Кіріспе І тарау. Оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың ғылыми -теориялық негіздері


Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық іс-әрекетке баулу технологиясы бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс және оның нәтижелері



бет3/9
Дата25.01.2017
өлшемі2,17 Mb.
#7767
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2.2 Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық іс-әрекетке баулу технологиясы бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс және оның нәтижелері

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетке баулудың (оқыту) тәжірибелік жұмысы мына төмендегі мақсаттарды шешуге бағытталды.



- шығармашылық іс-әрекет құрылымының мазмұнын негіздеу;

- шығармашылық іс-әрекетке баулудың тиімді жолдарын айқындау;

- шығармашылық іс-әрекетке баулу үрдісін тәжірибе негізінде баяндау, онда зерттеліп отырған мәселенің өсу динамикасын анықтау.

Эксперименттік жұмыс - нақты жағдайды есепке ала отырып педагогикалық процесті немесе белгілі бір құбылысты, мәселені зерттейтін ғылыми тәжірибе. Педагогикалық эксперименттің негізгі міндеттері - мазмұнның салыстырмалы түрде нәтижелілігі, әдістері, тәсілдері, жағдайы, шарты, әдістемелік жүйенің оқу-тәрбие үрдісіндегі тиімді жолдарын таңдау болып табылады.

Дидактикада негізінен кездесетін төрт эксперимент түрі болатын болса, оқыту экспериментін жүзеге асыруды жөн көрдік. Оқыту логикалық тәсілдердің негізінде жүзеге асыруды дұрыс деп таптық.

Бастауыш сыныпта белгілерді талдауды іс жүзіне асыруды үйрету қажет: а) ойша объектілерінің іс-жүзінде бөлінбейтін белгілеріне қарай іріктеу (объектінің түсіне, сыртқы түріне, көлеміне, салмағына,қозғалыс жылдамдығына, иісіне, температурасына, т.с.с.) - айқын (нақты) белгілерін талдау; ә) жеке белгілерін бөлектеп және ойда ұстап тұрып, қалған белгілерін алып тастау - аудару (абстракциялау).

Логикалық тәсіл жинақтау талдауға кері жүзеге асырылады. Жинақтау - жекелеген бөліктерді бүтін затқа ойша құрастыру, калпына келтіру; затты ойша құрастыру үшін барлық уақытта бұрынғы іс-әрекет болуы қажет. Практикалық белсенділіктің өрнегі "Ойлану - жасау - бағалау" болып табылатындықтан оқушылардың ойлануын, нәтиже алу үшін практикалық іс-әрекет жасауын және оны бағалауын қамтамасыз ету керек. Өрнектегі ойлану мен бағалау буыны ой әрекетімен байланысты.

Объектінің белгілерін жинақтауды: а) объектілер арасындағы ұқсастықтарды және айырмашылықты анықтау - ойша салыстыру; ә) ойша объектілердің ұқсас белгілеріне қарай біріктіру - талдап қорыту (ойша топтау); б) ойша жеке бөліктерді әр түрлі топтарға бөлектеу - нақтылы топқа (теориялық білімді іс жүзінде қолдану сияқты).

Қалыптастыру тәжірибелік-экспериментін оқулықтар мазмұнын қарап шығып, олардың мазмұнына сәйкес іс-әрекеттерді анықтауды қарастырдық. Мысалы тапсырмалар оқулықтарда берілгендей әңгіме, ертегі, өлең, сурет мазмұнына сәйкес құрыла салмай, оқушының ізденушілігін, зерттеушілігін қалыптастыратындай, ойлауға, пайымдауға, дәлелдеуге үйрететіндей етіп түзілді. Олар негізінен оқу пәніндегі тапсырмаларды (ол шығарманың кейіпкері, ол қазақ тіліндегі жаттығулар, математикадағы есептер, бейнелеудегі суреттеу, еңбектегі іс-әрекеттер, т.б.) орындауда оқыту мен оқу мақсатының бірлігін, оқушының шығармашылық іс-әрекетін баулумен бірлігін қамтамасыз етудегі кешенді тәсілдерді қолдану болып табылады. Олар:

- мәтіндегі, заттағы, негізгіні бөліп алу;

- салыстыру;

- ақпаратты жүйелеу;

- ақпаратты өзгерту;

- ақпаратты толықтыру;

- мәтінді, затты және тапсырманы біріктіру;

- мәтінді, затты және тапсырманы өз бетінше құрастыру;

- қатені түзету (ақпаратты амал жасау түрлері);

- себепті-салдарды анықтау;

- дәлелдеу;

- жалған екенін сипаттау;

- заңдылықтарды (байланыстарды) анықтау;

- жаңа функцияны анықтау;



- жүйе элементтері арасындағы байланыстарды анықтау;

- жүйенің жаңа құрылымдық элементтерін анықтау (себеп- салдарлық

байланыс түрлерін);

- тапсырманы орындау жоспарын құрастыру;

- бақылауды, өлшеуді және эксперименттерді жоспарлау және жүргізу;



- жүйенің дамуын болжау;

- іс-әрекетті орындау жоспарын талдау (практикалық іс-әрекеттерді



жоспарлау және орындау түрлері)

Сабақтарды өткізуде оқу бағдарламалары және бастауыш сынып оқушыларына арналған оқулықтар мазмұны басшылыққа алынды.

Сабақ өтуде А.Б.Мырзабаевтың зерттеу еңбегі назарға алынды. Оның зерттеуінде дәстүрлі емес сабақ түрлерімен өткізілген оқу жұмыстары кезінде туған мәселелерді шешу барысында шығармашылық еңбек табысты болатыны дәлелденген. Оның себебі осы сабақтар кезінде "репродуктивтік" жұмыс көлемі азайып, шығармашылық еңбектің үлес салмағы көп артатыны айқындалған. Әсіресе, ойын сабақтары түрлерінің балалар шығармашылығының дамуына зор мүмкіндік беретін анықталған. Өйткені ойын әрекетінің онтогенезде оқу әрекетінен бұрын, бастаушы екені, ал оқу - оның негізінде жатқаны талданған, ойын үрдісі кезінде әрекет ете білуге тікелей әрекет арқылы жүзеге асырылатынын дәлелденген.

Осы іс-әрекеттерді орындату барысында біздер төменгідей сабақтар

сериясын өткіздік.

3 - сынып. Дүниетану пәні.

Сабақтың тақырыбы: Ауа. Ауа қасиеті. Ауаның маңызы.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік. Ауа туралы ұғым беру. Ауа қасиетін меңгерту. Адам

өміріндегі ауаның маңыздылығын түсіндіру.

2. Тәрбиелік. Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы



экологиялық тәрбие беру.

3.Дамытушылық. Тәжірибелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейту,



қызығушылығын ояту.

Сабақ әдісі: түсіндіру, сарамандық-лабораториялық әдіс. Тест, сұрақ-жауап

әдісі.

Сабақ типі: жаңа материалды меңгерту сабағы.



Сабақ түрі: ірі блокты сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырма, тірек плакаты.

Сабаққа керекті жабдықтар мен материалдар: тәжірибе жасау құралдары,

су, банкалар, шар, доп, шырпы, стакандар, қант, шырақтар.

Пәнаралық байланыс: ана тілі пәні, бейнелеу өнері,

Денешынықтыру пәні.

Оқушылардың шығармашылық іс -әрекетке баулуда мұғалім төмендегідей әртүрлі әдіс – тәсілдерді қолдануы мүмкін:

- ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру;

- оқушыларға қосымша тапсырма беру арқылы өзіндік әдіс -тәсілдерді жүзеге асыруды ұйымдастыру (сол күнгі сабақтың тақырыбына байланысты бүктеме жасау, тәжірибе жасау немесе бақылау)

- тестік тапсырмалар арқылы оқушылардың білімін бағалауды компьютер көмегімен орындау;

Оқушылардың шығармашылық іс- әрекетін пәндер негізінде жүзеге асыруда топсеруеннің (экскурцияның) маңызы ерекше. Оқушы көзімен көріп, суретін салып оқушының көркем іс -әрекеттердің түрлеріне бейімделуін, қоршаған орта мен табиғаттағы түрлі түстер мен формаларды танып қабылдауы қалыптасады.

Сондай -ақ, бастауыш сынып мұғалімдері төмендегідей міндеттердің шешімін табуға ұмтылуы тиіс:

- баланың бойында құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген табиғи талап – тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіріп отыру;

- білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау;

- өзін -өзі дамытатын тұлға қалыптастыру;

Мұнда қосудың ауыстырымдылық заңы айтылып оқушыларға түсіндіріледі.

2-тапсырма. 3 оқушы тақтамен жұмыс жасайды. 6+1=7 7-6=1 5+2=7 7-5=2

7-2=5 7-1=6

3 - тапсырманы оқушылар өз беттерінше отырып орындайды. Олар оқулықтағы берілген кесінділерді сызғышпен өлшеп, ұзындықтарын салыстырады.

Мыс: Қызыл түсті кесінді 7 см салыстыру. Көк кесінді 6 см

6 см< 7см

Көк кесінді 1 см қысқа, Қызыл кесінді 1 см ұзын.

Осы тапсырмаларды бұрын, жылдам орындаған оқушының білімі

бағаланады.

Мұғалім: Қыс айының өзгешеліктерін атаңдаршы!

Балалар: -Қыста қар жауады.

-Күн суытады.

-Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

-Қыста шана, шаңғы тебеміз.

-Аққала жасаймыз.

-Аяз Атадан сыйлық аламыз.

Мұғалім: -Осы қыс айына керісінше жаз айын есімізге түсірейікші? (Негізгі 7 ерекшелігін көрсету). Оқушыларға қыс айында шанамен сырғанап бара жатқан сурет беріліп, олардың сөздің қорын дамыту мақсатында шығарма жазу тапсырылды Балалар: - Жазда күн ыстық болады.

-Жердің бәрінде жап-жасыл шөптер өсіп тұрады.

- Суға, өзенге шомыламыз.

- Жазғы каникулды асыға күтіп демаламыз.

Жазғы мезгілде балаларды көңілді мерзімді өткізу мақсатындағы доп қуған

балалардың суреті ұсынылды



Осы кезеңде мұғалім математика сабағында дүниетану пәнімен пәнаралық байланысты байқатады.

Қазір жылдың қай мезгілі екенін, қыстың ерекшелігін жаз айымен салыстырып, оқушылардың дүниетану пәніне деген ұғым, түсініктерін байқайды.

Оқушылар өз бетімен ұзындықты салыстыруға байланысты тапсырманы орындады.

7см • 5см 3 см • 7см 4см • 7см

7см • 7см 7 см • 5 см 7см • 2см

Тапсырманы дұрыс орындаған оқушылардың білімін бағалау.



VI. Сабақты қорытындылау.

7 санының кұрамын айтып мысалдар келтірді.



VII. Үйге тапсырма беру.

VIII. Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтап, тиісті

бағаларын қою.

Сабақтың тақырыбы: “Әйел ана”

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: Шығарманың мазмұнын ашу, талдау жұмысын жүргізу.

2. Дамытушылығы: Шығармашылық ізденіске баулу, өз сөзімен ойын

жеткізу, ауызша әңгімелеуге үйрету.

3.Тәрбиелілігі: Оқушы бойында сүйіспеншілікті, сыйлай білуді, кұрметтеуді, өнеге тұту қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Шығармашылық ізденіс сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: Түрлі-түсті суреттер, сызбалар, мақал- мәтелдер.

Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі. Б.Бұлқышевтің "Ана" атты шығармасынан үзінді оқып осы тақырыпты негізге ала отырып, оқушылар өз аналарына арнап өлең немесе тақпақ, шығарма, мазмұндама жазу тапсырмасын алған болатын.

Үй тапсырмасын тексеруде осыны ескеріп 7-8 оқушыдан өз аналарына арнап, жазылған өлең, тақпақ, мазмұндама, шығармаларын оқытты. Осы тапсырманы қорытындылап мынандай сызбаны шығара отырып "Ана" деген аттың өмірде алатын орнын әңгімеледі.

Өмірді сыйлаушы




Досың Ана қамқоршың



жұбанышың ақылшың


сүйенішің ұстазың

қымбаттың
деп ананы күн шуағына теңейді.

Өмірде "ана" туралы жырлаған ақын жазушылар көп.

Оқушылар Ф.Оңғарсынованың, М.Мақатаевтың "ана" туралы өлендерінен

үзінділер оқиды.

Үнтаспадан: Құрманғазының "Қайран шешем" күйін тыңдайды. Бұл күйдің шығу тарихын мұғалім түсіндіреді, оқушылардың анаға деген мейірімі, қамқорлығы, сыйластық сезімі күшейе түскенін оқушылардың бет келбетінен байқауға болады деп қорытындылап, жаңа сабақты хабарлайды.

Жаңа сабақ. Бүгін біз жаңа сабақта Ақселеу Сейдімбек ағамыздың "Әйел-ана" ертегісін оқып танысамыз. Ақселеу Сейдімбек ағамыз жайлы мәлімет беріледі.

Ертегіні оқып, әңгімелеп түсіндіреді. Дәптерге сөздік жұмысын орындатты. Мысалы: "уайымдады", "қайғырды" деген сөздерді я сыздырып-оған түсініктер берілді. 4 оқушыға ертегіні бөліп оқытты. Тақтаға бірнеше аналардың суреттерін іліп, батыр ана, еңбекқор ана, іскер ана, т.б. деп түсіндірілді.

Оқушыларға ананың баланы тербетіп отырған суреті шығарма жазу мақсатында берілді.

Оқушылар өздерінің аналарына арнаған жылы сөздерін айтып дәптерлеріне жазады. Мұғалім оқытып, олардың сөздерін, түсініктерін толықтырып қорытындылады.

Үйге тапсырма берілді. "Ана" туралы үйде мақал-мәтелдер, өлеңдер, тақпақтар жаттап келу тапсырылды.

Пәнаралық байланыс арқылы окушының шығармашылық ізденісі байқалады. Ана тілі мен қазақ тілі пәндерінің байланысы негізінде сөздік жұмыстары, өлеңдер, шығарма, мазмұндама, тақпақтардың тәрбиелік мәні ашылады.

Бастауыш сыныптағы еңбекке баулу сабақтарын өткізуде Е.Райымжановтың, Ж.Күнпейістің әдістемелік нұсқаулары басшылыққа алынды.

4-сыныпта. Еңбекке баулу, математика және бейнелеу өнері пәндерінің байланысы.

Сабақтың тақырыбы: "Жіппен бейнелеу"

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

2. Оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа баулу.

3. Оқу пәндерінен алған білімдерін практикада қолдануды



қамтамасыз ету

Сабақтың түрі: аралас.

Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу өнері, ана тілі.

Сабақтың көрнекілігі: Түрлі-түсті жіптер, ине, циркуль, қалам, сызғыш,

өшіргіш, дайын сызбалар, мақал-мәтелдер.

Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа керекті оқу-құралдарын түгендеу, оқушылардың сабаққа қатынасуын қадағалау, кезекшіні сайлау.

2) Үй тапсырмасын тексеру. Мұғалім: Кәне, балалар өткен сабақта үйге қандай тапсырма берілді? Салтанат, айта қойшы. Салтанат: Үйге қатты қатырма қағаздан жақтауша дайындап келу және аяқтау берілген. Мұғалім: Кәне, отыра ғой. Дайындап келген бұйымдарыңды алдарыңа қойып отырыңдар, бәрін көріп шығып, бағалаймын.

3) Жаңа сабақ. Сабағымызды мақал-мәтелдерден бастасақ. Еңбек туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

"Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей".

"Асыл қайшы пішуге сән,

Күміс қасық ішуге сән",

"Еңбек-өнер өрісі,

Өнер-өмір жемісі".

"Өз үйінде ою оймаған,

Кісі үйінде сызу да сыза алмас".

"Он саусағынан өнері тамған".

"Оқу - инемен құдық қазғандай".

"Қызды күте білмеген күң етеді,

Жібекті түте білмеген жүн етеді".

"Ұшын түймегеннің,

Үш шаншым ісі қалар".

Мұғалім: Кәне, балалар осы мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіңдерме? Барлығы, "Ия",- деп жауап берді. Олай болса, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: "Жіппен бейнелеу"

Кестені қатырма қағаз бетінде орындауға да болады. Ол үшін қатырма қағаз бетіне инемен немесе бізбен тесіктер тесіп, ине-жіпті сол тесіктерден өткізу арқылы өрнек шығаруға болады.

Мұндай қарапайым, әсем бұйымды - жіппен бейнелеу (изонить) деп атайды. Ол қымбат материалдарды қажет етпейді. Оған тек қатырма қағаз бен жіпті ғана қолданамыз. Жіппен бейнелеу техникасымен құттықтау ашық хатын, кітаптың мұқабасын безендіруге және панно жасауға болады.

Жіппен бейнелеу өнерімен танысайық. Жұмысты бастау үшін біз, қатырма қағаз, барқыт немесе қағаз, жіп, шеңбер сызғыш, сызғыш қажет болады.

Кәне, балалар шеңбер дегеніміз не? Үшбұрыш дегеніміз не? Бұның бәрін

математика сабағында өтіп кеткенсіңдер.

Шеңбер дегеніміз - бір нүктеден бірдей қашықтықта орналасқан нүктелер

жиынтығы.

Үшбұрыш дегеніміз - үш кесіндінің түйіндесуі.

Жіппен бейнелеу үшін біз шеңберді, үшбұрышты білдік. Енді біз қатырма қағазға бірінші шеңбер сызғыштың көмегімен шеңбер сызып аламыз. Одан соң шеңбердің үстін нүктелермен белгілейміз, иненің көмегімен тесіп шығамыз. Сосын нүктелерге нөмір қоямыз. Мысалы, дөңгелектегі нүктелер саны 24 болса, 4-ші нүктеден инеге сабақталған жіпті өткізіп алып, 14-ші нүктеге апарамыз, 14-ші нүктеден кіргізіп, 15-ші нүктеден шығарамыз, оны 5-ші нүктеге апарамыз, 5-ші нүктеден кіргізіп, 6-шы нүктеден шығарамыз және осылай жалғаса береді. Барлық дөңгелектегі нүктелерді ретімен толтырып шығатын болсақ, бұйым нәтижелі аяқталады. Қолымыздағы қатырма қағаздың ортасындағы дөңгелекті жіппен толтырып болған соң, оның шетіндегі бұрыштарына бұрыш сызамыз, сызылған бұрышты нүктелермен белгілейміз, оны инемен тесіп сандарды белгілейміз. Мысалы: Бұрыштағы нүктелер саны 10 болатын болса, бірінші бұрыштағы сызықтың 1-ші нүктесінен инеге сабақталған жіпті алып, екінші бұрыштағы сызықтың 1-ші нүктесінен кіргізіп, 2-ші нүктеден шығарамыз, оны бірінші бұрыштағы сызықтың 2-ші нүктесінен кіргізіп, 3-ші нүктеден шығарамыз, солай жұмыс жалғаса береді.

Оқушыларға дайын жұмыстарды көрсетіп, алдарына таратылады, соған қарап жасау жүзеге асырылады. Түсінбеген оқушыларға жеке-жеке түсіндіріп, үлгісін көрсетуге болады.

4) Үйге тапсырма беру. Алдарындағы жұмысты аяқтап, басқаша түрін жасап келу.

5) Сабақты қорытындылау. Окушылардың үй тапсырмасын орындап келгендерін, кемшілігі бар окушыларға ескерту жасау арқылы салыстыра отырып бағалау жүзеге асырылады.

Тәжірибелік-эксперимент жұмысының бастапқы кезінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекет деңгейі талап етілген деңгейден төмен екендігін көруге болады. Сондықтан күрделі психологиялық сапаның жоғары болжанған деңгейіне жету мақсатында арнайы қалыптастыру эксперименті ұйымдастырылды. Бұл эксперимент барысында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетіне арналған әдістеме жасалып, Түркістан қаласындағы Абай атындағы N1 мектеп интернатында сыннан өткізілді. Сол арқылы оқыту жұмысының біз көтеріп отырған мәселені шешудегі мүмкіндіктері анықталды.

Біз бастауыш мектептің 4-сыныбындағы еңбекке баулу, математика және бейнелеу өнері пәндерінің байланысының жүзеге асырылу барысындағы оқушылардың іс-әрекеттері мен алынған мәліметтерді өңдеудің алгоритмін төменде берілген.

Сабақтың тақырыбы: "Жіппен бейнелеу"

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

2. Оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа баулу.

3. Оқу пәндерінен алған білімдерін практикада қолдануды қамтамасыз ету және шығармашылық іс -әрекетке баулу.

Сыныптағы оқушылардың саны жөне олардың берілген тапсырмаға сәйкес орындаған іс-әрекеттері есепке алынды. Ал тапсырмаға сәйкес "Бауырсақ" ертегісін оқып үйренгеннен кейін, оның бейнелеу, бейнеленген суреттегі бауырсақгы еңбекке баулу сабағында жіппен шығау (беру) болып табылады.

Берілген тапсырмаға сәйкес оқушылар төмендегідей пәнаралық байланыс негізіндегі шығармашылық іс-әрекеттерін орындау керектігі анықталған болатын.

Ақпаратты амал жасау (кіріктіру):

- объектідегі (заттағы) негізгінің бөліп көрсету (түсін, пішінін,



көлемін, арналуын, т.б.);

- басқа объектпен (затпен), объектіні (затты) жасау технологиясымен



(процесті) сәйкес қою негізінде салыстыру (ерекшелікті көрсету,

айырмашылықгы табу, т.б.);

- объектіні (затты) даярлау бойынша оқу материалдарын (материалы,



қолданылатын еңбек құралдары, орындайтын процесі, сызба

жұмыстары, т.б. бойынша) жүйелеу;

- объектіні (затты) сыртқы (конструкциясы) пішіні, көлемі



тұрғысынан өзгерту;

- тұрғысынан өзгерту;

- объектіні (затты) жетілдіру тұрғысынан (түсіне сәйкес элементтер

қосу) толықтыру, конструкциясын жетілдіру, оқу

материалдарын толықтыру;

- объектіні (затты) даярлау бойынша оқу материалдарын (сызбасын сызу,



материалтану, еңбек құралдары, еңбек процестері, т.б. бойынша)

және іс-әрекеттерді (орындалатын процестерді: еңбек тәсілдерін,

әрекеттерді, қозғалыстарды) ойша және практикада біріктіру;

- объектіні (затты) даярлау процесіне қатысты жіберілген қатені табу,



түзету бойынша ой және дене әрекеттерін орындау кажет. Себеп-

салдарлық байланыс бойынша:

- объектіні (затты) дайындаудағы немесе процесті жүзеге асыру



себебін анықтау;

- процесті орындаудағы жіберілген қателіктерден немесе процесті



орындаудан, қауіпсіздік шараларын сақтамаудан шығатын

салдарды анықтау;

- объекті (зат) үшін тиімді түстің, пішіннің таңдалуын, арналуын, т.б.



дәлелдеу;

- процестің дұрыс орындалмауын немесе түстің, пішіннің зат үшін дұрыс



таңдалмауын терістеп сипаттау;

- объекті үшін түстің, пішіннің немесе орындалуы керек



процестердегі т.б. байланыстарды анықтау;

- объектінің (заттың) атқаратын функциясын анықтау;

- заттың өзінің элементтері арасындағы байланыстарын анықтау;

- бар объектінің құрылымына енген жаңа элементтерді анықтау сияқты



оқу-интеллектуалдық іскерліктерінің орындалуы қажет етілді.

Практикалық іс-әрекеттерді жоспарлау және орындау бойынша:

- объектіні (затты) әзірлеу бойынша жоспар құрастыру;

- практикалық іс-әрекетте өзіне, бұйымды даярлау процесі кезінде



объектінің (заттың) өлшемін бақылауды, өлшеуді және тәжірибені

жасауды жоспарлау және оларды практикада жүзеге асыру;

- болашақ әзірленетін объектіні болжау;

- практикалық іс-әрекетті орындаудың жоспарын талдау әрекеттерін

орындау талап етілді.

Мұнда оқушылар 19 ой және дене әрекетін (15 әрекет) және бұйымды орындауға сәйкес жұмыс орнын ұйымдастыру (еңбек құралдарын, жабдықтарды қою), сызба құралын және материалды (түрін, түсін; қаттылығына, т.б.), өлшеу құралдарын дұрыс таңдауды (4 әрекет) орындауы тиіс болатын. Осы бойынша алынған нәижелер төмендегідей болды (№ 3 кесте).

(№ 3 кесте)

Белгілеу экспериментіндегі оқушылардың тапсырмаға сәйкес орындаған

іс-әрекеттерінің жинағы


N

Оқушының аты-жөні

Ақпаратты амал жасауы

Себеп-салдарлық байланыс-тарды көрсетуі

Практикалық іс-әрекеттерді жоспарлауы және орындауы

Қоры-

тынды


1

Асанов А.

3

3

3

9

2

Асарбаева А.

4

4

3

11

3

Абдусаттарова Б.

3

4

3

10

4

Алмаханова Ұ.

3

4

4

11

5

Аманов М.

5

5

4

14

6

Әдиева Ш.

4

4

5

13

7

Әшірбекова Қ

4

4

4

12

8

Бабанова Қ.

3

4

3

10

9

Батырбекова А.

3

3

3

9

10

Бегайдар С.

4

4

4

12

11

Бөлегенов A

3

3

3

9

12

Есентаева С.

5

4

4

13

13

Зарқымов С.

5

5

4

14

14

Керімбекова Ү.

3

4

3

10

15

Кеңесбеков Н.

3

3

3

9

16

Құлтаева А.

3

3

3

9

17

Құдайбергенов Ж.

4

5

5

14

18

Саттарова А.

5

5

4

14

19

Тұрашова Ж.

5

4

3

12

20

Сазанбектегі

3

4

3

10

21

Шайықова Н.

3

3

3

9

Осыдан кейін біз оқушыларға оқу материалдары негізінде іс-әрекеттерді жүзеге асырудағы оқыту технологиясын пайдаландық. Осының негізінде оқушылардың орындаған ой және дене әрекеттерінің саны артқандығын аңғардық.

Диплом жұмысы барысында біз алынған нәтижелерді өңдеуді В.С.Аванесовтың,А.А.Киверлягтың, Д.Қ.Пошаевтың еңбектерін басшылыққа алдық.

Жүргізген бақылау жұмыстарының нәтижелері бойынша оқу-тәрбие процесінің тиімділігін бағалау алгоритмі төмендегідей жүзеге асырылады.



1. Алдымен орта арифметикалық (мән) анықталады:

Мх =? ; (1)

му = ?2

Мұндағы, Мх, Му - орта арифметикалық мәндер.

Осы алынған орта арифметикалық мәндердің МХ<МУ (?1 2) болуына сәйкес біздің қарастырып отырған шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыруға сәйкес қолданған оқытудың мазмұны, әдістері мен формалары тиімді деп алдын ала қорытынды шығару дұрыс болмайды. Сондықтан есептеулерді жүргізуде бақылаулар арасындағы өзара байланыстылық барын қарастыру қажет, сондықтан да келесі амалдар орындалуы тиіс.

2. X және У -тен орта арифметикалық ауытқулар квадраттарының қосындысын есептеледі:

Мұндағы, N - оқушылар саны.



SSX, SSy - X және У-тің орта арифметикалық ауытқулар квадраттарының (квадрат ауытқуларының) қосындысы.

Келесі кезекте бақылаулар арасындағы өзара байланыстылықты анықтау үшін X пен У- тің көбейтінділерінің түзету енгізу қосындысы анықталады.

3. X және У көбейтінділерінің түзету енгізу қосындысы төмендегі өрнекпен анықталады:



Мүндағы, Spxy - X және У көбейтінділерінің түзету енгізу қосындысы.

Белгілі болған X пен У-тің орта арифметикалық ауытқулар квадраттарының қосындылары және олардың көбейтінділерінің түзету енгізу қосындысы мәндерімен бақылаулар арасындағы өзара байланыстылық коэффициенті анықталады.

4. Өзара байланыстылық (корреляция) коэффициенті (Пирсонның) төмендегі өрнекпен есептеледі:





Мұндағы, т ху - өзара байланыстылық коэффициенті.

Егер өзара байланыстылық коэффициенті нөлге тең болмаса, онда бастапқы және соңғы нәтижелер арасында байланыстың барын көрсетеді. Алынған мәнге байланысты оқыту мазмұнының, әдістері, формалары және құралдары оқытуға (дайындыққа) тиімді ықпалы күшті екенін көрсетеді.

Берілген тапсырма еңбекке баулу мен бейнелеу өнері бойынша және бейнелеу өнері мен ана тілі бойынша болды. Бірінші жағында объектін бейнелеу және оны оқушы тұлғасын оқу материалдары, іс -әрекеттері тұрғысынан талдау, екінші жағдайда бейнеленген еңбек объектілеріне сәйкес шығарма жазу жүзеге асырылды.



Оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың деңгейлерін мына кесте арқылы көрсетуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет