«Соқыр теке» қимылды ойыны
Ережесі:
Ойыншылар дөңгеленіп тұрады. Бір баланың көзін байлап,
ортаға шығарады.Айнала тұрған балалар «Соқыр теке» тиіп,
қашып жүреді. Оның қолына түскен бала ойында ары
қарай жалғастырады.
Мақсаты:
Балаларды жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
«Тоғанда балықтар жүзеді» қимылды ойыны
Ережесі:
Балалар әуенмен балықтардың қимылын салып жүреді.
Белгі берілгенде «балықтар» сол қимылда тоқтап қалады.
Байқаусызда қозғалып қойған «балық» ойыннан (судан) шығады..
Мақсаты:
Елестету арқылы баланы өз бетінше бейнелей алуға үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |