«Біз тамшылармыз» қимылды ойыны
Ережесі:
Балалар тамшы бейнеленген тәж киеді. Педагог бұлт кейпіндегі тәж
киеді. Ол бұлт –анасы, ал тамшылар-балалары. Тамшылар бұлтты
жүреді, секіреді. Бұлт оларды жер бетіне қыдыруға жібереді. Оларға
өздерін жақсы ұстау керектігін, өсімдіктерді суару керектігін, жер бетін
жуып қайта оралуларын ескертеді. Балалар жан-жаққа тарап, сосын қайта
бір жерге жиналып, бірінен кейін бірі судың жылға боп аққанын көрсетеді.
Педагогтың нұсқауымен олар жылғаның суы жиналып (екі қатарға)
өзенге айналғанын көрсетеді. Өзен ағып, теңіз болады(балалар үлкен
шеңбер жасайды). Бұлт ана олардың тамшы екендігін ескертіп, үйлеріне
шақырады. Теңіз буланып балалар тамшыға айналып, біртіндеп
бұлтқа айналады.
Мақсаты:
Ептілікке, жылдамдыққа, дәлдікке үйрету.
«Күн, су, ауа » қимылды ойыны
Ережесі:
«Күн!» дегенде балалар қуанып ойнап жүреді. Өсімдік болып
өседі. Өйткені, өсімдіктер күн жылуын қажет етеді, жақсы
көреді. «Су!» дегенде балалар балықтар сияқты суда жүзеді.
«Ауа!» дегенде құстар сияқты, ұшақ секілді ұшады.
Осылайша ойын әуенмен жалғаса береді.
Мақсаты:
Бір-біріне деген қамқорлыққа, достыққа, сүйіспеншілікке,
еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |