Кіріспе XV-XVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы



бет9/14
Дата08.02.2022
өлшемі182 Kb.
#130874
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
XV-XVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы

Мен бір шапқан жүйрік ат,
Бір желіксем басылман.
(Шал ақын)
Сыртым – құрым, жүзім – болат,
Тасқа салсаң майрылман!
(Ақтамберді)
Ақын, жыраулар мұрасындағы метафоралардың көбі дәл осы мысалдардағыдай бір нәрсені екінші нәрсеге ғана балау арқылы жасала бермейді, көбінесе бір нәрсені бірнеше нәрсеге құбылта, ауыстыра дамытып, үдете балау арқылы жасалады.
Алп,алп басқан, алп басқан,
Арабы торым, өзіңсің.
Жазулы алтын, қол кескен,
Адаспаным өзіңсің.
Бәлер де білмес не демес,
Сұлтан ием, сен менің
Бармай тапқан қағбамсың.

Көбең семіз торыңмын,


Көп құлыңның бірімін.
(Шәлгез)
Тоқсан бес деген тор екен,
Дүйім жанның қоры екен.
Қарғиын десең екі жағың ор екен.
Найза бойлы жар екен,
Түсіп кетсең түбіне,
Түбі жоқ терең көл екен
Ел қонбайтын шөл екен,
Келмейтұғын неме екен.
(Бұқар)
Бұл үзінділерден Шәлгез, Бұқар шығармаларындағы ұлғайған метафора түрлерін кездестіреміз. Шәлгез Би Темір алдында өз көңіл күйін білдіріп, ақиқат сырын ашына ақтарған сәтте Темірді “алтын ай жорытса азбайтын” “арабы торыға” ғана балап қоймай, оны әсірелей, әрлендіре суреттеп сілтегенін сілейтіп салар алдаспанға да, барша мұсылман, бар тіршіліктің байыз табар жері-мыс деп есептеген Қағбаға да барабара етіп, өзін “бетегеден биік, жусаннан аласа” жандай кішірейтіп, Темірдің көбең торысы, көп құлынның бірі есебінде ғана бейнелейді. Темірді де, өзін де айқын, анық таныту үшін мазмұны мағыналы, ойға қонымды әлденеше нәгсеге балайды. Бұлар – ұлғайған метафоралардың ақын, жыраулар мұрасында кездесетін озық үлгілері. Мұндай пікірді Бұқар жыраудың өмір кезеңдері туралы өлеңіндегі ұлғайған метафоралар хақында да айтуға болады. Қ.Жұмалиев сөзімен айтсақ: мұнда “тоқсан бесті” “торға”, “қорлыққа”, “орға”, “жарға”, “көлге”, “шөлге” – қысқасы бірнеше нәрсеге балап отыр. Өлең сөйлеміндегі “тоқсан бес” барлық сөздің қазығы (Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі, 218- бет).
Жыраулар мұрасындағы ұлғайған күрделі метафоралар бір нәсені бірнеше нәрсеге тікелей балау арқылы ғана емес, әуелі сол баламақ, суреттемек нәрсенің ерекше қасиеттерін көркемдік тәсілдердің біреуінің не бірнешеуінің көмегімен өрнектеп алып барып балау арқылы жасалатындығын аңғарамыз.
Боз үстінде от жаққан,
Бұзмай бұлан пісірген,
Мен иемнің бөрлі ала тасы едім.
Иә, ием, сенің сырың мен білмем.
Менің ием би Темірдің әрі өзім,
Жау көрген күн жүрегінің басы едім,
Көз үстінде қасы едім.
(Шәлгез)
Бұл мысалда батыр жырау Шәлгез әрі сұсты, әрі мұңды жырлағандай. Сұстылығы сол – Би Теиір дәуірі өтіп, күні өзгеге қараса да мәрт жырау кішірейгісі келмей бұрынғы мықтылығын айтады. Мұңдылығы сол – “мен иемнің бөрлі ала тасы едім”, “Би Темірдің әрі өзім”, “Жау көрген күн жүрегінің басы едім”, “көзі үстінде қасы едім”, сол дәурен өтті дегендей. Мұны жыраудың “едім” деген бір ғана сөзі аңғартып тұр. Осынау ойды, мұнша мағынаны тыңдаушы танымына жеткізіп луан метафораларға жыраудың “мен” деген сөзі қазық болып, сол “меннің” ерекше қасиетін Шәлгез: “Боз үстінде от жаққан, бұзмай бұлан пісірген” деп эпитет арқылы суреттейді. Демек, әуелі “менді” ерекше әсерлер алып, сол “меннің” өзі кім еді? – Соны айқын тануға айрықша мән береді.
Сауырдан су төгілмес боз жорға едім,
Тарлан тартса танбайтын жорғасынан.
(Шал ақын)
Ал, бұл мысалда метафораның жай түрін ( “боз жорға едім”) “сауырдан су төгілмес”, “тарлан тартса танбайтын жорғасынан” деген эпитеттер айқындай түседі. Демек, жай және ұлғайған метафораны эпитет көмегімен айқындап ажарлап суреттеген мұндай метафоралық эпитеттер ақын, жыраулар мұрасында аз емес.
Әдетте метафора мен эпитет ғана ,емес, бір толғауда, яки толғаудың жеке шумақтарында көркемдік тәсілдердің метафора, айқындау, теңеу, синекдоха, т.б. түрлері қат-қабат, бірге келе береді. Неғұрлым құбылту, ажарлаулар әрлі келсе, көркемдік тәсілдердің алуан түрлері араласа келсе, шығарма мазмұнын мәнді, анағұрлым айқын, көркемдігі құнарлана түседі. Әрине, бұдан көркемдік құралдарды орынды-орынсыз бытыстыру, абайсыз үйіп-төгу деген ұғым тумаса керек. Әр кезде айтар ойды, мәнді, мазмұнды әрлендіре, ажарлай таныта түсер орынды қолданылған көркемдік көріктеулер ғана жарасымды. Демек, XV-XVІІІ ғасырдағы ақын, жыраулар поэзиясында да өмір құбылысын суреттеуде метафоралық айқындаулардың көркемдік құнары мен танымдық қуатының мол екендігін аңғарамыз.
Алмастырулар

Ақын, жырауларда құбылтудың ауыстырудан (метафорадан) өзге кездесетін түрлерінің бірі – алмастыру (метонимия):


Жаманға беліңді шешіп иланба,
Илантып тұрып өлтірер.
(Шәлгез)
Кәрі құс не балады уа дариға,
Қолынан асырайтын жасы кетсе?!
(Шал ақын)
Тұлпарға топтан озған жету қайда,
Бәйгеге қосқанменен байтал сүйреп.
(Шал ақын)
Кейінгі қалған көпекке,
Қалай да белін шешті екен?
(Доспамбет)
Күдеріден бау тағып,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет