Кіріспе: Алтын Орданың тарихы


Ноғайлы дәуірінің өрріс алуы жайлы



бет5/6
Дата08.05.2024
өлшемі35,85 Kb.
#201873
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Балтабаева Альбина Алтын Орда ыдырауы

4.Ноғайлы дәуірінің өрріс алуы жайлы
Шоқан Уәлиханов Ноғайлы дәуірін “қазақтың алтын ғасыры” деп бағалаған. Ескілікті ақын-жыраулардың ноғайлыға соқпай өткені жоқ. Оны барынша ұлықтап, көтере дәріптеп жырлаған. Алайда, қазақ ұлысының бір бөлігі Ноғайлы Ордасы туралы түсінігіміз шектеулі боп келді. Осы ақтаңдақты игеру ниетімен “Ноғайлы” атты көлемді еңбек жазып бітірдім.
Ноғайлы Алтын Орда ыдыраған кезде оның өзекті жұрты, ұйытқы тобы, орта­лық астанасы төңірегінде ірге көтерген жаңа мемлекеттік құрылым ретіне оның саяси мұрагері болмағанмен, рухани мұрагері болғанының басы ашық.
Алтын Орда империясында тәңірлік, шамандық, будда, мани, христиан, мұ­сылман діндері бірге қатар тұтылып, ми­дай араласты. Қазіргі көкжиек кеңейген өркениетті заманда осынау діни үрдіс­тердің айдай әлемде басын біріктіре алмай жүргенде, оның бір ғана мемлекет көле­мінде қайшылыққа келмей, төзімділікпен ауызбіршілікте қоян-қолтық өмір сүру феноменін терең зерттеген ешкім жоқ. Алтын Орда бір адамның ғана аузына қараған деспоттық
мемлекет болғанымен, онда ұлтына, дініне қарай бөлу болмады, жекебастық қабілет, тұлғалық қасиет басты өлшемдердің бірі болды.
Алтын Орданың мұсылмандыққа бет бұруы елеулі уақиға еді. Бұл қадамды алғаш жүзеге асырған Берке (1257-1266). Ол 1263 жылы исламды қабылдап, туыс­қаны ирандық Хулагуге қарсы Мысыр сұл­таны Бейбарыспен бітім жасады. Алтын Орда исламды мемлекеттің ресми діні деп жариялағанмен, ол бірден бел алып, біржола орныға қоймаған сияқты. Өзбек хан кезінде (1312-1340) мұсылман діні әлі де әрі-сәрі халде еді. Осы жағдайды Өтеміс қажы жазбалары айқын суреттейді.“Аңыз былай дейді: дінсіз құшынаш­тар мен абыздар төменгідей ғажайыптар көрсеткен. Мәжіліске бір сұбжақы (жбан) бал әкеліп, оған түтік жалғайды. Сұбжа­қыдағы бал тостағанға өзі құйылып, кісі­лер­дің алдына өзі жылжып барады екен. Хан осы құшынаштарды өзінің шайхы­лары санап, жанына отырғызып, үлкен құрмет көрсетер еді.
Бірде Ордаға төрт мұсылман келді. Олар құдайға құлшылық етіп жатқанда­рын­да Өзбек хан мәжіліс шақырды. Сүйік­­ті шайхылары да бірге ілесе келді. Әдет­терінше қалайы ыдыстағы балдарын да ала келіп, түтікке жалғап, тостағандар­ды да қойды. Арада біршама уақыт өтті, балдан балшарап бөлініп шықпады. “Неге бал ақ­пай жатыр?” деп сұрады Өзбек хан. “Орда­ға мұсылмандар келген шығар. Мынау солардың әлегі”, дейді шайқылар. “Іздең­дер, алып келіңдер”, деп әмір етті хан. Таса, қалқаларды тіміскіленіп жүріп, хан күрені сыртында бастарын жерге сал­быра­тып дұға қып отырған төрт бейта­нысқа кезігеді. “Кімсіңдер?” – деп сұра­ды мула­зимдер. “Бізді ханға апа­рыңыз” – болды әлгілердің талабы. Міне, келді. “Кім­сіңдер, неғып жүрген жан­сыңдар?” – деп сұрады хан. “Мұсыл­манбыз. Алла­ның әмірімен сізді

мұсыл­манға енгізуге келдік” – болды әлгілердің жауабы. “Бұ­лар қаскөйлер, сөй­лет­пеңіз, тезірек өлтірі­ңіз”, – деп шулап қоя берді шайхылар. Өзбек сонда тұрып былай деді: “Не үшін өл­тірем? Мен падишахпын. Сендердің еш­қай­сыңда алашақ-берешегім жоқ. Қай­сыңның дінің хақ болса, сонымен бірге бола­мын. Егер бұлардың діні хақ болмаса, бүгін бал неге ақпай қалды? Тез бәсеке ұйымдас­тырыңдар, қайсыңның дінің хақ болса, соған бағынармын”, – деді Өзбек хан.


Әжептәуір ұзақ әңгімені қысқартып баяндағанда тоқетері былай: екі тандыр қазып, өртеп жақты. Біріне мұсылман түсті, екіншісіне шайхылардың бірі түсті. Шайхы елдің көз алдында лап етіп жанып кетті де, мұсылманның міні қурай аман шықты. Нәтижесінде, мұсылман дінінің артықшылығына көзі жеткен Өзбек хан ислам дінін қабылдады.Тандырға түскен мұсылманның есімі БабаТуклас еді.Тілге тиек еткен әңгіме Берке қабыл­даған мұсылман діні Алтын Ордада өркен жая алмай, 60 жылдан кейін Өзбек хан­ның мұсылмандықты қайта қабылдаға­нына көз жеткізеді. Тарихи деректер Өзбектің де, оның ізбасары Жәнібектің де мұсылмандықты қатты тұтынғанын айғақтайды. Алтын Ордада мешіттердің көп салынып, мұсылмандықтың іргесі нығайғаны осы шама болса керек.
Екінші бір маңызды мәселе қазақ жырлары мен әңгіме, аңыздарында жиі кездесетін, орыс ғылыми әдебиетінде бір бөлек, қазақ тарихи жадында бір басқа әліп­телетін Баба Туклас – Баба түкті Шаш­ты Әзиз дерегіне бетпе-бет жолы­ғуымыз. Бұл тарихи тұлға төңірегінде арнайы әңгіме болатындықтан, қазір тоқталып жатпаймыз.
Сонымен, Алтын Орданың рухани мұрагері Ноғайлы жеке, дербес өз шаңыр­ағын тіккенге дейін бұл ұлыста мұсылман жол-жоралғысы орныққан-ды. Алайда, Дешті Қыпшақтың өзге де мұсылмандары сияқты Құран
қағидаларына сай таза мұсыл­мандықты емес, тәңірлік, шаман­дық­пен мидай араласып, біте қайнасқан мұсылмандықты тұтынды. Қыпшақ нәсілді жұрт – өмірге фетешизмді (тасқа, аңға, ағашқа табыну), сосын табуды, ең соңы ата-баба аруағын бәрінен жоғары қою нанымын әкелген халық. Қыпшақ­тың ол діни нанымын тәңірлік, шамдық үрдістер де, ең соңы мұсылмандық та түп орнымен жойып, халық санасынан алас­тай алмады. Мұхаммед (с.ғ.с.): “Маған табынған халық сорлы” деп айтып, жан иесі адамға емес, жалғыз Аллаға табынуды өз үмметіне қатаң уағыз еткенмен, Дешті Қыпшақта ол талап орындалмады.
Ноғайлы негізінен қыпшақ жұрты еді, сондықтан олардың рухани жағынан моңғолға дейінгі қыпшақтармен етене жалғасып жатқанының да басы ашық. Ал қыпшақтардан қалған жазба мұра “Коди­кус куманикусты” беттен қалқып ұққа­нымызбен, терең түсініп, байыбына барғанымыз шамалы.
Осы мұраны ұзақ жылдар аударып-төңкерген орыс ғалым­да­ры да, өзіміздің оқымыстылар да “Кодикус куманикустың” Ватиканда сақтаулы басылымының соңында екі музыкалық шығарманың нотасы барын білмеген. Бұл шындықты қазақтарға жет­кізген Иштван Қоңыр. Ұлт мерейі десе ұшарға қанаты жоқ, ізденімпаз ғалымы­мыз А.Сейдімбеков сол нотаны алдырып, Еуропаның өзі ұмытып қалған байырғы нота әліппесін үлкен машақаттармен біреуге оқытып, тыңдап көрсе, “Кодикус куманикус” нотасынан “Ақсақ Құлан-Жошы хан”, “Елім-ай” сарындарын есітіп, таңғалғанын әңгімелейді.
Қысқа да шағын мәліметте үлкен мән бар: Ноғайлы-қыпшақ мәдениетінің әрі мұрагері, әрі ілгері дамытушысы. “Ақсақ Құлан” сарынының “Елайрылған”, “Көро­ғ­лыда”, “Елім-ай” сарынының Ноғайлы дәуіріне иек артатын “Япыр-ай”, “Қара­ғым-ай” әндерінде қайталануы тегін емес. Күйдегі толғау сарыны, әндегі жоқтау үрдісіндегі мұңды сағыныштар – Ноғайлы
арқылы дамыған қыпшақ ән-күй өнерінің басты лейтмотиві. Ол Қорқыт күйлерінің де алтын тін, үзілмес арқауы. XІІІ ғасырда моңғол ләшкерінен жеңіліс­ке ұшырап, Мажарстанға қашып барып, Бела патша төңірегіндегілердің ұйымдас­тырған бүлігінде суға ағып өлген Қотан ханның тағдырынан хабар беретін “Суға кетті Ер Қотан”, бәл­кім, одан да бұрынғы заманның аужайын аңғартатын “Сай­мақтың Сарыөзенін” Жанақ ақынның қо­бызда шерлейтінін Ш. Уәлиханов жазып қалдырған. Сондай-ақ “Шоқан “Ер Шегедейді” Қанқожа, Досжан, Жанақ, Өтеболаттан жазып алған”.Қыпшақтың музыкалық өнерінің қайнар бастауында осы атаулы күйлер болғаны күмәнсіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет