«Асық ату - алшы» қимылды ойыны
Ережесі:
Үш бала шығып сақаларын лақтырады. Бірінші кезекте –алшы
түссе, екінші кезекте – тәйке түссе, үшініш кезекте – бүк түссе,
төртінші кезекте – шік түссе осылайша ойын жалғаса береді.
Мақсаты:
Балаларға асық ойындары жайында білім беру. Асық ату,
ойлау дағдыларын қалыптастыру, Ептілікке баулу.
«Білектесу» қимылды ойыны.
Ережесі:
Ойыншылар бір-бірмен білектесіп жарысады. Екі бала
бір-біріне қарама-қарсы отырып, шынтағын үстелге тегіс
тигізе, қол күштерін сынасады.
Мақсаты:
Балаларды жылдамдыққа, ептілікке, шымырлыққа тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |