«Орамал тастамақ» қимылды ойыны
Ережесі:
Әуенмен балалар дөңгеленіп отырады. Сол кезде бір бала
ортаға шығып орамалмен әндетіп жүреді.Әуен тоқтағанда ойын
бастаушы ортада тоқтап қалуы керек. Сол кезде екі бала
жүгіріп келіп, оны алып үлгеруі тиіс.Орамалға кім бірінші келеді,
сол бала жеңімпаз атанып,ойынды ары қарай жалғастырады.
Мақсаты:
Балаларды әуенмен жүруге, дәлдеп орамалды екі жаққа қоюға,
ептілікке тәрбиелеу.
«Қыз қуу» қимылды ойыны.
Ережесі:
Ұл бала мен қыз бала атқа мініп, ереже бойынша бірін – бірі
қуады. Қызға жеткен ұл оның бетінен сүюі шарт.
Ал, жете алмаса, келесі айналымда қыз ұлды қамшымен ұрады.
Мақсаты:
Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу. Қызды сыйлауға, икемділікке, ептілікке үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |