«Көкпар» қимылды ойыны
Ережесі:
Балалар екі жаққа теңдей бөлініп тұрады. Берілген белгі
бойынша балалар ортадағы қошақанға жүгіреді. Кім бұрын
жетті, сол алады. Сосын бір-біріне лақтырып қашады.
Екінші топтың ойыншылары қошақанды алуға тырысып,
қуады. Ойын осылайша жалғасады.
Мақсаты:
Жылдам жүгіруге, көздеуге, ептілікке үйрету, күштілігн арттыру.
«Мысық пен торғайлар» қимылды ойыны
Ережесі:
Балалар шеңберге тұрады. Санамақ арқылы бір бала мысық
болады. Қалған балалар торғай. «Мысық ұйықтады!»
дегенде торғайлар жем шоқуға шығады. «Мысық оянды!»
дегенде торғайлар мысықтан үркіп қашады. Ұсталған бала
ойыннан шығады.
Мақсаты:
Елестету арқылы баланы өз бетінше бейнелей алуға үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |