Кіріспе волейболшылардың секіруінің дамуына дене дайындығының тиімділігі Волейбол ойындарындағы қимыл-қозғалыстардың спортшы денсаулығына әсері 2 Волейбол ойынының әдіс-тәсілдерін үйренуде және дамытудағы дене дайындығының әсері


Саналылық пен белсенділік принципі



бет6/18
Дата07.02.2022
өлшемі214 Kb.
#87379
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
1 Қуанышов Нурсултан Қуанышович ВОЛЕЙБОЛ Диплом 2012
91691978, Диплом Арт-терапия, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, рухани жаңғыру фото, БАҒДАРЛАМА 3 курс - копия (1), ИНСТРУКЦИЯ ПО ЗАЩИТЕ ДП В РЕЖИМЕ ДОТ 23.04.202г ЮКГУ, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ, ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХ, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, План граф и дневник каз, 2 диплом АНАПИЯ, АНАПИЯ саптық дайындық
Саналылық пен белсенділік принципі, маңызды принцип ретінде сабақтарға саналы және белсенді көзқарас қалыптастыруды, жаттықтырудың мақсаты мен міндетін, өткен материалдың мәнін, әдістері мен құралдарын терең түсінуді қарастырады. Волейболмен шұғылдануға тұрақты қызығушылық таныту өте маңызды. Оқушының ақиқат қызығушылығына сүйенген жаттықтырушы көптеген оқу-жаттығу және тәрбиелік міндеттерді шешуі мүмкін. Бұл әсіресе жас волейболшылармен жұмыс барысында өте маңызды. Волейболшылар алдына жуық араға мақсат қойғанда оны бірнеше жылдан кейін жоғары спорттық нәтижеге жету тәрізді жекелеген мақсаттармен үйлестіруі қажет. Волейболшы әрбір жақын тұрған мақсатын жүзеге асыра отырып, жекелеген мақсаттарына қол жеткізеді. Дене дайындығы деңгейін көтеру, ілімдік білімді игеру, әдістер мен тәсілдерді меңгеруде сананың орны ерекше. Әдістік амалды немесе тәсілдік іс-қимылды тиянақты түсіндіріп, жеткілікті көрсетіп беруге болады, бірақ оның мәнән түсінбейінше волейболшы оларды меңгеруде жоғары нәтижеге қол жеткізбейді. Бұл әсіресе, ойын тәсіліне қатысты айтылады. Волейболшы өз іс-әрекетінің нәтижесін, қандай міндетті атқарғанына қандай баға алғанын, қайсы міндетті жақсы атқаратынын, қай жерде қате жібергенін, оның себептерін білуі тиіс. Осының барлығы спортшының өз іс-қимылдарын талдап, соған сәйкес тұжырым жасап, келесі тапсырманы одан да табыстырақ орындауына көмектеседі. Спортшы өз ағзасында болып жатқан физиологиялық және психикалық процестерді түсініп, өз жұмысқабілеті мен сезім-түйсігін жан-жақты және тиянақты бақылап, бағалай білуі тиіс. Нәтижесінде волейболшылар көптеген білім мен тәжірибе жинақтайды, ол спортшыларға жақсы жаттығып, жарыстарда табысқа жетуге көмектеседі. Жаттықтыру сабақтарының жоғары сапасы мен жоғары спорттық жетістіктері спортшылардың өзінің ойлы іскерлігі мен шығармашылық күш жұмсауынсыз мағынасын жоғалтады. Волейболмен шұғылдануға деген саналы көзқарас пен қатты қызығушылық белсенділік пен спорт шеберлігі деңгейін арттыруға өзіндік ұмтылысын туындатады. Бұл белсенділікті жаттықтырушы ақылмен бақылап, бағыт беріп отыруы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет