«Киім конструкциялау және үлгілеу» пәнін оқытуда электронды оқу құралын пайдалану Мазмұны



бет10/19
Дата12.12.2021
өлшемі1,27 Mb.
#99625
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
киім конструкциясы

2.2. Адам денесінің өлшем бірліктері

Адам денесінің пропорциясы
Дене пропорциясы –бұл адам денесінің кейбір бөліктері өлшемдерінің қатынасы: бас биіктігі және дененің жалпы ұзындығы; кеуде ұзындығы мен аяқ сүйектері ұзындығы, бөксе ені мен иық ені

Дене пропорциясы бас сүйек, , омыртқа, аяқ, қол сүйектері өлшемдеріне де байланысты Сонымен қатар дене пропорциясына бұлшық ет, май қабаты да әсер етеді.

Жас шамасына байланысты дене пропорциясы әртүрлі: балаларда бас биіктігі дене ұзындығының 4/1 бөлігін, ересек адамдарда бұл шама 7/1; 8/1 бөлігіне тең. (Сурет 1) АБ-бұл дене ұзындығының бір бөлігі немесе модуль дейміз.


Сурет 1 Адам денесінің пропорциясы, дене деңгейлерінің сызықтары




1.2. Адам денесінің өлшемін алу
Кез келген киімнің сызбасын құрастыру үшін адам денесі параметрлерінің өлшемдері қолданылады. Өлшем бірліктері шеңбер, тік, көлденең өлшемдер мен диаметрлермен беріледі.


Сурет 2. Әйел денесінің сызба өлшемдері
Адам денесінен нақты өлшем алу үшін конструктивті нүктелері мен белдіктерін анықтап алу қажет.

Ереже бойынша адам денесі іш киіммен немесе жеңіл көйлекпен өлшенеді. Бел сызығына тура көлденең бағытта резина немесе таспа байланады. Бел сызығын дұрыс анықтау, басқа өлшемдерді дұрыс алуға, киімнің қонымды отыруына, кигенде ыңғайлылығына әсер етеді. Өлшемдерді алған кезде сантиметрлік таспа адам денесіне тығыз жатып, бірақ қатты қыспау қажет. Сонымен қатар демді және ішті тартып, шығаруға болмайды.


Өлшем белгілерін келесі әріптермен белгілейміз:

О-толық шеңбер;

С-Жарты шеңбер;

Ш- ендерді;

Д- ұзындықты;

В-биіктікті;

Г-тереңдікті;

Ц-аралық;

Р- рост.

Әйел денесінің өлшем белгілері Кесте 1



Р/с

Өлшем атауы

Шартты белгі

Дене бөлігін өлшеу әдісі

1

Мойын шеңбер өлшемі

Сш

С.б. артқы бойда жетінші мойын омыртқасы үстімен,мойын негізі нүктесі арқылы өтіп,мойын оймасында айқасады

2

Кеуденің 1-ші шеңбер өлшемі

Сг1

С.б. артқы бойда жауырын үстімен,қолтық астымен кеуде негізі үстінде айқасады

3

Кеуденің 2-ші шеңбер өлшемі

Сг2

С.б. артқы бойда жауырын үстімен,қолтық астымен кеуде бездері үстінде айқасады

4

Кеуденің 3-ші шеңбер өлшемі

Сг3

С.б. артқы және алдыңғы бойда жауырын үстімен,қолтық астымен кеуде негізі үстінде көлденең айқасады

5

Белдің шеңбер өлшемі

Ст

С.б. бел деңгейі арқылы байланған бау үстінде өлшенеді

6

Бөксенің шеңбер өлшемі

Сб

С.б.артқы бойда бөксенің шығыңқы жеріменалдыңғы бойда іштің шығыңқы жерінде айқасады

7

Кеуденің 1-ші ені

Шг1

Көкірек негізі үстінде екі қолтық ойындысы аралығында өлшенеді

8

Кеуденің 2-ші ені

Шг2

Көкірек негізі арқылы екі қолтық ойындысы аралығында өлшенеді

9

Кеуде бездері аралығы

Цг

Екі кеуде безі аралығы

10

Арқа ені

Шс

Жауырын үстіарқылы екі қолтықарасы

11

Арқа ұзындығы

Дтс

С.б. мойын негізі нүктесінен бел деңгейіне дейінгі аралықта өтеді

12

Арқаның 1-ші ұзындығы

Дтс1

С.б.7-ші мойын нүктесінен бел деңгейіне дейінгі аралықта өтеді

13

Алдыңғы ұзындық

Дтп

С.б. мойын негізі нүктесінен кеуде безіарқылы белдеңгейіне дейінгі аралықта өтеді

14

Кеуде биіктігі

Вг

С.б. мойын негізі нүктесінен кеуде безі аралықта өтеді

15

Жең ойындысының биіктігі

Впрз

Мойын негізі нүктесінен кеуде деңгейіне дейінгі артқы бойдағы аралық

16

Иықтың қиғаш биіктігі

Впк

Иық түктесінен жауырын арқылы бел сызығы мен омыртқа сызығының қиылысқан нүктесіне дейінгі аралық

17

Иықтың алдыңғы бойдағы қиғаш биіктігі

Вппк

Иық нүктесінен бел деңгейіндегі орталық нүкте аралығы

18

Иықтың артқы бойдағы биіктігі

Впс

Иық нүктесінен бел сызығына дейін өлшенеді

19

Иықтың алдыңғы бойдағы биіктігі

Впп

Иық нүктесінен бел деңгейіне дейінгі өлшем

20

Бұйым ұзындығы

Ди

Жетінші мойын нүктесінен омыртқа сызығы арқылы қажетті ұзындық

21
21а

21б


21в

Бел деңгейінен еденге дейінгі ұзындық-алдыңғы бойдан-бүйірден

-артқы бойдан



Дсп


Дсб

Дсз


Алдыңғы бойдан еденге дейін

Бүйірден еденге дейін

Артқы бойдан еденге дейін



22

Иық ені

шп

Мойын негізі нүктесінен иық нүктесіне дейін

23

Қолдың ұзындығы

Др

Иық нүктесінен қолдың қалаған ұзындығына дейін

24

Иықтың шеңбер өлшемі

Оп

Қолдың қолтық түбіндегі толық жерінің шеңбер өлшемі

25

Бүйір биіктік

Вб

Бел деңгейінен қолтық астына дейінгі биіктік бұл өлшем кеуде сызығының дұрыс орналасуын анықтауға керек

26

Бөксенің төменгі шеңбер өлшемі

Об

Бөксенің шығыңқы тұсының астынын өлшенеді

27

Тізенің шеңбер өлшемі-

Ок

Тізе буынындағы көлденең түрде өлшенеді

28

Балтырдың шеңбер өлшемі

Ои

Балтырдың жуан тұсындағы көлденең өлшем

29

Өкшенің шеңбер өлшемі

Ос

Өкшенің төменгі нүктесімен ойық тұсының үстімен өлшенеді

30

Отыру биіктігі

Вс

Отырғын жағдайда өлшенеді: бел сызығынан отырғын жазықтыққа дейінгі биіктік өлшем




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет