жеңілірек. Бұл дұрыс секілді. Себебі ұсақ, болымсыз қылмыстар үшін қатаң жазаларды тағайындау кері әсерін тигізеді. К.Маркстің пікірінше \ ешқандай айырмашылықтарымен, жеңілдетілген мәнжайлармен санаспайтын қаталдық жазаны нәтижесі етеді, өйткені жазаның құқықтық нәтижесі ретінде жоққа шығарды. Осыдан жазалау шараларын үнемдеу қажеттігі туындайды. Себебі жазаның сақтандыру мақсаты оның қаталдығымен емес, жазаның әрбір қылмыс үшін міндетті түрде орын алатындығымен түсіндіріледі.
Жазаның жүйелері деп қолданылып жүрген қылмыстық заңда белгіленген соттар үшін міндетті және тұжырымды, ауырлығына қарай белгілі тәртіппен орналасқан жазаның түрлерін айтамыз. Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті болып табылатын жекеленген жазаларды қолданудың шарты, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында береді.

Чукмаитов Д.С. Теоретические основы системы исполнения наказаний по законодательству РК. Дисс. На соискание степени д.ю.н. , Алматы, 1999 г.\Стр.55.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет