Кіріспе «Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру»



бет5/5
Дата15.09.2017
өлшемі2,31 Mb.
#33014
1   2   3   4   5
Бұрын табақта тартылатын тойбастар бүгінгі күні неше түрлі формада тігілген қобдишаларда, тіпті өзінің ауқаттылығын көрсеткісі келгендер оны үлкен сандыққа салып алып жатқандығына да куә болып жүрміз.

Қалыңдық көп ретте қазақша стильде тігілген көйлекпен ұзатылады, заманауи ұзату бүрмелі көйлектерді сіз ательеден тіктіртіп, не дүкеннен сатып ала аласыз, сұраныс барда, ұсыныс та жетерлік. Алайда, солардың ішінен жарасымды, қазақы, қыз баланың талғамына сай болатын көйлекті табу оңай емес. Бағасы да жоғары. Мысалы, қолдан жасалған әдемі сәукеле бағасы 30 000 - 100 000 теңгеге дейін де жетуі мүмкін.



Тойдың тағы бір нышанына орай арнайы «Жасау» сияқты дүкендер де ашылып, қыз жасауына қажетті жабдықтарды түр-түрімен сата беруде (әрине, бұл өте ыңғайлы). Базар-дүкендер болса, қызды шағарып саларда аяғының астына төсейтін ақ жол маталардың неше түрін жасап сатуда.

Шығынға батқан қыздың әке-шешесі несие алып жатқан жағдайлар жетерлік. Бір сөзбен айтқанда, «ырым» деген түсінікті халыққа біртіндеп бизнеске айналдырғандаймыз... Осыны біреулер түсінсе, біреулер: басқалардан қаламыз ба — деген оймен жаңа «дәстүрлерге» бас июде.


    1. Этнографтар не дейді?

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Қалшабаева Бибизия Кенжебекқызы:

«Қазақта баяғыдан бері келе жатқан «Қыз туғанда қырық жеті туылды» деп айтылатын мақал бар. Яғни ол қалың малдың көлемі болып есептелген. Әрине, қазір бізде ондай жоқ. Бүгін көбісі: «қыз ұзату тойы деген қазақта болмаған, кейін шығарып алынған дүние» деп жатады. Ол дұрыс емес. Қазақ ертеден қызын ұзатқанда той жасаған. Ұлдан кем көрмеген. Қызды жат жұрттық деп ертеден қадірлеген. Қыз ұзатыларға дейін бір-екі апта бұрын қыздың бүкіл туған-туыстары үйіне шақыратын болған. Жасауына дүние қосқан. Ал қыз болса, оларды аралап қоштасу жасайтын болған. Ұзатудың өзіне келетін болсақ, бұрында, мысалы, ұзату кезінде некені қыздың үйінен қиып жіберетін. Қазір бұл дәстүр Қытай, Түркия қазақтарында сақталады. Ал бізде болса, тек жігіттің үйіне барғанда неке қию дәстүрін өткізеді.

Бүгінгі ұзатуды шамасына қарай жасайды. Үй жағдайы болмаған жағдайда кафе, мейрамханаларды жалға алады. Ол заманға сай өзгеріс. Дәстүр дегеніміз өз заманына сай болып, ыңғайланып отырады. Тек оның негізін, берер тәрбиесін жоғалтып алмау керек. Мысалы, қазірде кей жерлерде қыз ұзатылып болғаннан кейін өз үйінде жүре береді екен. Тек жігіт тойы жақындаған кезде баратын көрінеді. Бұл мүлдем дұрыс емес. Ұзату тойы жасалған соң, қыз сол күні-ақ жігіт үйіне кетеді. Ұзатудың мәні де сонда».

Қорытынды

Түп-тамыры тереңге кетіп, нық бекігендіктен, «Қыз ұзату» бүгінгі күні өз жалғасын табуда. Алайда, ұмыт болып бара жатқан жөн-жоралғысын қайта жаңғыртып, Батыстан енген, орыстан көшірген салт-дәстүрлерді «Қыз ұзату» тойының сценариінен шығарып тастау бүгінгі ұрпақтың өз қолында.

«Қазіргі кезде қоғамда, әсіресе қыздардың арасында, «Ақылды қыз қашып кетеді, ақылсыз қыз шашып кетеді» деген пікір бар. Мен онымен келіспеймін. Ол негізі әркімнің отбасылық жағдайына байланысты деп ойлаймын. Қазақ «Қыз — қонақ» дейді ғой. Сондықтан өз үйінен жөнімен кеткенедігін дұрыс деп білемін. Өзім де болашақта жарымды қазақтың салт-дәстүрі, жөн-жоралғысы бойынша аламын деп ойлаймын».

«Салтымызға мен оң көзқарастамын. Әр қыз баласына ата-ананың ризалығын алып, басқа әулетке батамен босаға аттағанға не жетсін? Себебі, қазақтың батасы әр істің ақ бастамашысы ғой. Ер жігіт болашақ қайынатасының алдына барып, танысып, мән-жайдың қанығын айтып, келісімін алады. Кейін сырғасын салып, құда-құдағилар құйрық-бауыр жегізіп, кәде тарту сияқты ырымдары басталады. Алып қашып, батасыз қиылған некеден қыз ұзату әлдеқайда артық, әрине. Бүгінгі күні мұны дүркіретіп той қылып, думандатып жыр қылып жататындар аз емес. Мұндай көңілді ата-ана баласының өміріндегі үлкен қуанышына аясын ба. Осы тойдың астарында сыңсыған қыз бен қимастықпен жылаған әке-шешенің көз жасы ұмытылып қалып жатады көбінде... Алайда, ең бастысы, ұлы мен қызының бақыты ғой». Кезінде қыз ұзатылып бара жатқанда түрлі ырымдарын жасап, салт-дәстүрлерін сақтап, артынан нар-нар жүк артып, жеңгелері жасауын апарып беретін. Соның бүгінгі көрінісі, жұқанасы болса да, қалған қалдығы осы деп білемін».





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет