Кіріспе Микробиологияның даму тарихы



бет68/69
Дата18.12.2023
өлшемі206,68 Kb.
#197486
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
Байланысты:
микробиология лекция

Құтыру вирусы.

Құтыру вирусы Rhabdoviridae туыстығына жатады.


Бұл туыстыққа құтыру вирусы, везикулярлы стоматит және жануарлар мен жәндіктерде ауру қоздыратын басқа да вирустар жатады.
Бірінші рет құтыру вирусын зерттеген 1880 жылы Л. Пастер.
Морфология. Құтыру вирустары таяқша тәрізді бір ұшы жалпақ, екінші ұшы созылған, мөлшері 80- 180 нм. Вирион капсидпен қоршалған біржіпшелі РНК- ден тұрады. Капсид сыртынан қабықшамен қапталған, оған гликопротеид пен гликолипид кіреді. Қабықшасында тікенше тәрізді пепломерлер бар. Вируспен зақымданған клетка цитоплазмасында Бабеш пен Негри анықтаған бөлшектер бар, оларды Бабеш-Негри денелрі деп атайды. Бұл денелердің мөлшері 3-4 тен 20 мкм дейін, оның пішіндері әртүрлі: дөңгелек, сопақша, көпқырлы. Қышқыл бояулар оларды рубин – қызыл түске бояйды (жақұт). Бабеш-Негри денелері мидың, нерв клеткаларының цитоплазмасында орналасады. Бабеш- Негри денелерінің анықталуы диагностикалық маңызды.
Культивирлеу. Құтыру вирусы тышқандардың, кроликтердің ми тканьдерінде, тауық эмбрионында,қозы, бұзау эмбрионында культивирленеді.
Антигендік құрылымы. Құтыру вирусының 2 түрі бар: жабайы –зиянды жануарлар арасында, көше вирусы – адамдар арасында таралады. Л. Пастер лабораториялық жағдайда көше вирусын кроликтің миына енгізу арқылы бөтен вирус алды, оны бекітілген (virus fixe) деп атады. Одан құтыруға қарсы вакцина дайвндалады.
Жануарлар қабылдаушылығы. Құтырумен көптеген жануарлар, құстар ауырады. Көбінесе иттер, қасқырлар, түлкілер, жарғанаттар ауырады. Жарғанаттарда аурудың белгілері білінбейді, сондықтан олар табиғаттағы құтыру вирусының сақтаушылары болып саналады.
Инфекция көзі. Ауру жануарлар.
Таралу жолдары. Құтыру вирусы тікелей жанасу арқылы, яғни ауру жануар тістегенде, немесе ауру жануардың сілекейі зақымданған теріге, кілегей қабатқа түсуі арқылы таралады.
Патогенез. Тістегеннен кейін немесе сілекей түскеннен кейін ауруға дейін 15-45 күн, 3-6 ай өтеді. Инкубацияның ұзақтығы инфекцияның ену түріне байланысты. Өте қысқа инкубациялық кезең бетті және басты тістегенде болады. Вирус енген жерден нерв арқылы орталық нерв жүйесінің клеткілеріне түседі. Нерв клеткілерінде вирус көбейеді. Нерв жүйесінің зақымдануынан рефлекторлы қозу пайда болады: құрысу, әсіресе тыныс алу, жұтыну бұлшық еттері құрысады.
Ентігу; судан қорқу (гидрофобия) пайда болады. Су ішуді есіне алғанда ауруда қатты құрысу болады. 4-5 күннен кейін өледі. 100 % соңы қазалы.
Иттерде құтырудың клиникалық белгісі. Ит жабыраңқы болып, сілекейі ағады, жемейтін заттарды жей бастайды: тасты, ағашты, т.б.Содан кейін қозу кезеңі басталады: ит басын төмен түсіріп тіке жолмен жүгіреді. Жолында кездескен адамдарды, жануарларды үрмей, үнсіз тістейді. Қозу кезеңі параличке айналып, жануар өледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет