Бөксе деңгейіндегі артқы бойдың ені
ББ2= 0,5(Сб+Пб)-1,0 шамасымен анықтап, Б2 нүктесін тауып сол нүкте арқылы тік сызық жүргіземіз. Бұл тік сызықтың Т және Н нүктелері арқылы жүргізілген көлденең сызықтарымен қиылысқан нүктелерін Т2 және Н2 деп белгілейміз.
Артқы және алдыңғы бойдың бүкпелерінің орны
ББ3=0,4 ББ2, Б1Б4=0,4 Б1Б2 шамалары арқылы табамыз. ББ3 кесіндісі Б нүктесінен оңға көлденең, Б1Б4 кесіндісі Б1 нүктесінен солға көлденең кесінді бойымен салынады. Табылған Б3 және Б4 нүктелерінен жоғары перпендикуляр тұрғызылып, Т нүктесі арқылы жүргізілген көлденең сызықпен қиылысқан нүктелерді Т3 және Т4 деп белгілейміз. Базалық тор 5 тік және 3 көлденң сызықтардың жүйесінен құрылды.
Бел сызығында бүкпелер енін анықтау
Бөксе мен бел өлшемдерінің айырмасын бел сызығындағы бүкпелерге бөлеміз. Бүкпелер қосындысы: ∑В=(Сб+Пб) - (Ст+Пт) тең болады.
Бүкпелер адам денесінің шығыңқы нүктелеріне бағытталғын.Бүкпелер типтік денелерде алдыңғы бой, артқы бой, бүйір бағытта болып бөлінеді.
Бүйір бүкпе шамасы 0,5∑В болады. Т2 нүктесінен екі жаққа бірдей көлденең сызық бойымен бүкпе шамасын бөліп саламыз.
Артқы бойдың бүкпесінің ені 0,35∑В болады. Т3 нүктесінен көлденең сызықтың бойымен екі жаққа бүкпе шамасын бөліп саламыз.
Алдыңғы бой бүкпесінің ені 0,15∑В болады. Т4 нүктесінен көлденең сызықтың бойымен екі жаққа бүкпе шамасын бөліп саламыз.
Бел сызығын анықтау
Т20,Т10 нүктелерінің орнын анықтай отырып, бел сызығының орналасуын анықтаймыз.
Н2 нүктесінен тік сызықтың бойымен Дю шамасын салып, Т20 нүктесін табамыз.
Н1 нүктесінен тік сызықтың бойымен Дюсп шамасын салып, Т10 нүктесін табамыз.
Т, Т20,Т10 нүктелерін кесінділермен қосып бел сызығын анықтаймыз.
Артқы және алдыңғы бойдағы бүкпелердің тік сызығын жоғары Т30, Т40 нүктелеріне дейін созамыз.
Сурет 5 Тік белдемшенің артқы және алдыңғы бойларының сызбасы
Артқы бой бүкпесінің ұзындығы 15-17 см, алдыңғы бой бүкпесі 10-12см, бүйір бүкпе ұзындығы 17-20см.
Егер белдемшенің етегі төменгі жағынан сәл кеңейтілген болса, онда бүйір сызықта Б2 нүктесі бөксе деңгейінде жатады да бүкпелер ұзындығын Т30, Т40, Т20 нүктелерінен төмен саламыз.
Бүйір бүкпені лекалды сызықпен, ал артқы және алдыңғы бой бүкпелерін тік сызықпен безендіреміз. Бел сызығын жабық бүкпелер жағдайында лекалды сызықпен безендіреміз.
Егер белдемшенің етегі төменгі жағынан сәл кеңейтілген болса, онда бүйір сызықта Б2 нүктесін Н21, Н22 нүктелерімен қосыпжоғары созамыз
Тік белдемшені жеке өлшемге байланысты құрастыру.
Тік белдемшені құрастыру үшін қажетті өлшемдер:
Ст – белдің жарты шеңбер өлшемі.
Сб – бөксенің жарты шеңбер өлшемі.
Дю – белдемшенің ұзындығы.
Қарастырып отырған жағдайда: Ст-34см; Сб-45см; Дю-56см.
Бұл әдісте алдыңғы бой сызбасы бөлек, артқы бой сызбасы бөлек құрастырылады.
Алдыңғы бойдың базалық торы
Бел деңгейі
Тік белдемшені құрастыруды қөлденең және тік сызықтардан тік бұрыш тұрғызудан бастаймыз. Тік сызық алдыңғы бойдың ортаңғы сызығын білдіреді, ал көлденең сызық бел деңгейін білдіреді. Екі сызықтың қиылысқан нүктесін Т деп белгілейміз.
Бөксе деңгейі
ТБ═ Сб/2 - 3═45/2 – 3 ═19.5см шамаға тең кесіндіні Т нүктесінен тік сызықтың бойымен төмен салып, Б нүктесін тауып, сол Б нүктесі арқылы көлденең сызық жүргіземіз.
Алдыңғы бойдың енін
ББ1═Сб/2═45/2═22.5см шамаға тең кесіндіні Б нүктесі арқылы жүргізілген көлденең сызықтың бойынан оңға салып, Б1 нүктесін тауып, сол Б1 нүктесі арқылы тік сызық жүргіземіз. Бұл тік сызықтың Т нүктесі арқылы жүргізілген көлденең сызықпен қиылысқан нүктесін Т1 деп белгілейміз.
Белдемше ұзындығын
Белдемшенің ұзындығын ТН═Дю═56см шамаға тең кесіндіні Т нүктесінен тік сызықтың бойымен төмен салып, Н нүктесін тауып, сол Н нүктесі арқылы көлденең сызық жүргізіп, С нүктесі арқылы жүргізілген тік сызықпен қиылысқан нүктесін Н1 деп белгілейміз.
Алдыңғы бойдың базалық торы 2 тік, үш көлденең сызықтар жүйесінен құралды.
Достарыңызбен бөлісу: |