Кинетикалық талдау әдісі. Әдістің теориялық негіздері Заттың құрамын кинетикалық мәліметтер бойынша анықтау


Анықталынатын катализатородағы металл



бет8/8
Дата07.02.2022
өлшемі233,83 Kb.
#88410
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Талдаудың кинетикалық әдістерінің жіктелуі

Анықталынатын катализатородағы металл

Индикаторлық реакция (активатор)

Смин, мк/мл

Ti (IV)

V (V)


0 - Фенилендиамии - Н2О2 Nn (2)
0 - Фенилендиамии - Н2О2 Nn (2) (комплексі)
I - Н2O2
0 - Фениендиамин - КВrО3( тайрон)
О-Феннетидин - КВrO3 (сульфоцалицил қышқылы)

5 • 10-4
1 • 10-3
1 • 10-3
1 • 10-5
5 • 10-5

Сr (VI)

Сr (III)

Mn(II)


1,5-Дифенил-аминопиразолин - КВrО3
0-Дианизидин - Н2О2(п-аминобензой қышқылы)
Люминол - Н2О2
0-Дианизидин - Н2О2 (ү-пиколил)
Люминол - Н2О2 (О-фениатролин және цитрат)

5 • 10-5
1 • 10-5
1 • 10-5
2 • 10-5
5 • 10-6

Ғе (III)

N-(n- Метоксифенил)-М
Н2O2 (1,1 0- фенантролин)

5 • 10-4
1 • 10-5

Co (II)

Ni (II)



Cu(II)

п - фенетидин - КIO4 (2,2' - дипиридил)
Люминол - NaS2O8
Гидрохинон-H2O2 (2,2-дипсридил, ДМФА ,30%)
Гидрохинон-Н2O2 (2,2-ди перидил)

3 • 10-8
8 • 10-4
4 • 10-6
2 • 10-4

Талдаудың кинетикалық әдістері өте сезімтал болып келетіндіктен тым аз мөлшерді (103 - 10-6 МКГ) анықтау үшін қолданылады. Олар таза асқан таза заттар мен материалдарды талдау үшін қажет. Элементтердің периодтық кестесіндегі елуден астам элементтерді анықтаудың көптеген кинетикалық әдістері белгілі. Жайшылықта, яғни катализатор жоқ кезде өте баяу жүретін сутегінің асқын тотығы мен йодид анионының арасындағы әрекеттесу реакциясы жиі колданылады:
Н202 + 2Г + 2Н+ = I2 + 2Н20
Бұл реакция молибден, вольфрам, цирконий, гафний, ниобий, тантал және сол сияқты басқа да Элементтердің аз мөлшері, тіпті іздік шамасы катынасқанда бірнеше минутта аяқталады. Реакция барысы крахмал мен йод екеуінің көк түсті бояу беретін сипаты бойынша, ал оның жылдамдығы ерітіндінің оптикалық тығыздығын өлілеу арқылы анықталады. Реакция сезімталдығы жоғарғы дәрежеге жетеді.
Кинетикалық әдіс көмегімен жалпы емес, тепе-теңдіктегі концентрация жиі анықталынады, бұл жай ерітінділердегі әр түрлі тепе-теңдік күйін зерттеуге мүмкіндік береді (комплекс түзілуі, қышқылды-негізді әрекеттесу және басқалар). Бұрын да айтылғандай, бұл әдістің спектрлік және электрохимиялық талдаудан сезімталдығы жоғарылау. Мұндай талдаулар тез, әрі жеңіл жүреді және күрделі аспаптарды қажет етпейді. Анықтау кезіндегі салыстырмалы қателік он процент шамасында. Кейбір жағдайларда кинетикалық әдіс талғамды сипатта болады. Каталиттік реакциялардың өзіне тән ерекшелігі - енгізілген тиісті реактивтермен белсенді каталиттік қоспасын бүркемелеу арқылы артады.
Мысалы, тиосульфат пен темір (III) катионының арасындағы реакция:
2Ғе3+ + 2S2O2-3 =2Fe2+ + S4O2-6
Бұл реакция тек Сu(II) катионының катынасуымен ғана катализденеді және ол басқа көптеген элементтер қатынасқан кезде де мысты анықтауға мүмкіндік береді.
Жоғарғы каталиттік белсенділік белгілі бір функционалды топтарды бар белоктық зат тобындағы ферменттерге тән. Ферменттік реакциялардын басты артықшылығы - олардың жоғарғы әсерлігі мен талғамының жоғарылығы. Ферменттер реакция журетін ортадағы бір затты басымырақ катализдейді және осы затты талдауға да осы ферментті жиі қолданады.
Қорытынды
Талдау шарттарын қатаң сақтаған кинетикалық әдістер (оның ішінде ферментативті), дәлдігі бойынша басқа әдістерден кем түспейді, жеткілікті мәнерлі және автоматтандыруға оңай. Аналитикалық химия практикасында келесі әдістер қолданылады:

  • ұқсас қасиеттері бар органикалық қосылыстардың қоспаларын талдау кезінде (каталитикалық емес нұсқа);

  • табиғи-өндірістік объектілердегі 3d-элемент иондарының, платина металдар тобының, бірқатар аниондардың (I-, Cl-, Br-) және органикалық заттардың іздік мөлшерін анықтау кезінде;

  • биологиялық объектілерде және қоршаған орта объектілерінде улы және дәрілік препараттардың, физиологиялық белсенді қосылыстардың болуын анықтаған кезде (ферментативті әдістер).



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Құлажанов Қ.С.Аналитикалық химия: II томдық оқулық . II - том. Оқулық. Алматы:«ЭВЕРО» баспаханасы, 2005. – 464-468 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет