Коммуналдық гигиена –гигиена ғылымдарының дербес саласы. Оның мақсаты адам ағзасына табиғи,сонымен қатар адамның іс-әрекетімен байланысты пайда болған факторлардың әсерлерін зерттеу және оның негізінде халықтың денсаулығын және тіршілігінің жағымды жағдайларын қамтамасыз ететін гигиеналық нормалар мен санитарлық ережелерді әзірлеу.
КОММУНАЛДЫҚ ГИГИЕНА
Коммуналдық гигиена –ол елді мекендер жағдайында тіршілік орта факторларының адамның денсаулығына әсерін зерттеуші және осының негізінде халықтың денсаулығын және тіршілігінің жағымды жағдайларын сақтауын қамтамасыз етуші гигиеналық нормативтер мен санитарлық ережелерді құрастырушы гигиеналық тарауы.