Назерке әр қайсысы 2 кг 3 дорба ұн сатып алды. Ол барлығы неше кг ұн сатып алды? ( 6 кг )
50 кг картоп және 25 кг сәбіздің 30 кг тамаққа пайдаланды. Неше кг көкөніс қалды? ( 45кг)
Бір себетте 27 кг шие, ал екінші себетте одан 13 кг артық шие бар. Екінші себетте неше килограмм шие бар? (40кг)
Ағашты он бөлікке бөлу үшін оны неше жерінен кесу керек. ( 9)
Екі санның арифметикалық ортасы 23, ал олардың айырмасының жартысы 5, үлкен санды тап.
( 28,18 )
Қарындаштың бірінші қорабында 12 қарындаш бар, ал егер оған тағы 8 қарындаш салса, екінші қораптағы қарындаштар саны бірдей болады. Алғашқыда екінші қорапта неше қарындаш болған?
( 20)
Қарақат 1 айдың ішінде 4 көркем әдебиет оқыды. Сонда Қарақат апта сайын неше кітап оқыды?
(Апта сайын 1 көркем әдебиет оқыған)
Ұста 32 г темір жұмсап, 4 шеге жасады. 400 г темірден осындай неше шеге жасауға болады?
( 32:4 =8г 400:8 =50 )
Екі таңбалы санның цифрларының орнын ауыстырса, берілген сан 27-ге артады. Цифрлардың айырмасын тап. (Ж: 3 Берілген екі таңбалы сан 47-нің орнын ауыстырсаң 74 болады. 74 саны 47-нің 27-ге артқанын көрсетеді)
Ең үлкен цифрлары әр түрлі үш таңбалы санды бөлетін санды табыңыз. (Ж: 3 Ең үлкен цифрлары әр түрлі үш таңбалы сан 987 санының қосындысы 9+8+7=24 24 бөлетін сан 3)
12-ге бөлінетін екі таңбалы сандардың ең үлкені мен кішісінің айырмасын табыңыз. ( Ж: 84 Ең үлкені 96, ең кішісі 12 болса, онда 96-12 =84 )
Цифрлары әр түрлі ең үлкен және ең кіші үш таңбалы сандардың айырмасын тап.
( Ж: 987-102=885 )
Дүкенге 15л және 19л бидондармен 215 л сүт әкелінді. Барлығы неше литр сүт әкелінді? (Ж: 15л•8+19•5=215 120+95=215 8+3=11 бидон)
640 санның сегіздіктер қосындысына бөлінетін 20-ға тең бөлу үшін 8 санының неше рет қосылғыш ретінде алу керек? ( Ж: 640:20=32 32:8=4 )
Әкесі баласынан 4 есе үлкен. 20 жылдан кейін ол баласынан 2 есе үлкен болады. Сонда әкесі мен баласының жастары қазір қаншада? ( Ж: Әкесі 40-та, баласы 10-да)
Мектепте бірдей бағамен сатып алынған қазақ батырларының 6 портреті және қазақ билерінің 4 портреті ілінді. Оларға барлығы 1960 теңге төленді. 4 портрет неше теңге тұрады? (Ж: 6+ 4 =10 1960 : 10=196 196 • 4=784 теңге )
Алихан үйлері 1-ден 34-ке дейін номірленген қысқа көшеде тұрады. Осы үйлердің номірлерінде 3 саны неше рет келеді? ( 4 )
Амина бір сан ойлады. Ол сол санға 5-ті қосты, кейін 3-ке бөліп, 4-ке көбейтіп, 6-ға азайтты да 7-ге бөлді. Нәтижесінде 2 саны шықты. Бастапқыда Амина қандай сан ойлады? ( 10 )
Сабина бір сан ойлады. Ол сол санды 7-ге азайтты, кейін 10 есе кеміткенде, бастапқы саннан 34-ке кем сан шықты. Бастапқыда Сабина қандай сан ойлады? ( 37 )
Дінмұхаммед бір сан ойлады. Ол сол санды алдымен 52-ге көбейтіп, нәтижесін 5 есе кеміткенде өзінен 1974-ке көп болатын бастапқы санды тап деді. Ол қандай сан? ( 210 )
Ұлжан екі санның қосындысын 180, сол санның үлкенін кішісіне бөлгенде 5 шығады деді. Ол қандай сандар? ( 150 мен 30 )
Бір айда үш жексенбі күні жұп сандарға келді. Сол айда 20 саны аптаның қай күніне келеді? ( Бейсенбі)
Үш қораптың ішіне екі – екіден 6 гирь (1г,2г,3г,4г,5г,6г) салынған. Бірінші қораптағы гирлердің барлық салмағы – 9г, ал екінші қораптағы гирлердің барлық салмағы – 8г. Үшінші қорапта қандай гирлер жатыр? ( Ж: Бірінші қорапта 5 г және 4г, екінші қорапта 6г және 2г, үшінші қорапта 3г және 1г
Екі қорапта 30 дәптер бар. Егер бірінші қораптан 2 дәптерді алып, екінші қорапқа салғанда, бірінші қораптағы дәптер саны екінші қораптағы дәптер санынан екі есе кем болады. Әр қорапта неше дәптер болған? (Ж: 30 : 3 = 10 10 – 2 = 8 10 * 2= 20 20 + 2= 22 )
Кеше Омардың туылған күні болды. Ертең бейсенбі болады. Омардың туылған күні қай күні болды.