Диссертациялық жұмыстың теориялық негізі қылмыстық құқық және криминология саласындағы отандық және шетелдік, атап айтқанда ресейлік ғалымдардың еңбектері құрады. Оларға келесі ғалымдар жатады: Алауханов Е.О., Рогов И.И., Балтабае К.Ж., Ибраев А.З., Жұмағали А., Жемпиисов Н.Ш., Антонян Ю.М., Кузнецова Н. Ф., Кудрявцев В.Н., Голоднюк М.Н., Вологина Е.В., Серебрякова В.А., Долгова А.И., Ломброзо Ч., Чернышева Е.Р. және т.б.
Әйелдер қылмыстылығы мәселесі және олардың қылмыстық-криминологиялық ерекшеліктері отандық заң ғылымында аз зерттелген тақырыптардың қатарына жатады.
Зерттеудің эмпирикалық негізі:
- ҚР 2017-2021 жылдарға арналған әйелдердің қылмыстылығы туралы статистикалық деректер; ҚР құқық қорғау органдарының әйелдердің қылмыстылығы бойынша жылдық талдаулары және қызмет тәжірибесіндегі мәселелер.
Зерттеу нәтижесінің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы, оның ішінде:
- криминалогиялық тұрғыдан криминалдық агрессивтіліктің мәні зорлық-зомбылық қылмыстарын жасайтын әйелдердің жеке қасиеті ретінде ашылады, сонымен бірге Қазақстандағы әйелдердің белгілі бір бөлігінің жағдайын сипаттайды;
- әлеуметтік патология нысаны ретінде қылмыстық агрессияға көзқарас анықталды;
- әйелдердің криминалдық агрессиясын қалыптастыру тетіктері және оны іске асыру тәсілдері қаралды;
- қылмыс жасаған әйелдер тұлғасының типологиясы әзірленді;
- криминалдық агрессия механизмінде қылмыскер мен жәбірленушінің өзара іс-қимылына талдау жүргізілді;
- Бұл зерттеудің практикалық мәні тергеп-тексеруді жүргізу, белгілі бір қылмыстың болғанын анықтау, жасалған қылмыстар бойынша оларға тиесілі жазалардың орындалу жағдайлары, осы тектес яғни қоғамға қауіпті әрекеттерді жасаған әйелдерге қатысты алдыналу жұмыстарын уақытылы сондай-ақ ғылыми тұрғыда дәлелденген ұсыныстар мен ұсынымдардың тиісінше көрсетіліп берілгендігінде болып отыр. Осыған орай қазіргі таңдағы өз қолданысымыздағы нормативтік-құқықтық базаны қылмыстылықпен күрес жүргізуде бұдан әрі де барынша жетілдіру үшін беріліп отырған ұсыныстарды ескере отырып, заң шығару процессімен бекітіліп, тәжірибеде қолданылуға жатады.