Басты көшенің бір жағындағы барлық үйлер 1-ден 19-ға дейінгі тақ сандармен, ал қарсы жағындағы барлық үйлер 2-ден 14-ке дейінгі жұп сандармен орналасқан. Бұл көшеде барлығы неше үй бар? ( 15 )
Түрлі – түсті бір- бір қораптан қалам алу үшін Каусардың 70 теңгесі Мөлдірдің 20 теңгесі жетпейді. Олар екеуі теңгелерін қосып еді ақшалары бір қорап қаламға да жетпеді. Сонда бір қорап қалам неше теңге тұрады? ( Бір қорап қалам 80тг тұрады)
Бірдей цифрлармен жазылатын сан шығу үшін 142 857-ні нолге тең емес қандай санға көбейту керек? ( 142 857 • 7 = 999 999)
Табақты таразыда массасы 47 г кесек мырышты мынадай бес гір тас жиынтығы көмегімен қалай теңестіруге болады: 1г, 3г, 9г, 27г,81г ?
(Ж: Таразының бір табақшасында 47г кесек мырыш және де 1г, 9г, 27г гір тастар. Таразының екінші табақшасында 3г, 81г гір тастар.)
Электрондық сағаттың таблосы 17:13 көрсетіп тұр. Келесі жолы сағат пен минуттың қосындысының мәні осындай болғанда электрондық сағат қандай уақытты көрсетеді? ( 18: 12)
Тура теңдік шығу үшін А және Б әріптерінің орнына қандай цифрларды қою керек?