Кіріспе диссертациялық жұмыстың өзектілігі


Диссертациялық жұмыстың теориялық маңыздылығы



бет4/17
Дата18.08.2022
өлшемі314,74 Kb.
#148146
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Диссертация по новому (1)

Диссертациялық жұмыстың теориялық маңыздылығы. Дипломдық жұмыста қамтылған теориялық ережелер, тұжырымдар мен ұсыныстар, атап айтқанда, республикадағы әйел қылмысының криминологиялық сипаттамасы, әйел қылмысының негізгі тенденциялары мен оны анықтайтын факторлардың өзара байланысының тетігін құру, әйел қылмысының аумақтық айырмашылықтарын анықтау қылмыстың жекелеген түрлеріне қарсы күрестің кешенді аймақтық бағдарламаларын дайындауда және қылмыстың алдын алу, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамалық актілерді дайындауда қолданылуы мүмкін. Жұмыс нәтижелерін жоғары оқу орындарында криминология курсын оқытуда, сондай-ақ осы тақырып бойынша оқу және оқу құралдарын дайындауда қолдануға болады.
Қорғауға шығарылатын негізгі ережелер:
1. Әйелдерге қарсы, отбасылық-тұрмыстық салада жасалған құқық бұзушылықтардың болғандығын ескеріп, олардың өздерінің қылмысқа баруын итермелеу фактілері бойынша қолданыстағы отандық Қылмыстық Кодекстің, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән жайлар қатарына яғни 53- бабының 1-бөлігінің 10) тармағына, «жәбірленушінің құқыққа қарсы немесе азғындық мінез-құлқының болуы, сол сияқты оның отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында қылмыстық құқық бұзушылыққа әкеп соққан бірнеше мәрте құқыққа қарсы әрекеттер жасауы» - деген мазмұнда қылмыстық заңнамаға өзгеріс енгізуді ұсыну.
2. Әйелдердің қылмыстылығының алдын-алу, анықтау, жолын кесу барысында құқық қорғау органдарының жұмысының тиімділігін барынша арттыру мақсатында, оның ішінде отбасылық зорлық-зомбылықтың, отбасылық маскүнемдіктің алдын-алу, балаларды ұрып-соғудан және ата-аналардың қорлауынан қорғауды қамтитын «отбасылық инспекторлардың» лауазымдарын яғни ІІМ-нің қолданыстағы кадр есебінен емес, бөлек жаңадан ұжымдық штат санын көбейту жолымен енгізуді ұсыну.
3. Жазасын өтеуден босатылған адамдарды (әйелдерді) жұмыспен қамтамасыз етудегі (жұмысты бөлу квоталарын орындаудағы) жергілікті атқарушы органдардың қызметіне ұйымдастырушылық талапты төмендегідей шараларды қолдана отырып күшейту:
- әкімдердің қызметін бағалау рейтингіне жазасын өтеуден босатылған адамдарды (әйелдерді) жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған квоталардың орындалуы бойынша мәліметті енгізу;
- мемлекеттік еңбек инспекторларымен жазасын өтеуден босатылған адамдар (әйелдер) үшін жұмыс орындарының квотасын орындау бөлігінде, оның ішінде профилактикалық бақылау жүргізу кезінде кәсіпкерлік субъектілерімен жұмысын күшейту. Заң нормаларын бұзу фактілері анықталған кезде еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету;
- үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру арқылы жазасын өтеуден босатылған адамдарды (әйелдерді) жұмысқа орналастыруға бағытталған шараларды бірлесе (тығыз) жүргізу үшін, мониторингтік топтар құру;
- мемлекеттік еңбек инспекторларына ақпараттарды ұсына отырып, «Электрондық еңбек шарттарының» АЖ-не жазасын өтеуден босатылған адамдар (әйелдер) үшін жұмыс орындары квотасының орындалуын есепке алу және мониторингілеу жүйесін автоматтандыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет