Кіріспе “Туады ерлер, ел үшін”



Дата31.12.2019
өлшемі243.36 Kb.
Кіріспе

Туады ерлер, ел үшін”

Өлмейді ісі мәңгілік,

Өшпейді абзал есімдер.

Ұрпаққа жетіп мәңгілік

Кетпейді естен асыл ер,-

деп ақ жалын ақын Жұбан Молдағалиев жырлағандай.

“Ерлік – елге мұра, ұрпаққа-үлгі” бабаларымыздың әрбір жүріп өткен жолы – біз үшін үлгі, шежіре, тағдыры-тарих деп есептеймін.

“Ел ерімен еңселі”, “Елім” деп еңіреп туған ерлердің есімі еш уақытта елеусіз қалмайтыны ақиқат, халық мұндай қаһарман ұлдарын жыр аңызға айналдырып, өшпес ерлігін ауыздарынан тастамай, жан жүрегінде сақтайды. Бүкіл бір елдің қасиетін өз бойына дарыта алған туған ұлтын шексіз сүйіп, терең қадір тұтқан халқымыздың қаһарман ұлы – Бауыржан Момышұлы.

Туған жерім Мыңбұлақ, арналы Ақсай,

Ішсем суы татиды шекер, балдай

Қызғалдақ, қалың егіс, көк жоңышқа

Сенен артық жер, шіркін, өтер қандай,

- деп өзі жырлағандай Бауыржан Момышұлы Жамбыл олблысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүиеге келген.

Кейін “Ұшқан ұя” атты кітабында баяндағандай, Бауыржан әкесі Момыш пен көкесі Момынқұлдың тәрбиесінен көп өнеге алған.

“Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің”,-деп дана халқымыз айтқандай, оның бойындағы адамгершілік –асыл қасиет, алдымен анасының ақ сүтімен дарыса, екіншіден, өскен ортасының тәрбиесінен дарыды деп ойлаймын.

Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24-желтоқсан күні Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында қарапайым, мал бағатын шаруа отбасында дүниеге келді. Балалық шағының он үш жылын өзінің кіндік қаны тамған ауылында өткізіп, одан кейін кеңестік дәуірдегі интернатта тәрбие алады. 1929 жылы ”Әулие Ата” тоғыз жылдық мектебін бітіреді. Мектепті тәмамдағаннан соң шалғай аудандардың біріндегі ауылға (Бетпақдала) мұғалім болып барады. Коллективтендіру кезеңінде кеңестік мекемелерде қызмет етеді. 1932 жылдың қаңтары мен қарашасы аралығында мансапты қызмет атқарады. Кейін әскерге шақырту алады.

Қаршадайынан-ақ жігерлігі, қайтпас қайсарлығы, бойында бір жұмбақ күштің жасырынып, жанартаудай өз кезегін күтіп жатқандығы аңғарылады.

Жеті жылдық білім алған Бауыржан алғаш еңбек жолын мұғалімдіктен бастайды, кейін қаржы саласында екі жылдай жұмыс істейді.

1932-1956 жылға дейін үзбей әскери қызметте болған Бауыржанның жолы-өзінше бір ерлік дастан. Ол Ұ.О.С. –ның жан беріп жан алысқан қиян-кескі майданында-ақ асқан ер жүректілігімен, әділетсіздікке қаны қас, қиындыққа қайыспас қайсарлығымен, соғыс тақтикасын жете меңгергенімен, дарынды қолбасшылығымен аңызға айналып, қаншама өнер туындыларының басты кейіпкеріне айналды.

Бауыржан туралы қаншама көркем шығармалар дүниеге келді. Олар: Александр Бектің “Арпалыс”, Әзілхан Нұршайықовтың “Ақиқат пен аңыз”, келіні Зейнеп Ахметованың “Шуақты күндер”, ұлы Бауыржан Момышұлының “Жанымның жарық жұлдызы” және тағы басқа шығармалар еді.

Осы шығармалардың қай-қайсысында болмасын Бауыржан бейнесі ер жүрек, биік адамгершілікті, парасатты ер тұлға ретінде танылды. Жоғарыда атап өткендей Бауыржанның бойында асыл қасиеттер жасынан-ақ қалыптасқан.

Сан қырлы өнерді бойына жинақтай алған Бауыржан соғыста шебер ұйымдастырушы, даңқты қолбасшы болса, әдебиеттер сыршыл суреткер. Соғыстан кейін Кеңес Армиясы Бас Штабының Әскери Академиясында соғыс өнерінен дәріс берген ұстаз.

Бір кездерде Бауыржаннан дәріс алған генерал –полковник, әскери ғылымның докторы И.М.Глушко: “Момышұлы дәрістерін біздер барлық уақытта қызыға, асыға күтетінбіз. Біздің академияда полковник Момышұлының тыңдаушылары мен оқытушыларына оның қарапайымдылығы мен ойын тіке, бүкпесіз ашық айтатындығы үшін, әділдігі мен ақ жарқын мінезі үшін жақсы көретін. Ол Панфилов дивизиясын жүргізген ауыр ұрыстар жөнінде, қарулас жолдастарының ерліктері туралы әңгімені ерекше қызықты етіп айта білетін”,-деп еске алады.

Міне қай өнерді қолға алмасын, оны сол сәтте-ақ жандандырып жіберу –Бауыржан Момышұлының басты қасиеттерінің бірі болатын.

Тумасынан асқан дарынды Баукең 1956 жылы ең алғаш қаруын қаламға айырбастап, бірыңғай жазушылықпен айналысады. Оның қарымды қаламынан туған “Ұшқан ұя”, “Артымызда Москва”, “Майдандағы кездесулер”, “Куба әскері”, “Жон арқа”, “Өмір өшкен жоқ” атты түрлі шығармалар әдебиетімізге қосылған ерлік рухқа толы, елеулі де мол мұра болды.


Ер елімен еңселі

Б.Момышұлының үлкен әдебиетке келуінен де оның отаншылдығын, өз қаруластарына деген сүйіспеншілігін көреміз.

“.....Менің көп достарым, майдандастарым опат болды. Егер солар белгісіз күйде қала берсе, онда оның өзі тірі қалғандардың арына, бәрінен бұрын өз басымның ар-намысына шек келтірген болар еді”,-дейтін Баукең.

Ол өз шығармаларында өзінің адамгершілігін, азаматтық тұлғасын бар мүмкіндігінше беруге ұмтылды. Момышұлы шығармаларында да сол Момышұлы күйінде көріне білді.

Менің ғылыми жұмысымның тақырыбы: “Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы Абай дәстүрі” деген тақырып болғандықтан, мен батыр атаның шығармаларындағы мәселелердің ұлы Абаймен үндестігіне тоқталамын.

Сондықтан Бауыржан атаның көтерген мәселелері ұлы Абаймен үндестігін табу үшін көп іздендім.

Сонда адамзаттың бойындағы биік адамгершілік, рухани тазалық, шындық пен ар-намыс, ел бірлігі, отаншылдық, достық, жолдастық, өнер-білім тақырыптарындағы үндестікке тоқталдым.

Ұлы Абай шығармаларында шындықты былай суреттейді:



Абай

Шындық- мансапқорлыққа, екі жүзді жәдігөйлікке, тоғышарлыққа қарсы әділеттің алмас қылышы.Бұл туралы ұлы Абай " Шыннан артық құдай жоқ" дей отырып, өзінің "Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат" деген өлеңінде ол тіршілікте көзі көрген, халық тәжірибесін танытқан шындықты айта отырып, жастарды шынайы адамгершілікке шақырады.



Бауыржан

Ал Бауыржан ата өзінің шығармаларын бастан аяқ тек тамаша бір қасиетке - "шындық" атты ұлы сөзге тіреді деп ойлаймын.

Біздің нақты болмысымыцз - шындық. Шындықты суреттеп жазу кемістік емес, керісінше, дұрыс түсіндіре алмаушылық кемістігі.

Шындық бас шабатын айбалта, бұл өтіріктің тамырын шабатын айбалта. Кім өтірік айтатын болса, оны мен емес тарих жазалайды.

Соғыс кітаптарда, өтірік әдетте шындықтың шапанын жамылып көрінеді.

Шындық туралы айтылған бұл ұлағатты сөздер өмірдің жарқын болашағы болып табылатын жастарды биік адамгершілікке, рухани биікке, адалдыққа тәрбиелейді деп түсінемін.

Қазақтың ең ірі, ең қасиетті сөзі – намыс. Батырдың " Байлық мұрат емес,жоқтық ұят емес, намысың үшін өлсең бопты" дейтіні де сондықтан деп ойлаймын.

Ол адамгершілік, имандылық, ар-ождан, ақынша іс істеу, адалдық, әділдік, бірлік, еңбек, өнер-ғылымды насихаттау мәселелеріне айрықша көңіл бөлген. Ол шыннан өзге құдай жоқ, анық құдай – шын құдайы деп ақиқатты шындыққа бірінші бас қояды. Ақиқатқа жетудің амалы оқу, үйрену дейді.

Шәкәрімнің " Жастарға" өлеңінің тақырыбы Абай көтерген адам болу, азамат болу идеясы.

Ұлы ойшыл, гуманист Абай білім туралы өз туындыларында былай суреттейді:



Абай

Абай " Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрселерімен оздым ғой дегеннің бәрі де ақымақтық" деген сөзі даналық ойды аңғартады.

Бауыржан Момышұлыц да өз шығармаларында Абай, Шәкәрім мәселелеріне тоқталған. Ол " Ұшқан ұя" кітабында " Намыс - азаматтың алтын түбі" деген.

Абайдың ұлы жолын жалғастырған шәкірті Шәкәрім Абайдың адам болу, азамат болу идеясы болса Бауыржан Момышұлы өз шығармаларын сол ұлы идеяға жалғастырған. Мысалы Абай :" Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ, онан басқа нәрселермен оздым ғой дегеннің бәрі де -ақымақтық".

Абай:" Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар содан сақтанбақ керек: әуелі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшіншісі – зұлымдық".

Абай : " Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәрте, болмаса жұмасында бір мәрте, ең болмаса айында өзіңнен- өзің есеп ал",- дейді.

Ал Бауыржан ата Абайдың бұл идеясын өзінің қанатты сөздерінде былай көрсетеді:

Бауыржан

Бауыржан Момышұлы бір сөзінде : " Біріншіден, бесік жырын айтпайтын келіндердің азайып бара жатқанынан қорқамын, екіншіден, немересіне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын, үшіншіден, дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр бола ма деп қорқамын, ал көрдің қолына балта берсең шаба салады, бақыр берсең ала салады, найза берсең сұға салады... Мен, табиғатынан, тағдырынан болған соқырлықтан жазылмасам - халық болудан қаламыз ба деп қорқамын", - деген екен.

Ал Бауыржан Момышұлы " Түсінудің өзі де - адамның үлкен еңбегі",- дейді.


Бауыржан Момышұлы ар туралы айтқаны:

1) " Ар өмірден қымбат, масқаралық пен абыройсыздық өлімнен жаман. Нағыз солдаттың ар- ұяты кез келген сыртқа мәжбүр етуден де қатал"

2) Тексізден тезек артық.

Арсыздан айуан артық.

3) Сен жаудан қашсаң,

Өмір сенен қашады.

4) Жауды өлтірсең өлімнен құтылдың,

Өлтірмесең өлімге тұтылдың.

5) Тізе бүгіп жүргенше, тіке жүріп өлген артық.

6) Белдескеннің белін сындыр,

Тірескеннің тізесін бүктір.
Бауыржан Момышұлы ақыл туралы:
1) Қайратыңа әдісіңді жолдас ет,

Әдісіңе ақылыңды жолдас ет.

2) Тәртіпке бас иген құл болмайды,

Тәртіпсіз ел – ел болмайды.

3) Айқаймен ала алмайсың,

Ақылмен, айламен алғын.



Бауыржан - ержүректіліктің, биік адамгершіліктің, парасаттылықтың өр тұлғасы
Данышпан Абай

Абайдың оқырмандарға ой тастап, тереңнен толғаған мәселелерінің бірі – адамның болуына үйренуі, естілікке ұмтылуы, кәсіпке мойынсынуы, дағдыны дамыту жөнінде ұлы ойшыл " Он тоғызыншы" қара сөзінде :

- " Адам ата- анадан. туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы,жаманды таниды-дағы,сондайдан білгені, көргені көп адам білімді болады. Естілерлің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды.Сол естілерден естіп білген жақсы нәрселерін ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, соны адам десе болады",- деген.

Абай: " Қарекет қылмақ, жүгірмек ақылмен ойлап сөйлемек",- десе, ал Бауыржан Момышұлы Абайдың ойын өзінің шығармаларында былай көрсетеді: " Еш нәрседен де қорықпаушылық жалпы табиғатта жоқ нәрсе. Еш нәрседен қорықпайтын адам жоқ. Қорқыныш сезімі барлық тіршілік иесіне тән нәрсе. Бірақ қорқынышты ақылмен жеңуге болады.

Егер қорқыныш болмаған болса, ерлік те болмаған болар еді",- деген.

Білім мен ізгілік туралы Абай: "Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез",- десе, ал Бауыржан Момышұлы:

Ақыл айтар мезгілде,

Мың жасаған шөлдей бол.

Мейірім түсер мезгілде,

Ағарып атқан таудай бол,- деген.
Өмір, тіршілік және уақыт туралы Абай:

Адамзат бүгін адам, ертең- топырақ,

Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ.

Ертең өзің қайдасың білемісің

Өлмек үшін туғансың, ойла шырақ,-десе, Бауыржан Момышұлы

“Өмір үшін өлгенше күрес” деген.

Абай “Өмірдің алды – ыстық, арты суық. Алды – ойын, арт жағы мұңға жуық” деген. Ал Бауыржан Момышұлы өмір былай деген: “Арпалысып жүрін алған абырой – өмірдің ең шырын рақаты”, “Бақаның бағынан, сұңқардың соры артық”, “Өмір сүргің келсе, сүріне істе”.

Ғұлама Абайдың білім және ізгілік туралы “Мал жұтады, өмір жұтамайды” деген бар. Жақсы болудың, жұрттан озудың жолын да Абай өнер-біліммен байланыстырады.

Абай шығармаларының көбісі ғылым, білімге арналған. Ұлы ойшыл ғұлама “Дүниенің кілті білімде” деді. Сөйтіп ғылымға берілудің, ғылым болу жолдарын былай көрсетеді:

Ғалым болмай немене,

Балалықты қисаңыз,

Болмасаң да ұқсап бақ

Бір ғалымды көрсеңіз.

Дүние де өзі, мал да өзі

Ғылымға көңіл бөлсеңіз,

Ал Бауыржан Момышұлы атамыз “Ұшқан ұя” атты кітабында өзінің білімге, ілімге деген құштарлығын былай суреттейді:

“Кейде менің өнеге алған, тәлім үйренген, дәріс алған ұстаздарымды еске түсіріп, ойға бататыным бар. Сондай шырын шақтарда ең алдымен ата-анамның бейнесі көз алдыма елестейді”.

Менің ұстаздарым әріптен бастап, буынға дейін, сонан соң ақ қағазға қалам мен өрнек жазуға дейін үйретті. “Жастығымда еңбек бер, қартайғанда дәулет бер” деген сөз бар, сондықтан жастықтағы көш-қайратымды ілім мен білімге жұмса. Ертең сол еңбегіңнің жемісін көресің. Еліміздің білімді ұрпақ еңсесін биіктетіп, мәртебесін көтереді”,-дейді даңқты батыр 135 бетте.

Бірлік. Ел бірлігі... Қазақ қазақ болғалы ауыздан түспей келеді. Бірлік тек әділет бар жерде ғана бар деп есептеймін.

Ал теңдік пен әділет шындықтың бетіне тура қарап, өмірде бар әр алуандықты мұқият елеп-ескеру арқылы ғана жүзеге асырады.

Шындықтың қасиеті жайында ата-бабадан қалған киелі сөз қисапсыз ойлар баршылық, соның бірі Төле би бабамыз “Жіп түйінсіз байланбайды, сөз шындықсыз байланбайды” деген. Шындықты айтсаң рас, маймылға да құлақ ас.

“Алысар болсаң шыныңды айт, қауышар болсаң, сырыңды айт”, деген екен Төле би бабамыз.

Олай болса өз ойымды Төле би бабамызды шындықты айтудан бастауымның себебі, әділетсіздікке қаны қас, ештеңеден қамықпаған, бүкіл ғылыми жұмысымның негізгі өзегі етіп, аты аңызға айналған батыр атаны асқаралы биік тұлғасы мен адамгершілік келбетін, құрыштай таза болмысын, бір беткей мінезін кісілік тұлғасын танытуға тырыстым.

Шындықты шырылдап айтқан ірі тұлға екеніне, қара қылды қақ жарған

әділдігіне тоқталдым. Ғылыми жұмысымда батыр атаның осындай сом тұлғасын ашатын өзім оқыған, тоқыған кітаптарға көбірек тоқталамын.

Бірде Бауыржан Момышұлыға “осы асау мінезіңізді бойыңыздан жойсаңызшы”,-дегенде, Бауыржан Момышұлы: “Бұл мінезім жойылғанда, Бауыржан да жойылады”,-деген екен деп, еске алады белгілі жазушы Ілияс Омаров.

Бауыржан атаның аманаты:


  1. өзінің шаңырағы, келіні Зейнеп Ахметоваға;

  2. Манапбек ағайға;

  3. Мекентас Мырзахметоваға тапсырылды.

  4. Дмитрий Снегинге ұсынылған аманат 3 тілде жазылған екен.

    1. қазақша;

    2. орысша;

    3. арабша.

Келіні Зейнеп Ахметова өзінің “Шуақты күндер” аталатын шығармасында: “Атамның әділет пен шындық жолындағы шайқасы әлі де жалғаса береді, ұрпақтан-ұрпаққа жете береді”. Мансапқорлық, екі жүзді жәдігөйлік, тоғышар көлгірліктерге қарсы ұстанар әділеттің алмас қылышы болып табыла береді. Атам бізден бөлініп кетерінде архивін өзіме аманат еткен болатын. Сонда былай деп еді:

- Балам қазақта “қара шаңырақ” деген өте ертеден келе жатқан қасиетті сөз бар. Оның негізі әкеден балаға, ұрпақтан ұрпаққа қалып отырған шаңырақтың талай түтіні шығы-шыға әбден ыстанын, көпті көрген деген ұғымнан шықса керек.

- Мен дүние жиған жоқпын, кедей де емеспін. Менің қазынам – тірнектеп жазған қағаздарым. Халықтың кәдесіне жарап, біреуге ой салып, біреуге өнеге болып жатса, одан басқа байлықтың керегі не?
Бауыржан шығамаларының Абай шығармаларымен үндестігі.
Бауыржан атамыз: “Шынымен де кінәлі болғанда ғана бар тәкаппарлығым ысырып тастап, бала екенін, баладан кешірім сұрауға арланбайтын ұлылығын кейін білдім. Сонысымен дараланып биіктеп түсетін. Шынайы биіктік алдында тәкаппар басын июді ешқандай төмен деп санамаймын”,-деген.

“Ұшқан ұя” кітабында былай делінген: “Ата мен берген газеттерді оқымай былай алып қойды, маған тіктене бір қарап қойды да:

- Бұрынғылардан қалған, қалыптасып жөн-жүйе арнасына түскен, өсиет боларлық істерді халық дәстүр деп атап кеткен-дегенде “Бұның рецензияға қанша қатысы бар, әңгімені әдейі баласынан басқа жаққа бұрды” деп ойладым.

Кемшіліксіз адам болмайды. Білмегендіктен, тәжірибесіздіктен, қателесулер болады.

Қателесу – кінәлі болу. Кінәсін мойындау әркімнің қолынан келе бермейді. Ал жөн сөзге түсіне жығылып, кінәсін мойындап, қатесін түзей білу ақылдықтын, қайраттылықтың белгісі. Сынды көтере білу азаматтықа жатады. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деген сөз бар,

Бұл да ата дәстүрі – деп атам үндемей қалды.»

«Ұшқан ұя» 21 бет.

Ұлы Абай өнердің қоғамдық күшін, адам өміріндегі қызметін өзінің бірсыпыра өлеңдерімен байланыстыра ашады. Ұлы Абай «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» деп, әннің әлеуметтік, тәрбиелік мәнін терең ашқан. Абай:

Құлақтан кіріп бойды алар,

Тәтті ән мен әсем күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй,-

деп ән құдіретінің адамзат өміріндегі алатын орнын жоғары бағалаған.

Ал Бауыржан атамыз қазақтың ұлттығының белгісіндей болып табылатын қасиетті музыкалық аспап домбыра туралы былай дейді:

-Домбыра деген қазақтың қасиетті дүниесі. Өздерің тарта алмасаңдар да қадірлей біліңдер. Баланың бойына халықтың рухани байлығын сіндіру осындайдан бастау алады. Домбыраның сырлы сырына ауызданбаған балғын бала, уызына жарымаған көтерем қозыдай болады.

«Домбыраны қастерлей білмеген қазақтың баласы туған халқының жанын білмейді, ал халықтың жанын түсінбеу деген тамыры шабылған ағашпен тең. Ондай ағаш жапырақ жайып сая да бола алмайды, жемісте бермейді»,-деп Бауыржан атамыз қазақтың ән өнерін, музыка өнерін адам өмірінен алатын орнын, нағыз Абайша суреттеп берген деп түсінемін.

Абай өз поэзиясында әдебиет сияқты өнердің қоғам, адам тіршілігінін рөлі жайлы эстетикалық көзқарас қалыптастырады.

Қазақ әнінің көркемдік қасиеті адам сезіміне әсер ететін ұлы күш деп есептеймін.

Ұлы Отан соғысының қаһарманы Бауыржан Момышұлының ұлы тұлғасы жылдар жылжып өткен сайын әр қырынан танылып, ақыл-ойының биіктігі мен тереңдігіне, кең ауқымдылығына көз жеткізіп келеміз.

Сіздерге мынаны айтқым келеді.

Мен осы ұзақ ғұмырымда одан асқан шын қазақтың ұлтын сүйген азаматты көргенім жоқ.. Мүмкін Бауыржандай қазақты көрмейтінде шығармын.

Ол – қазақ болды, бірақ ғаламдық ақыл-ой иесі еді. Ол біздердің алып күрделі, қарама-қайшылық толы әлемді құрай отырып, бүкіл азаматтың мәдениетіне үлес қосатынына түсіндіріп кетті.

Жастарымыз отаншыл болсын. Отаншылдық әр адамға керекті ұлы қасиет.

Ал отаншылдық өз үйіңнен басталады. Кімде-кім ата-анасын ардақтаса, туған бауырларымен тату болса, өзінің өскен ауыл, қаласын, ұлтын қадірлесе сол адам отаншыл болады.

Өз аулының тасын сыйламаған өзге ауылдың тауын қадірлемейді. Өз ұлтын жақсы көрмеген, өзге ұлтты ұнатпайды. Мұны ұлтшылдықпен шатастырмауымыз керек. Екеуі аспан мен жердей екенін жастар ажырата білуі керек деп ойлаймын.

Намыс – азаматтың алтын түбі. Әке - шешесін сыйлаған балада ғана намыс болады. Оларды ұялтпайтын, сүйегіне таңба түсірмейтін, өлсем өлейін, бірақ ата-анамды, ағайын-жұртымды жерге қаратпаймын дейді. Ер жігіттің елі – ата-анасы, Отаны – өз үйі деп Бауыржан атамыз айтқан.

Ұлы Абай қалың еліне, жұртына, халқына жан жүрегімен езіле қарап, оның болашағына үңіледі. Сол елін, жұртын жүдетіп отырған кереғар сол заманның кемшілік қайшылықтарын өткір және әділ сынайды. Оның әсіресе «Қалың елім қазағым, қайран жұртым» атты өлеңінде сол қалың қазағының халіне қиналған ақынның тұлғасын танимын.

Бас – басына би болған өңкей қиқым,

Мінекей бұзған жоқпа елдін сиқын?,-

деген өлең жолынан елін, қайран жұртын сүйген ақынның үлкен жүрегі жатқан жоқ па?

Ұлы ақын халқының болашағын ойлаған, оны беріле сүйген шынайы патриот деп есептеймін.

Ал Бауыржан Момышұлы атамыз Абайдың ойын өз шығармаларында былай көрсетеді: «Патриотизм – «Отаным мен сені сүйемін, сен үшін құрбан болуға әзірмін» деп құрғақ сөзді гүлпілдету емес»,- дейді.

Ол – формализм. Отанды сүйетініңді сөзбен емес, іспен дәлелде. Ата-анасын сыйлаған шәкірт сабағында жақсы оқиды, тәртібінде дұрыс ұстайды, шаруақор, адал, әділ болып өседі. Іс деген осы. Патриотизм осыдан басталады.

Ей, жүз жылдан кейінгі, мың жылдың ар жағындағы үрім бұтақ, жұрағат жас ұрпақ! Естисің бе менің үнімді, жетеме саған менің даусым, жетсе отанымның барлық болашақ ұрпақтарына айтар екі ауыз сөзім бар. Ол»Отанды сүйіңдер, оны қорғаңдар, оған қызмет етіңдер!» деген сөз.

Кімде-кім өз ұлтын құрметтеп. Оны мақтаныш етпесе. Ол барып тұрған азғын.

«Ақиқат пен аңыз» 348 бет.

Өмірден қайткенменде көп қарпып алу дегеніміз – тоғышарлық, ал қоғамға қайткенде көп беру – бұл күрескердің ісі – дейді Бауыржан Момышұлы.

«Ұшқан ұя» 265 бет.

Халқының келешегін ойлап егілмеген, сол үшін ұнамсыздықты аямай сынау арқылы түзетуді ойлаған Абайдың ұрпақтарға айтар ақылы да аз болған жоқ. Соның бірі достық мәселесі деп ойлаймын.

Абай өзінің лирикалық өлеңдерінде “Адам баласы бірін-бірі сүйе білсін, бірінен-бірі жаулық іздемей, достық іздесін” деген пікірді аңсайды. “Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат” деген өлеңінде:

Келеді күн, қызық дәурен, тату өткіз,

Жетпесе, біріңдікін-бірің жеткіз!

Күншілдіксіз тату бол, шын көңілмен

Қиянатшыл болмақты естен кеткіз,-

деп татулық, достық мәселесіне айрықша тоқталған, достықтың түбі татулық деп түйіндеген.

Ал қаһарман батыр Бауыржан Момышұлы атамыз:

“Достық дегеніміз – өзара ақталған сенімнің түтіні”.

(“Жаман дос басынды күн шалса, қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт шалса іздеп таба алмайсың)“, - деген.

“Ұшқан ұя” 320 бет.
“Ал ата-аналарымыз сондай салауат иесі боп өсіп келе жатқан ұл-қыздарына сүйсінсе дейміз.” Біздің ұрпақ азаматтың игілігі мен инабаттылығын, олардың әділдігін бағалай білетін байыпты адамзат болса дейміз. Сондықтан біз достық пен теңдік, туысқандықтың туын көтереміз.

“Біздің жауларымыз осындай адал қасиетімізді көре алмай, өсек өрбітіп, қиянат қылышын жалаңдасады”,-деген екен Бауыржан Момышұлы атамыз.

“Ұшқан ұя” 235 бет.
“Қазақтың қарапайым бір ұлымын, жанымды арым үшін құрбан еткенмін”, -деп Бауыржан атаның өзі айтқандай, ол 25 жыл өмірін әскер қатарында өткізді. 207 рет қанды шайқасқа кіріп, 5 рет өлім құрсауында қалды, 2 рет ауыр жараланды. 1956 жылы полковник атағынан отставкаға шыққан Бауыржан Момышұлы творчестволық жұмыспен араласты. Ол орыс-қазақ тілдерінде бірдей жазды.

Бауыржан Момышұлы алғашқы ькітаптары “Бір түннің тарихы” 1956жыл “Біздің семья”, “Артымызда Москва” 1958жыл.

Батыр ата қай шығармаларында болса да, әскери өмірбаяндық жайттарды арқау ете отырып, отаншылдыққа тәрбиелейді. Бауыржан бойындағы ақындық талантың ерте оянуына себепші болған және оны тани білген өзінің ұстазы, тәңір берген Отарбаев болған.

Ия, келешек ұрпақтың бақыты, бүгінгі егемендігі үшін кескілескен жаудың күлін көкке ұшырған бабаларымыздың ерлігі бізге үлгі өнеге. Бауыржан атадан қалған қанатты сөздер бізді елді, жерді, отанды сүюге тәрбиелейді деп ойлаймын.

Баукеңнің нақыл сөздерінен:

Ердің туы-намыс.

Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады.
Ердің Еділ тобығынан келмейдің.

Жаныңнан күдер үзе соғыспасаң, жауды күйрете алмайсың.


Ерлік-елдің қасиеті, жүректілік жігіттің қасиеті.
Жауды өлтірсең-өлімнен құтылдың, өлтірмесең-өлімге тұтылдың.
Қырағының өзі де, көзі де батыр.
Ерлік елеусіз қалмасын.
Именіп жүріп көрген игіліктен, қарсыласып жүріп көрген бейнет артық.
Ерді ел үшін, жігітті жұрт үшін мақта.
Ежелден ел тілегі – ер тілегі.
Адал ұл ер боп туса – ел тірегі.
Қой бастаған арыстан тобынан, арыстан бастаған қой тобы артық.
Командир – аға, солдат – іні.

Айқаймын ала алмайсың, ақылмен, айламен алғын.


Қара бет болып қашқанша,

Қайрат көрсетіп өлген артық.


Сабырлық алдында дұшпан сасады, сабырсыздан береке қашады.
Ер бақытты ел қасында, ел бақыты ерлер қасында.
Өз қадірін білмеген – ер қадірін білмейді.

Ер қадірін білмеген – ел қадірін білмейді.


Белдескеннің белін сындыр,

Тірескеннің тізесін бүктір.


Таяқтан тайсалмасаң,

Семсерден сескенбесең,

Жеңдім дей бер...
Қорытынды

Мәңгі өшпес тұлға”


Бауыржан атаның өмірі мен әдебиетке қосқан үлесін және қазақ поэзиясының асқаралы шыңы, ойшылы, данышпаны, Абаймен үндестігін өз қадір-қасиетін жеткенше аша отырып, мен де Бауыржан атадай төрт жүрек жарды шумақ өлеңімді батыр атаға арнағым келіп отыр:

Бауыржан бұл қыраны сайын даланың,

Бауыржан бұл зор мақсаты әр баланың.

Бауыржанның өр тұлғасын меже етіп,

Сонау алыс болашаққа барамын.
Ерлігі оның ұлан байтақ даладай,

Ақын сөзі есімде қалды, санадай.

“Отан үшін отқа түс-күймейсің”,-деп,

Ұлы сөзі көкірегімде жанады-ай!

Бауыржан Момышұлы оннан астам кітаптың, 40-тан астам аударманың авторы. Осындай мәңгі өлмеса дүниесі,артында ұлғатты ұлы ізі қалған Бауыржан Момышұлы мәңгілік ұрпақ жүрегінде.

Бауыржан Момышұлының шендері мен марапаттары.
1942 жылдың қазанында Бауыржан подполковник шенін алады. Ал сегіз айдан соң полковник шеніне көтеріледі. 1945 жылдың 21-қаңтарында Бауыржан Момышұлы Бірінші Балтық жағалауы фронтының 6-шы гвардиялық әскерінің 9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып тағайындалады. 1946 жылы К.Е.Ворошилов атындағы әскери академиясының бірінші дәрежелі Суворов Жоғарғы Орденімен марапатталды. Бірінші дәрежелі «Қызыл Ту Ордені (2 рет)», «Ленин Ордені» мен «Отан Соғысының Ордені», «Әскери шайқастағы еңбегі үшін», «Мәскеуді қорғағаны үшін», «Қызыл жұлдыз», «Еңбек Қызыл Туы», «Халықтар достығы» және «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. 1990 жылы 11-желтоқсанда Кеңес Одағы құламай тұрып ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұсынысымен ”Бауыржан Момышұлына Ұлы Отан Соғысында атқарған орасан зор еңбегі үшін «Кеңес Одағының Батыры» атағын тағайындау туралы” жарлық шықты. Негізінде, Бауыржан Момышұлына бұл атақты беру жайлы 1942 жылы Мәскеу түбіндегі ұрыстардан кейін ұсыныс жасалынған болатын. Алайда, ол ұсыныс ол кезде көздеген мақсатына жете алмады. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді.

Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады.

Бауыржан Момышұлы әдебиетке ерекшелікпен келген екен. Оқырман қауым батырды алдымен шығармалардың автор ретінде емес, шығармадағы ержүрек кейіпкер ретінде таныды. Дәлірек айтар болсақ, Александр Бектың «Волоколамск тас жолы» («Волоколамское шоссе») повесті арқылы танылған болатын. Повестің басты кейіпкері панфиловшы офицер, Мәскеуді қорғауға қатысқан батыр – Бауыржан Момышұлы – болатын. А.Бек бұл еңбегін батырдың әңгімелері мен еске түсірулерінің желісімен жазған болатын.

Бауыржан Момышұлы — «Офицердің күнделігі», «Бір түннің тарихы», «Артымызда Мәскеу» әңгімелерінің, генерал И.В.Панфилов туралы «Біздің генерал» өмірбаяндық повестінің, «Біздің отбасы» атты повестер мен әңгімелер жинағы кітабының авторы. «Біздің отбасы» туындысы үшін 1976 жылы Қазақ КСР-нің Мемлекеттік Сыйақысына ие болады. 1965 жылы «Кубалық кездесулер» атты очерктік шығармасын жазды. «Артымызда Мәскеу» шығармасы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» шығармасының жалғасы болып табылады.

Қазақ халқының біртуар батыр ұлы Бауыржанның Кеңес үкіметі мен қазақ халқы үшін жасаған ерліктері мен еңбектері өте зор болды. Ол тек қана әскери адам ретінде ғана емес, сонымен бірге жазушы ретінде де танылды. Оның еңбектерін оқыған жас буын өкілдері Отанға деген сүйіспеншілікті бойларына сіңіріп өсті. Өскелең ұрпақ алдында өзінің ерлігі мен тікмінез қайсарлығын көрсете білді. Тіпті, оның тегінің өзі Момышев емес МОМЫШҰЛЫ болатын.
Қазірге кезде батыр ұлының құрметіне еліміздің үлкенді-кішілі әскери және құқық қорғау органдарының оқу орындары, ауылдары мен көшелері батырдың атымен аталады. Тек Қазақстанда ғана емес Ресейде де батырдың есімімен аталатын мектеп пен көше бар. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді.

2010 жылдың ақпан айында Мәскеу қаласында Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналған «Аңызға айналған батыр» кітабының тұсаукесері өткізілді. Кітапта Бауыржан батырдың Мәскеу мұрағаттарында сақталған, бұрындары жарияланбаған жазбалары және жауынгер әріптестері Мәлік Ғабдуллиннің, Дмитрий Снегиннің естеліктері жарияланған.


Б. Момышұлының, өміріне арналған Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» (1976) роман-дилогиясы жарық көрді, «Қазақфильм» киностудиясы,«Ел басына күн туса» (1967) көркемфильмін түсірді. Москва акад.драма театры Момышұлы туралы «Волоколамск тас жолы» спектаклін қойды.

Халқымыздың ақыны Мұхтар Шаханов батыр атаның рухына арнап, мынадай өлең жолдарын жазған:

Көз жұмғанша ел мүддесін ту ғып қасарған,

Ар мен намыс сөз болғанда өзіңнен кім аса алған.

Бір ғажабы қант майданда көзсіз батыр атанып,

Куәлігін жарты жыл кеш алған, -

Сендей қайсар перзетті туу,

Әр әйелге бар арман.

Баукеннің жұлдыз алған күн-халықтың жұлдызы жанған күн. “Ар қадірін ер білер” деген емес пе?

Бауыржан атаның ерлігін отанға, еліне деген сүйіспеншілікті жалғастыру біздің парызымыз деп ойлаймын.

Кей адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге бола ма ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артында сөз қалдырған,-

деп ұлы ойшыл Абай жырлағандай, Бауыржан атамыздың өр тұлғасы уақыт көші ілгері жылжыған сайын, асқақтай, биіктей түсетіні сөзсіз.

Бауыржан атаның артында қалдырған асыл сөздерінен ғибрат ала отырып, тәуелсіз Қазақстанымыздың Бауыржаншыл ұрпағы болып өсеміз деп ойлаймын.



Бауыржан ата мәңгі өлмес тұлға!

Пайдаланылған әдебиеттер
. 10 сынып оқулығы. Алматы. 1997ж. «Рауан» Қ.Мырзағалиев, С.Қирабаев 272 бет.

. «Ұшқан ұя». Б.Момышұлы

. «Қазақ әдебиеті тарихының өзекті мәселелері». Алматы. «Қазақ университеті». 1993ж. 142 бет. Т.Қожакеев

. «Қанмен жазылған кітап». Б.Момышұлы

. «Мектепте қазақ әдебиетін оқыту». Алматы. 1968ж. «Мектеп». 198 бет. С.Тойшыбаева, Е.Дайрабаев, Т.Қожакеев

. «Болашақ» газеті. №10. 7 мамыр

. «Қалың елім қазағым» А.Құанабаев. Алматы. «Жалын» 1995ж. 384 бет

. «Шуақты күндер». З.Ахметова

. «Жанымның жарық жұлдызы». Б.Момышұлы

. «Ақиқат пен аңыз». Ә.Нұршайықов



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет