Кіріспе Микробиологияның даму тарихы



бет63/69
Дата18.12.2023
өлшемі206,68 Kb.
#197486
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   69
Байланысты:
микробиология лекция

Түйнеме
Түйнеме қоздырғышы Bacillus anthracis Bacillus тұқымына жатады. 1849 жылы Паллендер ашқан. Ауруды зерттеуде Р. Кох, Л. Пастер және Л. С. Ценковский көп үлес қосқан.
Морфология. Түйнеме қоздырғышы- ірі таяқшалар 6-8*1-1,5 мкм шеттері ойыс. Грам оң. Организмде жұптасып немесе қысқа тізбекше болып орналасады. Қоректік орталарда ұзын тізбектері кездеседі. Түйнеме бациллалары қозғалмайды, организмде капсула түзеді. Спора түзеді, сопақша формалы микроб клеткасының ортасында. Оттегі және 30-40 градус темпертура болғанда спора жақсы құралады. Температура 43 градустан жоғары, 15 градустан төмен болғанда спора құруы тоқталады.
Культивирлеу. Түйнеме қоздырғыштары факультативті анаэробтар. Талғампаз емес. 35-38 градус температурада рН 7,2 – 7,6 өседі. ЕПА – да шеттері тегіс емес, шашақты ірі колониялар түзеді (R- форма) колония шетінен жіпшелер кетеді. R- форма түйнеменің вирулентті штаммаларына тән. S- форма вирулентті емес.
Сорпада түйнеме бацилласы түбінде өседі, яғни пробирканың түбінде мақта тәрізді тұнба пайда болады, ал орта мөлдір болып қалады. Пенициллин қосқан ЕПА – да өсім шарларға бөлініп кетеді. Өсімнің орталардағы сипатының диагностикалық маңызы зор.
Ферментативті қасиеті – белсенді. Қантыдырату қасиеті: глюкозаны, лактозаны, мальтозаны, левулезаны қышқылға дейін ыдыратады.
Белок ыдырату қасиеті: сүтті пептондайды, желатинді ерітеді, сүтті ұйытады. Күкіртті сутек пен аммиак құрады, нитратты нитритке айналдырады.
Диастаза, пероксидаза, липаза ферменттерін құрады.
Токсин түзуі – токсині – ісік және қаза факторы бар протеинді комплекс.
Антигендік құрылымы. Түйнеме бацилласының 2 антигені бар:
1. соматикалық – микроб клеткасының қабыршағында орналасқан, температураға тұрақты. Бұл антиген культурада және өлік материалында ұзақ сақталады. Оның анықталуы Асколи преципитация реакциясына негізделген.
2. капсула антигені- фагоцитозға қарсы әсері бар. Сонымен қатар түйнеме бацилласының протективті антигені бар. Ол улы емес, бірақ иммундық қабілеті бар.
Қоршаған орта факторына төзімділігі. Вегетативті формасы тұрақты емес. 100 градус температурада бірден өледі, 55- 60 градус температурада 30-40 минуттан кейін өледі. Дезинфекциялаушы ерітінділер бірнеше минуттан кейін өлтіреді.
Түйнеме бацилласының капсуласы төзімді. Споралары да төзімді: қайнатқанда 15-20 минутқа дейін сақталады. Автоклавта 20 минуттан кейін өледі. Төмен температураға сезімтал емес. Құрғақ түрінде 30 жылға дейін, топырақта жылдар бойы сақталады. Дезинфекциялаушы ерітінділер 2-3 тәуліктен кейін өлтіреді.
Жануарлар қабылдаушылығы. Түйнеме бацилласына сиырлар, қойлар, жылқылар, шошқалар сезімтал. Олар бір-бірінен тамақ арқылы, спораларды жеммен жұтып, ауырады. Тәжірбиелік жануардан- ақ тышқандар, теңіз шошқалары сезімтал.
Инфекция көзі. Ауру малдар.
Таралу жолдары. Тұрмыстық – жанасу, ауа- шаңдары, тамақ арқылы.
Патогенез. Қоздырғыш тері және тыныс, асқорыту жолының кілегей қабаты арқылы енеді. Жайылған жеріне байланысты тері, өкпе, ішек түрлері болады.
Тері формасы- енген жеріне қызару, бөртпе болады.
Бөртпе қызыл- мыс түрде, ішінде серозды- геморрагиялық сұйықтығы бар везикулаға айналады, ол кепкесін қара қабыршаққа айналады.
Өкпе түрі- өкпенің ісінуі түрінде болатын арнайы қабынуы- қазамен аяқталады.
Ішек түрі – қабыну ішектің кілегей қабатында болады- қазамен аяқталады.
Иммунитет- тұрақты.
Алдын-алу шаралары. Жануарларда ауруды дер кезінде анықтау, оқшаулау, аймақты дезинфекциялау.
Арнайы алдын- алу шаралары. Ауылшаруашылық малдарымен жұмыс істейтін адамдарға вакцина жасау, жанасуда болған адамдарға түйнемеге қарсы иммуноглобулин, антибиотиктер егеді.
Емі. Түйнемеге қарсы иммуноглобулин, антибиотиктер: пенициллин, стрептомицин, тетрациклин.
Микробиологиялық зерттеу.
Зерттеу мақсаты. Түйнеме қоздырғышын анықтау, қоздырғышқа қарсы қарсытекті анықтау.
Зерттеу материалы. 1. Везикулдың, карбункулдың ішіндегісі
2. қақырық
3. нәжіс
4. қан
5. топырақ, малдың жүні
(Асколи реакциясын қою үшін)
Негізгі зерттеу әдісі. 1. Микроскопиялық
2. бактериологиялық
3. биологиялық
4. аллергиялық
5. Асколи преципитация реакциясы
Қоректік орталар. 1. ЕПА
2. ЕПС
3. желатин ортасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет