Киіз үй қазақ халқының бір шегесіз жиналып, бір шегесіз құрылатын, қыста жылы, жазда салқын, көшіп-қонуға ыңғайлы тұрмыстық үй



бет17/19
Дата17.05.2020
өлшемі0,82 Mb.
#69118
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Киіз үй

I.                  Кіріспе

«Математика анық ақиқат білім

береді және басқа ғылымдардың

дамуына күшті ықпал жасайды.

Барлық  табиғат дүниесін зерттеудің,

                                                                    ғылыми жаңалық ашудың ең сенімді

әдісі»

                                                                                                   Әл-Фараби.



Мектеп қабырғасына келгелі қазақтың ұлттық бұйымдары мен салт-дәстүрін, ділін, тінін, ұлттықмұраларын қадірлеп, сақтауды әрбір сабақта үйреніп келеміз. Мен 5-сыныпта математика сабағынан «тік төртбұрыш, шаршы» тақырыбын өтіп, үйге келгенде алғаш рет қолдан тоқылған кілемнің өрнектерін көрдім. Содан бастап мені қазақтың ұлттық бұйымдарындағы ою-өрнектер, үй жиһаздарындағы кескіндер қызықтыра бастады.

Әрбір сабақта ұлттық мұралардың математикалық айшықтары маған таныс бола берді.осы пікірімді ортаға салудың бір реті енді келгендей, өзімнің қысқаша пікірімді айтқым келеді.

Қазақ халқының әрбір тиым, ырым сөздерінің бәрі математикамен шатысып, байланысып жатыр. Әрбір үй мүлкіндегі өрнектер ғана емес, кейінгі ұрпақтарға айтқан ақыл сөздерінің бәрінің астарында математикалық үлкен ғылым жасырынып жатқандай. «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші ұлттық бұйымдарымыздағы математиканы терең зерттеу, оның жаңа жолдарын табу, алдағы ұрпақ біздің міндетіміз.

Біз сөз еткелі отырған қазақ халқының көне мұрасы, киіз үй мен қазақ жиһаздарындағы айшықты өрнектерден бастайық әңгімені.

Қай халықтың да өнеріне, бейнелеу өнеріне көз салсақ, сол халықтың  әсемдік талғамы мен танымына, эстетикалық көзқарасна орай, белгілі бір қол өнер түрінің  дамып отырғанына көз жеткіземіз.

Осытұрғыдан алғанда ою-өрнек өнері қазақ халқының өмір тіршілігінде  айрықша орын алып, ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса дамып келе жатқан өнер түрі. Жалпы қазақ халқының тұрмыс тіршілігінен ою-өрнек қатыспайтын саланы табу қиын. Ою-өрнек элементтерін біз қазақ халқының үй жихаздарынан ғана емес, киімдерінен де, зергерлік бұйымдарынан да молынан табамыз.

 

Қазақтың алғашқы ою-өрнек үлгілерін байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері мұраларынан ұшыратамыз. Ою-өрнек үшін симметрияның маңызы зор. Оның тең өлшеммен түсуі симметрия заңы. Симметрия кез-келген ою өрнекте болады. Академик Ә.Марғұланның сөзімен «қазақ халқы кілең ою өрнек дүниесінің  ортасында өмір сүреді»-деуі, ерте заманнан бері келе жатқан алуан түрлі бай өнердің мұрагері екені даусыз.



Ұлттық бұйымдарымыздың ішінде қазақ халқының баспанасы болған бай қазыналардың бірі — киіз үй, оның әрбір жиһаздарындағы математикалық есептеулерге тоқтала кетейік.

Сан алуан кескіндерде есептеулерді үйлесімділікпен енгізу арқылы сан ғасырлар бойы бірге жасасып, біте қайнасып өзінің айшықты бояуын солғын тарттырмай , ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқанбай қазыналарының бірі – киіз үй. Ата бабаларымыз ерте замандарда ғылым мен білімге қолы жетпесе де, өмірлік тәжірбиеден оқып үйреніп, толғай біліп, шеберліктің сан-саласын асқан ұқыптылықпен сақтап, біздің дәуірімізге жеткізе білген. Бізге жеткен сол киіз үйдің бөлшектері қандай?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет