«Қыз қуу» қимылды ойыны.
Ережесі:
Ұл бала мен қыз бала атқа мініп, ереже бойынша бірін – бірі қуады.
Қызға жеткен ұл оның бетінен сүюі шарт. Ал, жете алмаса, келесі
айналымда қыз ұлды қамшымен ұрады.
Мақсаты:
Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Қызды сыйлауға, икемділікке, ептілікке үйрету.
«Қарғымақ» қимылды ойыны
Ережесі:
Балалар екі жақтан екі арқанды ұстап тұрады.
Ортасынан балалар біреулеп қарғып секіреді.
Мақсаты:
Балаларды жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |