Кіріспе диссертациялық жұмыстың өзектілігі


Диссертациялық жұмыстың нормативтік базасын



бет5/17
Дата18.08.2022
өлшемі314,74 Kb.
#148146
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Диссертация по новому (1)

Диссертациялық жұмыстың нормативтік базасын Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi, Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексі және өзге де қылмыстық заңнамалық актілер құрады. Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының арнайы есеп және құқықтық статистика бойынша Комитетінің мәліметтер базасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының заңнамалық актілері, сот үкімдері кеңінен қолданылады.
Диссертациялық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы. Мінез-құлықтың гендерлік стереотиптерінің криминологиялық аспектілерімен байланысты мәселелерді зерттеудің тәжірибелік маңызы өте зор, өйткені онсыз әйелдер қылмысының криминологиялық алдын-алуды болжау және жоспарлау мүмкін емес. Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы оның тұжырымдары мен ұсыныстары әйелдер арасындағы қылмысқа қарсы күрестің тиімділігін арттыру мәселесін шешуге кешенді көзқарасты жүзеге асырып қана қоймай, сонымен қатар әйелдердің жекелеген қылмыстарды жасау кезіндегі мінез-құлық сипатының ерекшеліктерін ашуға, сондай-ақ олардың қатысуымен жеке тергеу және жедел әрекеттерді дайындау және жүргізу тактикасына сараланған көзқарасты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Әйелдер қылмысының алдын алу үшін маңызды болып табылатын әйелдердің қоғамға қарсы іс-әрекеттерін жасауға ықпал ететін факторлық талдауды одан әрі зерттеу болашақта әйелдер қылмыстылығының динамикасын едәуір төмендетуге септігін тигізеді.
Диссертациялық жұмыстың негізгі ұсыныстары мен нәтижелері ғылыми журнал және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда талқыланды.
Атап айтар болсақ:

  1. Тақырыбы: «Қазақстан Республикасында әйелдер қылмысының алдын-алудың өзекті мәселелері».Қазақстан Республикасының «Central Asian Scientific Journal» ғылыми журналы. 2022 жыл 31 наурыздағы №3(7) шығарылым, Нұр-Сұлтан қ. 75-82 беттер.

  2. Тақырыбы: «Совершенствование принципа профилактической работы с женщинами». "SCIENTIFIC HORIZON IN THE CONTEXT OF SOCIAL CRISES" XI Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы. 2022 жылғы 6-8 сәуірдегі №103 шығарылым, Токио, Жапония қ.

Сондай-ақ, зерттеу тақырыбы аясында қылмыстық заңнамаға өзгеріс енгізу жөніндегі ұсыныстар құқық қорғау органдарынымен талқыланып, бұл бағытағы жұмыстар тәжірибеге енгізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет