«Кім тезірек жалаушаға жетеді?» қимылды ойыны
Ережесі:
Балалар екі топқа бөлінеді. Ортада бір бала екі жалаушаны
ұстап тұрады. Екі топтан екі-екіден ойыншылар кезектесіп
шығып, жалаушаға жүгіреді. Кім тезірек жетіп алады, сол
топ жеңімпаз атанады.
Мақсаты:
Ептілікке, жылдамдыққа, дәлдікке үйрету.
«Бағдаршам» қимылды ойыны
Ережесі:
Балалар шеңберде тұрады. Бір бала бағдаршам. Ол қызыл
түсті көтергенде бір адым артқа, сары түсті көтергенде
орындарында тапжылмай тұрады, жасыл түсте бір адым
алға жылжиды.
Мақсаты:
Елестету арқылы баланың өз бетінше бейнелей алуға үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |