тең аяқталған кездесудегі есеп 0 : 0 , ал ұтқан кездесудегі есеп 3 : 0 .
Екі санның қосындысының мәні 715-ке тең. Сандардың біреуі нөлмен аяқталады. Егер осы нөлді бастыра сызса, онда екінші сан шығады. Осы сандарды тап. ( 650+65=715)
1 сағат 25 минут қалып қойып, 1 сағат 50 минут уақытты көрсетіп тұр. Егер екінші сағат 15 минут алға озып кеткен болса, қай уақытты көрсетеді?
( Ж: 1 сағ 50 мин +25 мин =2 сағ 15 мин 2 сағ 15 мин +15 мин = 2 сағ 30 мин )
Барлық цифрлары әр түрлі ең үлкен алты таңбалы санды жаз. ( 987 654 )
Теңдік тура болатындай етіп жақшалар қой:
15 – 35 + 5 : 4 = 5
( Ж: 15 – (35 + 5) : 4 = 5 )
Шахмат турниріне 7 адам қатысты. Олардың әрқайсысы бір – бірімен бір партиядан ойнады. Олар барлығы неше партия ойнады?
( Ж: 6 • 7 = 42 )
Тік төртбұрыштың ауданы 91см² . Оның бір қабырғасының ұзындығы 13 см. Тік төртбұрыштың барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы неге тең? ( 40 см)
Егер Рамазан Жүнісбекке 300 тг берсе, олардың ақшалары теңеседі. Жүнісбектің ақшасына қарағанда Рамазанның ақшасы қанша артық?
( 600 тг артық)
Аулада тауықтар және ешкілер жүр, бірге есептегенде олардың барлығы 44 аяқ және 14 бас болды. Аулада неше тауық неше ешкі жүр?