Безопасное поведение детей в сети Интернет. Встреча психолога с родителями. Заметки к слайдам.
«Кибербуллинг туралы әңгімелесейік»
Психологтың оқушылармен кездесуі. СЛАЙДТАРҒА МӘТІН
1 -слайд
Сәлеметсіңдер ме, бүгінгі вебинарға келушілер.
Бүгінгі вебинардың тақырыбы – «Сөйлесейік».
Сонымен бүгін біз кибербуллинг жайлы сөйлесеміз.
|
2 -слайд
Жиырма жыл бұрын Миссисипи штатының Әділет министрлігінің киберқылмыстар (яғни ақпараттық технологияларды қолданумен жасалатын қылмыстар) бөлімінің криминолог-зерттеушісі Р.Махаффидің айтуынша Интернет «Жабайы Батыс» сияқты болған, яғни онда ешбір заң қолданылмаған және әркім қалағанын істей алған. Желілер мен сайттар арқылы тілдесуді жүзеге асырудың алғашқы түрлері қауымдарға көбірек ұқсас болған. Оларға қатысушылар тек онлайн ғана тілдесіп қоймай, көзбе-көз де кездесіп тұрған, әрі осы үдеріске соншалық көп адам қатыспаған. Содан кейін Интернетті пайдаланушылар саны күрт көбейіп кеткен. Сонымен бір мезетте Интернеттегі агрессия деңгейі де артқан. Агрессиямен бірге Интернетте кибербуллинг деген ұғым пайда болған. Сонда кибербуллинг деген не?
- Кибербуллинг (электрондық кеңістікте қудалау, онлайн қатыгездік) – бұл өзін-өзі қорғай алмайтын құрбанға қарсы бағытталған, электрондық жолмен әрекеттесу жолдарын қолданумен жалғыз немесе бір топ адам жүзеге асыратын ұзақ уақыт бойы жүйелі қуадалаудың, қасақана агрессияға толы әрекеттердің бір түрі. Бұл смс-хабарламалар, әлеуметті желілер, абыройды төгетін веб-парақшалар ашу немесе қорлайтын, тіл тигізетін бейнеконтент жариялау арқылы, т.б. жолдармен жасалады.
Кибербуллинг ұғымын Крэйг пен Пеплер (Craig W. & Pepler D.J.) 1997 жылы алғашқылардың бірі болып сөз еткен. Онда Интернет-алаңдарда қудалау – оқушылар арасына көзбе-көз емес, технологияландырылған қудалау тәсілін жөн көретін агрессияға толы қудалау- жайттары сипатталған.
Мен бүгін сендермен осы тақырыпта ашық сөйлескім келеді, әрі сендердің белсенді қатысқандарыңызды күтемін. Естеріңде болсын, мұнда дұрыс емес сұрақтар немесе жауаптар жоқ.
|
3 -слайд
Бүгін күні барлығы, ересектер де, жастар да - Интернет желісін белсенді пайдаланушылар. Интернетте қудалау орын алып жатқанын, әрі өз арамызда орын алып жатқанын жасыру мүмкін емес. Жауап беріп көрейік. Өздеріңнен сұраңдар:
- Мен кибербуллинг құрбанымын ба?
- Қалжыңды келемежден қалай ажыратуға болады?
|
Достарыңызбен бөлісу: |