Белгіленгенконцентрация әдісі Бұл әдіс индикаторлық заттың концентрациясы белгілі бір алдын ала таңдап алынған мәнге жеткенге дейінгі уақытты өлшеуге арналган. Өзінің реті, мәні жағынан бұл әдіс белгіленген уақыт әдісіне ұқсас және мұнда да нәтижені есептеу үшін сондағы теңдеулер пайдаланылады.
Дифференциалдық және интегралдық есептеу варианттарының екеуінде де бір координата тұрғызады, мысалы, катализаторлық реакциялар үшін: Скт - І/t. Алайда, бұрышының тангенсі әр түрлі болады теңдеулерден туындайды:
Ckm=x/k' a t
Бұл әдіс те дәлдігі бойынша алдындағыларға ұқсас.
Интегралды нұсқада белгісіз концентрацияны анықтаудың барлық әдістері ұқсас, тек реакция уақыты мен индикаторлық зат концентрациясы арасында күрделі функционалды байланыс болады. Бұл жағдайда уақыт бойынша сызықтық түрде өзгеретін индикаторлық заттың концентрациялық функциялары табылған (логарифмдік, кері және т.б.).