Ілгері даму принципі тапсырманы күрделендіруді, әдіс пен тәсіл негіздерін мұқият үйрену барысында жүктеменің қарқыны мен көлемін арттыруды қарастырады. Бейнелей айтқанда, оқу-жаттығу қозғалысы спираль тәрізді, яғни биігінде әрбір жаңа тақырып болады, мысалы, жылдық айналым өте биік бастапқы деңгейден басталуы керек. Сабақ барысында дене, әдістік, тәсілдік дайындық бойынша тапсырмалар күрделеніп, жаттығуларды орындау шарттары өзгереді, арнайы жабдықтармен орындайтын жаттығулар ендіріледі және т.б. Жаттықтыру барысын жоғары нәтижеге қол жеткізуге бағыттау спорттық жаттықтырудың арнайы заңдылықтарын талап етеді. Осы көзқарас тұрғысынан оларды іске асырудың әдістемелік принциптерін қарастыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |