Кіріспе І тарау. Оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың ғылыми -теориялық негіздері



бет2/9
Дата25.01.2017
өлшемі2,17 Mb.
#7767
1   2   3   4   5   6   7   8   9

әрекетке баулудың жолдары

2.1 Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулудың технологиясы

Қазіргі педагогика ғылымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Жаңа педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдары мен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, соңғы нәтиже оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.

Бүгінгі таңда мектеп қабырғасында оқытудың айқындалған көптеген технологияларын пайдаланып жатқандығы белгілі. Егер, мектеп-өскелең ұрпаққа жинақталған тәжірибе беру бойынша міндеттерді нәтижелі шешетін болса үздіксіз білім беру идеясы қазіргі заманғы жағдайда іске асуы мүмкін. Өскелең ұрпаққа тәжірибе беруде ақпаратпен жұмыс істеу әдістеріне, жаңа білімдерді құру әдістеріне, ең маңыздысы - әлемнің дамуы туралы білімдердің қажетті деңгейін қалыптастыратын әдістерге үйрету. Сондықтан әрбір оқытушыға және окушыға "оқыту" мен "үйрену" процестерін игеру үшін 3 тілді менгеруі кажет: ана тілін, ғылым тілін және технология.

"Технология" ұғымының мәнін өндірістік процестерге байланысты П.Р. Атутов пен В.А. Поляков "Технология (технологиялық процесс) - өндірістік процестің негізгі бөлігі. Осындай мәнде өндіру, өңдеу, қайта өңдеу, тасымалдау және т. б., өндірісті техникалық бақылау, сондай-ақ өндірістік процестерді сипаттауды және оларды орындау бойынша нұсқауды технология ...." деп айта келе, шикізатты алу, өңдеу және қайта өңдеу тәсілдері мен амалдарын даярлайтын және жетілдіретін ғылыми пәнді технология деп атайтынын жазды.

Педагогикалық іс -әрекет саласында “Технология” деген сөздікті енгізу “индустриялдық” технология (Ф.Б. Гильбрейт, Ф.У. Тейлор және т.б) деген идеаға негізделген және ол оқытуда техникалық жабдықтарды қолданумен байланысты. Білім беру саласындағы педагогикалық технологияның басқа бағыттары оқу материалын талдау технологиясын, мұғалім мен оқушылардың іс -әрекетін (Т.А. Ильина) ұйымдастыруға, сонымен қатар педагогикалық технология ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап ең жақсы нәтижелерге жетудің тиімді принциптер мен әдістерін анықтауға бағытталған.

Педагогикалық технологияға берілген анықтамалар бар, ол: оқыту процесін жүзеге асырудың мазмұндық техникасы (В.П. Беспалько), педагогикалық ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі) оқыту процесін ұйымдастыру мен жүргізуді жобалау барысындағы бірлескен педагогикалық іс -әрекеттің моделі (В.М. Монахов), барлық сабақ беру процесін жасаудың, қолданудың және анықтаудың жүйелі әдісі, білімді меңгерудегі техникалық және адаммен ортаның өзара әрекеттерін ескеру (ЮНЕСКО), мазмұнын қорытындылау (Г.К. Селевко) В.А. Сластениннің ойы бойынша педагогикалық технология деген: ол қатаң ғылыми жоспарлау және дәлірек айтқанда педагогикалық әрекеттің жетістігін қамтамасыз ететін елестету.

Жалпы педагогикалық технологияның тереңдік мағынасы төмендегідей болып табылады.

Біріншіден, педагогикалық технология тәжірибе жүзінде бұрынғы педагогикалық экспериментті жоққа шығарып, оны алдын- ала жобаланған оқу -тәрбие процесс жолына аударады, кейін бұл жобаның сыныпта жүзеге асырылуын камтамасыз етеді. Бұл дидактикалық (тәрбие) түсініктеме тілдерінде мүмкін болып табылады.

Екіншіден, бұрынғы мұғалімдерге арналған сабақ жоспарларынан өзгеше, педагогикалық технология окушының өзіндік жұмыс мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие процесіндегі жоба ұсынады, яғни бұл оқу-танымдық жұмыс жобалануы кез-келген оқушылар санын жоғарғы тұрақты табысқа жетуге болады дегенді білдіреді.

Үшіншіден, педагогикалық технологияның айшықты қасиеті - мақсат білімділік процесі. Бұл педагогикалық технологияның негізгі мәселесі дәстүрлі педагогикадан басты айырмашылығы. Ол екі қырынан талқыланады:

- мақсат білімділіктің болжамы және окушылардың оқу



бағдарламасын сапалы меңгеруін объективті бақылау;

- жалпы тұлғаның дамуы.

Төртіншіден, педагогикалық технологияны нақты педагогикалық жүйе жобасы ретінде білу арқасында оның маңызды қағидаларының бірі - бүкіл оқу-тәрбие процесінің тұтастық қағидасын (құрылымдық және мазмұндық) тұжырымдауға болады. Тұтастық қағидасы педагогикалық жүйенің аралық элементтерінің үйлесімділігі.

1 кесте



Педагогикалық технологиялардың мәні

Эксперт немесе жұмыстың атауы

Педагогикалық технология түсініктемесінің мағыналы мәні

1

2

Т. Сакамото (Жапония)

Ойлауды жүйелі тәсіл негізінде жүйелеп оқыту.

Л.Фридман, Пальчевский (Ресей)

Педагогикалық жүйені жүзеге асырудағы оқу ситуациясының жиынтығы.

Н-Таланчук (Ресей)

Алдағы қойылған мақсаттарға қол жеткізетін іс-әрекеттердің реттік жүйесі.

Білім беру және оқыту технологиясы бойынша Халықаралық жылнама, 1978 ж.

А. Білім беру процесін оңтайландыру принциптері мен тәсілдерін бөліп алу.

Б. Оқытудың техникалық құралдарын пайдалану.



"Білім берудегі жаңа құндылықтар" жобасы, РБА

Педагогикалық жаңалықтар институты, 1995 ж.



Басты білім беру мақсатымен біріктірілген оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың міндеттері мен мазмұны, формалары мен әдістері, өзара байланысты тұжырымдалған тәсілдер мен әдістердің күрделі және ашық жүйесі.

Білім беру процесінің түйінді стратегиясы оның айқын құрылымын болжайды және төмендегідей әрекет реттілігін ұсынады:

Бірінші кезең - оқушының бақыланған іс-әрекетінің жинағы түрінде қажет етілген үлгі негізінде оқытуды жоспарлау.

Екінші кезең - бақыланатын әрекеттердің бастапқы деңгейін анықтау - диагностикалау. Оқушылардың қандай білім алғанын, одан ары танымдық ілгерілеуін жобамен емес әрқайсысын жеке -жеке тексеру.

Үшінші кезең - рецептуралық: оның құрылымында бағдарламалық оқытудың нәтижесі немесе іс-әрекеттің дамуы қарастырылады.М.Чошанов отандық және шет елдік авторлардың педагогикалық технологияларының белгілерін талдай келе:

- диагностикалық мақсаттылық және нәтижелілік оқыту процесінің мақсаты мен тиімділігіне жетуге кепілдік береді; .

- экономикалылығы -оқу уақытының қорын қамтамасыз етеді, мұғалім еңбегін оңтайландырады және аз уақыт ішінде жоспарланған нәтижеге қол жеткізеді;

- түзетушілігі- оперативтік кері байланыстың дұрыс, нақты мақсаттарға бағыт беру мүмкіндігі болатынын көрсетеді.

М.Чошанов "Оқытудың технологиясы" және "әдістемелік жүйе" түсінігін айқындай келе, әрбір ерекшеліктер әрбір белгінің көрсетілуінен тұратынын атап көрсетеді. Егер педагогикалық технологияда бұл белгілер неғұрлым көрнекті түрде көрініс берсе, онда олар педагогикалық, дидактикалық және әдістемелік жүйелерге көрнекті көрсетілуі немесе көрсетілмеуі, не мүлдем көрсетілмеуі де мүмкін. Тағы да бір ерекшелік педагогикалық технологияда педагогикалық және дидактикалық, әдістемелік жүйелерде қатысатын мазмұнды компоненттер оларда көрсетілмеген. Педагогикалық технология немесе оқытудың технологиясы дидактикалық және әдістемелік жүйенің негізгі (процесуалды) бөлігі болып табылады. Мысалы, әдістемелік жүйе мынадай міндеттерді шешуге бағытталған болса:

1. Нені оқыту керек?

2. He үшін оқыту керек?

3. Қалай оқыту керек?

- ол кезде оқыту технологиясы ең алдымен үшінші сұраққа бір ғана

толықтырумен жауап береді.

4. Қалай нәтижелі етіп оқыту керек?

Б.Қуанбаева өзінің зерттеуінде әдістемелік жүйені технологиялық негізде жетілдіруді төмендегідей дидактикалық талаптарының орындалу негізін белгілейді:

а) оқытудың мақсаты диагностикалық операционалды анықтауы тиіс, яғни иерархиялық тізбек түрінде берілген мақсаттар таксономиясы құрылуы қажет;

ә) білім мазмұны мақсаттар таксономиясына сәйкес анықталып, оны анықтау принциптері ізгілендіру тұрғысында қайта қаралуы қажет

б) оқытудың белсенді әдістерін басым түрде пайдаланып, оқыту әдістерінің басты аспектілерін ескерілген үш деңгейлі моделі құрылып, кеңінен пайдалануы қажет;

в) оқытудың формасы оқушының жеке даму траекториясын, сондай-ақ педагогикалық жағдаяттарға сәйкес жеке, жұптық және топтық формалардың тиімді үйлесуін қамтамасыз ететіндей түрде жетілдіруі тиіс;

Оқыту құралдарын жетілдіру компьютерлік техника мен ақпараттық технологияларды олардың дидактикалық мүмкіндіктері нақгы анықталып, дәстүрлі құралдармен үйлесімді бірге пайдалануға бағытталуы қаужет.

Қазіргі таңда көптеген жаңа педагогикалық технологиялар оқу-тәрбие процесінде басшылыққа алынуда (ақпараттық, проблемалық, дамыта-оқыту, т.б.).

Педагогикалық технология оқу үрдісімен - мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты. Оның құрамына Ш.Таубаева мыналар енетінін атап көрсетеді:

А) тұжырымдық негізі.

Ә) оқыту мазмұндық бөлімі:

- оқытудың нақты және жалпы мақсаты;

- оқу материалының мазмұны.

Б) үрдістік бөлім-технологиялық процесс:

- оқу үрдісін ұйымдастыру;

- оқушылардың оқу қызметінің әдістері мен формалары;

- мұғалім жұмысының әдістері мен формалары;

- мұғалімнің материалды меңгеруді басқарудағы іс-әрекеті;

- оқу үрдісінің диагностикасы

Н.Д.Хмель мынадай өлшемдерді бөліп көрсетеді:

- ойдың тұжырымдық негізінің болуы;

- технологияны жасаушылардың тиянақты әдіснамалық



ұстанымының болуы;

- нақты педагогикалық құбылысқа қатынастың жүйелілігі;

- технологияда педагогикалық үрдістің екі жақты сипатының

бейнеленуі;

- педагогикалық үрдіс субъектілерінің орны мен өзара әрекетін анықтау;

- алынған нәтижелерге диагностика жасау мүмкіндігі;

- технологияның кез келген оқу-тәрбие мекемелерінің жүмыс



жағдайында қайта жаңғыртылуы.

Қазіргі педагогикалық технологиялар келесідей негізгі сапаға ие болуы қажет: құрылымға; технологиялық критерийлерге; тұжырымдылыққа жүйелілікке; басқарушылыққа; нәтиже бойынша тиімді және шығын бойынша оңтайлы; өндірушілікке.

Қазіргі білім беру технологияларын Г.К. Селевко технологияның классификациялық параметрлері тұрғысынан: қолдану деңгейі, негізгі дамыту факторы, меңгеру тұжырымы, жеке тұлғаның құрылымына бағдарлау, мазмұн сипаты, басқару типі, ұйымдастыру формалары, балаға ықпал ету тәсілдері, әдістердің басымдылығы, жетілдіру бағыттары, оқушылар категориялары бойынша нақтылап көрсетеді.

Ш.Т.Таубаева оқытудың қазіргі технологияларының аттарын атап көрсетіп, олардың мақсаттарын, тұжырымының және мазмұны мен әдістерінің ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді. Жұмыста педагог-ғалымның зерттеулері басшылыққа алынған:

Ынтымақтастық педагогикасы (Беруллаева М.Н., Селевко Г.К., Тихомиров Н.К., т.б.); Білім беруді ізгілендіру технологиясы (Амоношвили Ш.А., Баженова Н., т.б.);

Ойын арқылы оқыту технологиясы (Коваленко В.Г., Самоекина Н.в., т. б.);

Проблемалық оқыту технологиясы (Оконь В.);

Түсіндіре басқарып - оза оқыту технологиясы (Лысенкова С.Н., Богоявленская Д.);



Деңгейлік саралап оқыту технологиясы ( Селевко Г.К., т.б.) және міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік саралап оқыту технологиясы;

Бағдарламалап оқыту технологиясы (Скиннер Б., Краудер Н., Беспалько В.П.);

Оқытудың компьютерлік технологиясы (Апатова Н.В., Беспалько В.П.);Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы (Эрдниев П.М.);

Математиканы оқытудың есеп шығаруға негізделген технологиясы (Хазанкин Р.Г., Зильбергер Н.И.);

Өздігінен даму технологиясы (Монтессори М., Буторина М., (Хилтунен Е., Корнетов Г.);

Дамыта оқыту технологиясы (Выготский Л.С., Заноков Л.В., Эльконин Д.Б., Давыдов В.В.);

Д.Б. Эльконин - В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы. А.Е.Абуов өзінің зерттеуінде бастауыш сыныпта барлық пәндер үшін кеңінен пайдалануға болатын педагогикалық технологиялардың ішінен төмендегілерді атап көрсетеді:

- дамыта оқыту;

- проблемалық оқыту;

- оқытуды дербестендіру (И.Унт, А.С.Границкая, В.Д.Шадриков);

- компьютерлік оқыту;

- міндетті нәтижелер негізінде деңгейлік саралап оқыту



(В.В.Фирсов);

- балалардың қызығушылықтары бойынша саралап оқытудың



мәдениетке тәрбиелейтін технологиясы (И.Н.Закатова);

- тиімді сабақтар жүйесіне негізделген технология (А.А.Окунев);

- оза оқыту (С.НЛысенкова);

- ойын арқылы оқыту;

- модульдік оқыту (В.М.Монахов).

Педагог-ғалым осы аталғандардан басқа да педагогикалық технологияларға сипаттама береді.

Қазіргі таңда бастауышта "шеберхана" технологиясымен оқыту қолға алынуда. Шеберхана деп аталатын оқыту сипаты негізінен төмендегі мақсатты жүзеге асыруды қарастырады. Оқытудың мақсаты:

- оқытушылық: мәселені қою ептілігіне баулу; жауапты шығармашылық тұрғысынан іздеу іскерлігіне баулу:

- дамытушылық: креативті іскерлікті дамыту:

-тәрбиелеушілік: өзінің шығармашылық қабілеттеріне сенімділікті тәрбиелеу.

Шеберхана француз педагогтарының шығармашылық шеберханасынан дамуды бастау алады. Педагогикалық шеберлік Университетінде оны И.А.Мухина, В.А.Степанова және Университеттің басқа да қызметкерлері сәтті дамытты.

Шеберхана өзінің атауын алу себебі оқушылардың өзі пәндік білім мен ептіліктерді (іскерліктерді) алады және өңдейді, шеберлік барысында оқушылар өздерінің әртүрлі психикалық жағдайларын саналы сезінуге баулыйды және оны басқаруға үйретіледі. Шеберліктің негізгі идеясы окушыларға жеке- дара идеяны ұсыну жеке оны жеке дара, топтық жұмыста дамыту шарттарын құру. Мәселені біргелікте ойлау барысында жаңа мәселені көруге алып баратын саналы деңгейге өту мүмкіндігі болады.

Қазіргі уақытта әртүрлі пәндер, пәндердің әртүрлі тақырыптары бойынша шеберхана әзірленген. Педагогтардың шеберханалық оқытуы, шеберхананы шеберше жүргізуі керек.

И.А.Мухина шеберхананы жүргізу тәжірибесін талдап қорытуға және жалпы алгоритмді бөліп көрсетуге тырысады;

- индукция кезеңі.

- материалмен жұмыс жасау.

- әлеуметтендіру.

- рефлексия.



- индукция фазасы (кезеңі). Бұл кезеңде оқушылар қалыптастырылады, мәселе қойылады. Дәстүрлі оқытуда мәселе болмайды немесе оны мұғалім қалыптастырады. Шеберханада мәселені қатысушылар қояды. Тапсырма оқушының қажеттілігіне (сұранысына) жақын қойылуы қажет, олардың бар тәжірибесіне сүйенуі қажет. Қойылуға ұсынылған мәселе материалдары (сөздер немесе сөз, заттар, суреттер және т.б.) оқушылардың түсіну аймағына сәйкес болуы қажет.

Бастауыш сынып оқушылары үшін еңбек объектілерін (бұйым, оларды талқылау) дайындау ұсынылады. Оқушылар оны дайындаудағы, яғни әрбір операциядағы пайдаланылатын еңбек құралдарын, орындалу технологиясын өздері таба біледі. Мұғалім ол үшін тапсырманы алдын ала әзірлеп, сабақта оқушыларға тапсырманы береді. Олар оны талдап шығып және берілген тапсырманы немесе дайын бұйымдағы ерекшеліктерді операцияларды айқындауы қажет.

Қазіргі таңда бұл аталған үрдіс қалып бара жатқанға ұқсайды. Сондықтанда оқытудың "шеберхана" деп аталатын түрінде, оқушылардың өздері алдағы жұмысқа теориялық тұрғыдан даярлықты өздері жүзеге асыруы қажет.

Материалмен жұмыс. Бұл кезенде материалды талдау жүреді. Оқушылар материалды (бұйымды немесе процесті, т.б.) талдайды және ақылға сыймайтын идеяларды ұсынады. Шеберханадағы жұмыста нашар идея болмайды. Бұл кезеңде балаларға қандай да бір шығармашылық тәсілдерін айтуға болады. Мәселен: не болған болар еді, егер де ..., қағазға қаламмен сыз, түрлі сөздерді, заттың бөлшектерін қос және т.б.



Сонымен оқыту процесінде оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулуды мына № 2 схема арқылы көрсетуге болады.
Бірінші кезеңде әрбір оқушы өзбетінше қағазбен жұмыс жасайды. Бір біріне кедергі болмайды.

Кейбір жағдайда шеберханада жұмысты топпен бірден бастауға болады. Әрбір варианттың өзінің оң және теріс жағы болады. Жеке дара жұмыс кезінде әрбір оқушының ойын топтастыруға, мәселені, өзінің шешуін іздеуге, басқа окушылардың ойларының ықпалына ұшыраумаға мүмкіндігі болады.

Егер материал аз топтағы жұмысқа арналған болса, онда оны бірден топпен іздеуге болады.

Келесі кезекте егер жеке дара жұмыс осыған дейін болса, онда аз топта талқылау болады. Бұл көрініс барлығына аралық өзіндік нәтиже болады. Бұл кезеңді француз педагогтары "әлеуметтендіру" деп атаған. Осы кезеңде оқушы өзінің жұмысын түзетуі, толықтыруы, жақсартуы мүмкін.

Басты қажетті талаптардың бірегейі басқа жұмыстардағы оңдыны, белгіліні, өте жақсыны іздеу іскерлігіне және талабына оқушыларды баулу болып табылады.

Еңбекке баулу сабақтарында оқушылар еңбек объектілерін (бұйымдарды, заттарды немесе технологиялық процестерді, операцияларды, қозғалыстарды) зерттейді. Оқушылар бұйымды дайындаудың тәртібін қалыптастырады.

"Материалмен жұмыс" және "әлеуметтендіру" кезеңдері шеберхана жұмысы барысында кезектесуі мүмкін.

Рефлексия (сананың өзіне назарын аударып, өзінің психикалық күйіне ой жүгіртуі). Оқушылар шеберхана жұмысы барысындағы туындаған өздерінің сезімдері туралы айтады. Оқушылар өздерінің сезімдерін сезінуді және оларды айтуды үйренеді. Бұл шеберхананың басты сәті және сондықтан шеберхананы тек педагогикалық ғана емес, сондай-ақ психологиялық деп те атайды, ол жерде оқушылардың психикалық материалдармен жұмыс жасауы жүреді.

Бұл кезеңде оқушылар бүгін неге қол жеткізгенін хабарлауы мүмкін.

И.А.Мухина шеберхананы жүргізу (өткізу) қағидасын талдап қорытып, төмендегідей қорытынды жасайды:

- қатысушылардың барлығының, оның ішінде педагогтың да теңдігі;

- іс-әрекет процесіне оқушыларды еркінен тыс қатысуды



қарастырмау;

- бағаның болмауы (дәлірек айтқанда белгінің, бағалау болады және болуы



қажет, тек оң баға қойылуы тиіс);

- қарсыластық, жарыстың болмауы;

- жеке дара және топтық жұмыстардың кезектесуі;

- шығармашылық нәтижесі емес, процестің өзі бастысы болып табылады;

- пайдаланылатын материалдардың әртүрлілігі;

- әрбірінің өзінің таңдауына жауапкершілігі.

Бұл технология педагогтың негіздемелі даярлығын талап етеді. Егер педагогтың сыныптағы шығармашылықты ұйымдастырудағы жеткіліксіз даярлығы болса, онда технологияны (шеберхананы) пайдалану теріс нәтиже көрсетеді.

Бастауыш сыныптың өзінде оқушылардың политехникалық ой-өрісін пәнаралық байланыстар негізінде кеңейту мақсатындағы әдістемелер болған және соларды мұғалімдердің білгені абзал. Мәселен, А.П.Журавлева мен Л.А.Болотина астыққа байланысты халық даналығындағы "Піскенін айтпа - қамбаға түскенін айт" деген сөзге байланысты астықты егіп, өсіріп, жинайтын мамандықтар жөнінде төмендегідей әңгіме алгортмін ұсынады.



1. Адам тіршілігіндегі нанның маңызы.

2. Астықты себуге дайындау.

3. Жерді тұқым себу алдында өңдеу.

4. Масақты дақылдарды себу.

5. Ауыл шаруашылық техникасы және кең тараған жер өңдеуші



машиналардың жұмыс істеу принципі.

6. Егін ору және диқандар техникасы.

7. Дән өсірген егінші еңбегі мен жер өңдейтін машина жасаушы еңбегінің

маңызы.

Бастауыш сынып оқушылары мұнда нанның қайдан және қалай келетініне сәйкес астықты егу, өсіру, ору, оларды тасымалдау, сақтау, өңдеу және одан нан дайындауға дейінгі мамандықты, олардың жұмыс мазмұнын таныстыру мақсатында екінші және үшінші әңгімені ұйымдастырудың алгоритмін ұсынады.

Төменгі сынып оқушыларының техникалық еңбегіне қатысты объектінің кескінін жасауға үйретуде (қатты қағаздан) мынадай педагогикалық міндеттердің шешілу қажеттігі көрсетіледі:

- балаларды кездесетін барлық заттар мен техникалық объектілерді төменгі сынып оқушыларына мәлім геометриялық фигуралар мен денелердің жиынтығы деп қарауға үйрету;

- техникалық объектілерді ойша жекелеген бөліктерге бөле білу іскерлігін қалыптастыру;

- әр бөлікті геометриялық фигура және дене түрінде көре білуге және жекелеген бөліктерді белгілі бір геометриялық фигуралармен және денелермен салыстыра білуге үйрету;

- көлемді заттарды жазық бейне түрінде көрсетуге болатындығы туралы бастапқы түсінік беру;

- қатты қағаздан қиылған геометриялық фигуралардан қаланған техникалық объектінің кескінін жасауға үйрету.

Бұл міндетті ек кезеңге бөліп шешкенде ұтымды болады: бірінші кезеңде - жүйелі жаттығулар арқылы төменгі сынып оқушыларының кеңістікті қабылдауын және бейнелі ойлауын дамыту; екінші кезеңде - қағаз бетіне геометриялық фигуралардан техникалық объектілердің кескінін түсіруге үйрету.

Бастауыш сыныпта тәжірибе барысында басқа да педагогикалық технологияларды пайдалану балалардың белсенділігін,шығармашылық қабілеттерін дамытуға негіз қалайтынын анықтадық. Олар: "ойды синтездеу", "шынжыр" (тізбек), "матрица" және т.б.

Педагогикалық еңбектерде дәстүрлі сабақты: жаңа оқу материалын өту сабағы; білім, дағды, қабілетті жетілдіру сабағы; жинақтау және жүйелеу сабағы; аралас сабақ; бақылау, білімге дағды, қабілетке түзету енгізу сабағы. Сабақты дидактикалық міндеттеріне сәйкес: кіріспе сабақ; жаңа сабақты өту; білімді бекіту сабағы; жинақтау сабағы; есепті-бақылау, аралас сабақ; диспут, КВН сабақтары деп ажыратады. Педагогикалық теориясы және мектеп тәжірибесін зерделеудің негізінде сабақтың типтеріне байланысты олардағы жүзеге асыралатын кезеңді төмендегідей белгілеуге болады.


Аралас сабақ.



Көрсетілген схема аралас сабақ типіне байланысты болып табылады:

Мәселен, жаңа сабақ барысында төмендегідей алгоритм орындалады:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

3. Білімді тексеру кезеңі.

4. Мақсат қою кезеңі.

5. Материалды түсіндіру кезеңі.

6. Түсінікті тексеру кезеңі.

7. Бекіту кезеңі.

8. Үйге тапсырма беру кезеңі.

Қайталау сабағындағы алгоритм төмендегідей:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын қайталау кезеңі.

3. Білімді тексеру кезеңі.

4. Мақсат қою кезеңі.

5. Түсінікті тексеру кезеңі.

6. Үйге тапсырма беру кезеңі.

Басқа да сабақ типтері ерекшеліктеріне сәйкес жоғарыда көрсетілген алгоритмдерді реттеумен (алмастырумен) жүзеге асырылады.

Біздер бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетке баулуды жүзеге асыруда сабақ кезеңдерін толықтыруды мақсат етумен төмендегідей алгоритмді (схеманы) ұсынамыз:



Аралас сабақ құрылымын жетілдіру.

Мұнда 7-де оқушылардың түсінік деңгейлері тексерілгеннен кейін міндетті түрде педагогикадағы белгілі білімді меңгеру әдістері (талдау, жинақтау, салыстыру, т.б.) немесе пәнді оқытудағы логикалық тәсілдер оқушы тарапынан жүзеге асырылуы тиіс.

Қазақстанда Ж.Қараевтың, Ә.Жүнісбектің, М.Жанпейісованың және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда. Бұл технологиялардың өздеріне тән ерекшеліктері бар. Мәселен, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының ерекшелігі:

- үнемі қайталау;

- ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану;

- жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал;

- ізгілік;

- зорлықсыз, еркімен оқыту;

- әр оқушының табысының жариялылығын түзетуге, өсуге, табысқа

жетуге жағдай жасау;

- оқыту мен тәрбиелеуді біріктіру.

Ойын арқылы оқыту технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйену.

Модульдік оқыту технологиясының ерекшелігі:

- білімді меңгерту емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамыту;

- тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыру;

- белсенді сөздік қорын дамыту (ауызша және жазбаша);

- дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігін тудыру.

Ал, деңгейлеп, саралап оқыту технологиясының ерекшелігіне тоқталар болсақ:

- таланттылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, өзіне деген сенімсіздіктен арылады.

- күшті топтарда оқуға деген ынта артады;

- білім дәрежесі бірдей оқу топтарында оқу жеңілдейді және т.б.

Негізгі өзекті мәселе - оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру болғандықтан сабақ барысында кеңінен деңгейлеп, дамыта оқытудың модульдік әдісін жиі пайдалану қолдау табуда. Бұл әдіс педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.Қараевтың тұжырымдамасы негізінде жасалған. Жалпы бастауыш мектепте оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулуда көптеген педагог-ғалымдар мен практик- мұғалімдер Б.Тұрғанбаеваның, Л.А.Төкеева-Бектұрғанова мен М.Б.Бектұрғановтың А.К.Колеченконың, К.Бозжанованың және т.б. оқу-әдістемелік құралдарын басшылыққа алуда. Біздер диплом жұмысымызда жоғарыда аталған оқыту технологияларын және өзіміздің тәжірибемізді басшылыққа алдық.

Бұл тақырыпта айтылған мәселелерді қорытындылай келе, бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық іс-әрекетке баулу ісі нәтижелі болуы үшін оқытудың жаңа технологияларын дұрыс пайдаланудың мәні зор деген тұжырым жасадық. Бүгінгі күні балама оқу жүйелері, әртүрлі әдістемелер көптеп саналады. Солардың ішінен әр ұстаздар өз дайындық деңгейіне, сынып ерекшелігіне сай келетінін талдай, оны шығармашылықпен пайдалана білуі қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет