Тангенстер әдісі Бұл әдісте алдын ала индикаторлық зат концентрациясының жылдамдық өзгерісінін уақытқа тәуелділік графигін құрамыз. Мұндайда дифференциалдық та, интегралдық та әдістер пайданыла береді. Реакция жылдамдығы бастапқы уақыт сәтіндегі кинетикалық қисықтың көлбеулік бұрышының тангенсімен немесе концентрация-уақыт координатындағы түзудің еңкею тангенсімен сипатталады.
Әдетте, көлбеулік бұрыштарының тангенстерінің анықталатын заттың бастапқы концентрациясына тәуелділігі түзу сызықты. Бұл жағдайда кинетикалық тәжірибенің қалғандары да тұрақты күйде болуы керек. Осы тәжірибе кезінде алынған мәліметтердің негізінде сол координатта калибрлеуші график тұрғызады: реакция жылдамдығы (тангенс)-талданатын заттың бастапқы концентрациясы, осы бойынша зерттелінетін ерітіндідегі концентрацияны анықтайды.
Тангенстер әдісі әр түрлі реакцияларда жемісті қолданылуда, ол өзінің дәлдігі жағынан кинетикалық талдау әдісінде пайдапанылағын қалған барлық өңдеулерден артық.