Киіз үй қазақ халқының бір шегесіз жиналып, бір шегесіз құрылатын, қыста жылы, жазда салқын, көшіп-қонуға ыңғайлы тұрмыстық үй



бет9/19
Дата17.05.2020
өлшемі0,82 Mb.
#69118
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Байланысты:
Киіз үй

Міндеттері:

Болжамы:

Қазақ халқымыздың ешбір елге ұқсамайтын дүние танымы мен ғылыми түсініктері – ұлы даналық екендігін баршаға жеткізу 

Күтілетін нәтиже:

Осы жобадағы мәліметтер арқылы келешек жас буын   халқымыздың дана, шебер екендігінің тағы бір дәлелі – киіз үйді ғылыми қырынан танып, ата – бабадан қалған мирастың  қадір – қасиетіне көз жеткізеді. 

Қазақ халқының сан ғасырлық ақыл — ойының, өмірлік тәжірибесінің, табиғатты түсінуінің , оған икемделуінің  ең көрнекті туындысы – киіз үй. Өмір сүру ерекшелігіне қарай, көшіп – қонуға ыңғайлы, әрі жеңіл, әрі қолайлы баспананың пайда болуы табиғатқа бейімделу еді. Сонымен қоса, бұл табиғи заңдылық. Бүкіл жан-жануарлардың баспаналары дөңгелек, сера пішінді болатындығы белгілі. Мысалы, аю, қасқыр апандары дөңгелек үңгір етіп жасалады. Апанның ауыздары оңтүстік—шығысқа қарап қазылады. Торғайдың, құстардың  ұясы да сфера пішінді болады. Міне қазақтың киіз үйі де,  осындай заңдылық бойынша жасалған.

Киіз үйдің құрылымдық ерекшелігін қарасақ, жинақылығы мен ыңғайлылығы, өз алдына, сәулеттік шешімі мен пішіні сырт тұлғасы мен өзі  ерекше сұлулығымен дараланып тұрады. Ғалымдар мен мамандар киіз үйді сәулет өнерінің әлемдік ең озық үлгісінің бірі деген пікірде. Шындығында, бұл асыра айтқандық емес. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет