«Киім конструкциялау және үлгілеу» пәнін оқытуда электронды оқу құралын пайдалану Мазмұны



бет15/19
Дата12.12.2021
өлшемі1,27 Mb.
#99625
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
киім конструкциясы

2.4.Белдік киімдерді үлгілеу

« Колокол» белдемшесі
Келесі қарастыратын белдемшеміз «колокол» немесе қоңырау типтес деп аталынады.

Колокол белдемшесі қиықты белдемшелер түріне жатады. Көпқиықты

белдемшелер ішінде «колокол» белдемшесінің «годе» белдемшелер түрлерінен ерекшелігі оның формасының жұмсақтығында.

«Колокол» белдемшесін құрастыруға қажетті өлшемдер:

От-белдің шеңбер өлшемі

Об- бөксенің шеңбер өлшемі

Дю-белдемше ұзындығы

g-15cм-клештің кеңейту шамасы


«Колокол» белдемшесін жобалауда бір қиықтың негізінде құрастырып, қажетті бөлшек санын матадан пішіп алады.


Сурет 14 «Колокол» белдемшесі
Бір қиықтың базалық торы
Қиықтың базалық торын тік сызық жүргізіп, қиықтың негізгі бағыты мен ортаңғы сызығын анықтаудан бастайды.

Бел, бөксе, ұзындық деңгейлерін анықтау тік белдемшенің базалық торындағы мысалдай Сурет 4



Бел деңгейі

Т нүктесі арқылы жүргізілген көлденең сызық бел деңгейін анықтайды.

Бөксе деңгейі

Б нүктесі арқылы жүргізілген көлденең сызық анықтайды



Клештың басталу деңгейі

Клештің басталу деңгейін К бөкседен төмен қалаған өлшемде алып, көлденең сызық жүргізіп, тік сызықпен қиылысқан нүктелерін К1,К2 деп белгілейміз. Осымен базалық торы дайын болады.



Бел деңгейінің ені

Белдің шеңбер өлшемін 6 санына бөліп, одан шыққан шаманы кесінді түрінде қиықтың орта сызығынан Т нүктесі арқылы жүргізілген көлденең сызық бойынан оңға және солға өлшеп салып Т1 және Т2 нүктелерін табамыз.

Бөксе деңгейінің ені

Бөксенің шеңбер өлшемін 6 санына бөліп, одан шыққан шаманы кесінді түрінде қиықтың орта сызығынан Б нүктесі арқылы жүргізілген көлденең сызық бойынан оңға және солға өлшеп салып Б1 және Б2 нүктелерін табамыз.

Қиық кеңдігі

Қиықтың кеңейу деңгейін бұрыштық қатынаста беруге болады.

Бел сызығы

Т1-Т2 нүктелерін ішке қарай иілген лекалды сызықпен сызып бел сызығының формасын анықтаймыз.

Бүйір сызығы

Т1-Б1 және Т2-Б2 нүктелерін иілген лекалды сызықпен, Б1-К1 және Б2-К2 нүктелерін тік сызықпен қосамыз. Бөксе деңгейі мен клештің басталу аралығы өз бетінше Б1-Б2-К2-К1 тік төртбұрыш құрайды.

Ескертпе:

Белдемше денеде бөксе деңгейінде қыналу үшін Б1,Б2 нүктелеріндегі бұрышты лекалды сызықпен сызу керек.



Сурет 15 «Колокол» белдемшесінің базистік торы

Қиық кеңдігі

К1,К2 нүктелерінен қиғаш кесінділер жүргізіп, оны екіге бөліп, алынған нүктеге қиықтың ішіне қарай перпендикуляр тұрғызамыз. Сол нүктеден перпендикуляр бойымен қиықтың ішіне қарай 5см екі жағынан бірдей етіп кесінді салып N нүктеслерін белгілейміз.

Клештің бүйір сызығы

К1 - N - Н1 және К2 - N - Н2 нүктелерін лекалды сызықпен қосып бүйір сызбаларын аламыз.

Төменгі деңгейін доғал сызықпен қосамыз.


Сурет 16 «Колокол» белдемшесінің сызбасы




«Годе» белдемшесі
Белдемше классикалық стильдегі белдемше түріне жатады. Уақыт кезеңдеріне қарамастан, әрқашан сән ағымында өзінің орны бар.Бұл белдемшені кез-келген матадан дайындауға болады. Қиық кеңдігін өз қалауыңызша алуыңызға болады.

Бұл қиықты беледмше 4-12 бөліктен бола алады. «Годе» белдемшенің сызбасын тік беледмше негізінде және бір қиық негізінде құрастыруға болады.

Біз төменде бір қиық негізінде құрастырамыз. Бұл әдіс құрастыру жұмысын тез орындауға мүмкіндік береді. Алдында қарастырылған қиықты

«колокол» белдмшелсін құрастыруға ұқсас болып келеді.

Берілген мысалда 6 қиықтан тұратын «годе» белдемшені қарастырамыз.

Базалық торы



«Колокол» белдемшесінің базалық торы негізінде жасалынады.

Алдын ала тұғызған бел, бөксе, төменгі деңгейлердегі көлденең және қиықтың ортасын анықтайтын тік сызықтар жүргіземіз. Базалық торы «колокол» белдемшедегідей болады. Сурет 15

«Годе» белдемшесінің «колокол» белдемшесінен айырмашылығы годенің басталу сызығы мен годені кеңейту шамасында.

Сурет 17 «Годе» белдемше түрі

Бел мен бөксенің шеңбер өлшемдерін қосымшаларымен От+Пт,Об +Пб 6-ға бөлеміз.

Алынған шамаларды кесінді түрінде бел және бөксе деңгейінде көлденең сызықтың бойымен оңға және солға бірдей етіп бөліп саламыз.

Белден бөксеге дейінгі бүйір аралықты лекалды сызықпен қосамыз.

Годенің басталу сызығы

Годенің басталу сызығын бөксе деңгейінен 10-30см төмендікте белгілеп, көлденең сызық жүргіземіз.

Годенің кеңейіу шамасы

Годенің кеңейту шамасы 20, 30, 45, 60, 90, 180 градус бұрыштар аралығында бола алады.

Төменгі сызық доғамен сызылады Сурет 18





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет