«Киім конструкциялау және үлгілеу» пәнін оқытуда электронды оқу құралын пайдалану Мазмұны



бет12/19
Дата12.12.2021
өлшемі1,27 Mb.
#99625
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Байланысты:
киім конструкциясы

2.3.Белдік киімдер конструкциясы

Белдік киімдер. Белдемше түрлері
Белдік киімдер деп тірек жері бел мен бөксе аралығы болатын киімдерді айтамыз. Сондықтан Ст (белдің жарты шеңбер өлшемі), Сб (бөксенің жарты шеңбер өлшемі) және Дюб (белдемшенің бүйір ұзындығы) негізге алынады.

Белдік киімдерге шалбар, белдемше мен белдемше шалбар және олардың түрі өзгерген формадағы жиынтықтары жатады.

Белдемше киімнің түрі ретінде XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында пайда болды. Ал оған дейін көйлектің құрамдас бөлігі болып келді.Белдемше өз бетінше киім тобынан орын алған соң, оның композициялық шешімі костюмнің композициялық шешіміне сәкес болу керек. Әртүрлі белдемшелердің силуэттік формасын жасау оның әрбір элементтерінің конструктивті сызықтарының орналасуымен орындалады.

Белдемше формасын жасау әйел дене құрылысының ерекшеліктерімен, мата қасиетімен сән ағымымен анықталады. Барлық белдемшелер формасы тік және конустық болып, тек конструктивті сызбалары ғана әртүрлі болады.

Шалбар теориясында шалбар шығыс елдерінде пайда болған киім деген шешім бар. Шалбарлар өзінің даму тарихында бірнеше формаларда болып, көптеген өзгерістерді басынан өткізді. Бастапқы кезде тек ерлер киімі ретінде, XX ғасырдың басында ғана ортақ киім ретінде танылды.

«Шорты» мен джинс шалбарлар бір уақытта киім түрлеріне келіп, пайда болды, Шорты ағылшын тілінен аударғанда қысқа деген мағынаны білдіреді. Оны ойлап тапқан су спортымен айналысатын Ұлы Британия Кембридж университетінің студенттері деген мәліметтер бар.

Бриджи –бұл ұзын етікпен киюге ыңғайлы шалбар түрі. Бұл түрін де ойлап шығарған Ұлы Британдықтар.

2.1. Тік белдемше
Тік белдемшенің сызбасын құрастыру үшін келесі өлшемдерді алу керек.

Ст-белдің жарты шеңбер өлшемі

Сб-бөксенің жарты шеңбер өлшемі

Д- белдемше ұзындығы

Дтс-артқы бойдың белге дейінгі ұзындығы

Дсп –алдыңғы бойдағы ұзындық

Дсзп- артқы бойдағы ұзындық

Дсбп-бүйір ұзындығы

Пт- белдің жарты шеңбер өлшеміне қосымша

Пб- бөксенің жарты шеңбер өлшеміне қосымша



Сурет 3 тік белдемше

Тік белдемшені құрастыруда көп жағдайда тізе деңгейіне дейінгі ұзындықты алады. Белдемшенің ұзындық деңгейін -25см,+45см. Бұны белдемше ұзындығы тізе деңгейінен 25см жоғары, 45см төмен етіп алуға болады деп түсіндіреміз.

Сызбаны құрастыруда ЦНИИШП-тің біріңғай әдісі қолданылып отыр

Сызбаны құрастыру алдын ала жасалынған есептен басталады.

Типтік өлшемдегі денелерде Дсп және Дсб өлшемдерінің айырмасы өте белгісіз., ал Дсбп және Д сзп өлшемдерінің айырмасы 1,5-2см. Сондықтан бүйір сызықтың жоғарғы нүктесі бел сызығынан 1,5-2см биіктікте жатады.
Тік белдемшенің базалық торын, алдыңғы және артқы бойларын құрастыру
Тік белдемшені құрастыруды қөлденең және тік сызықтардан тік бұрыш тұрғызудан бастаймыз. Тік сызық алдыңғы бойдың ортаңғы сызығын білдіреді, ал көлденең сызық бел деңгейін білдіреді. Екі сызықтың қиылысқан нүктесін Т деп белгілейміз.

Бел деңгейі

Т нүктесінен көлденең сызық жүргізу арқылы табамыз.



Бөксе деңгейі

Т нүктесінен төмен қарай ТБ=0,5Дтс-2 шамасы арқылы тауып Т нүктесінен төмен қарай тік сызықтың бойымен ТБ кесіндісіне тең шаманы саламыз. Табылған Б нүктесі арқылы оңға қарай көлденең сызық жүргіземіз. Сурет 4



Сурет 4 Тік белдемшенің базалық торы
Белдемше ұзындығы

Т нүктесінен төмен қарай төменгі деңгейін ТН=Дю шамасына тең кесіндіні Т нүктесінен төмен қарай тік сызықтың бойымен саламыз. Табылған Н нүктесі арқылы оңға қарай көлденең сызық жүргіземіз.



Белдемше ені

Б нүктесі арқылы көлденең сызықтың бойымен оңға қарай белдемшенің енін анықтайтын ББ1=Сб+Пб кесіндісін саламыз. Б1 нүктесі арқылы тік кесінді жүргіземіз.Бұл тік кесіндінің Т және Н нүктелері арқылы жүргізілген көлденең кесінділермен қиылысқан нүктелерін Т1,Н1 деп белгілейміз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет