Дәрістің мазмұны Мектепке дейінгілердің денелік дамуы
Мектепке дейінгілердің ойын әрекеті.
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгілердің даму еренкшеліктері жөнінде түсінік беру. 1. Мектепке дейінгілердің денелік дамуы. Мектепке дейінгі жас кезінде балалардың денесі мен ақыл-ой өрісі төменгі жастарға қарағанда біршама өсіп қалады. Бала күн сайын емес, сағат сайын өседі дегендей жылына 8-10см өседі. Ал салмағы 2,2-2,5 кг артып отырады. Осы жаста барлық сүйектің әрбіреуі пішіні жағынан, өлшеміжағынан ішкі құрылымы жағынан өзгеріп отырады.Бұл кезеңде баланың дене тұлғасы жақсы іріленгенімен аяғы мен қолының ұзындығы жаңа-жаңа сүйектене бастайды. Осы уақытта баланың жүрек, тынысалу, қанайналым жүйелері жақсы қызмет атқарады.Ағзаның қоршаған ортамен әсерлесуінде маңызды рольді орталық жүйке жүйесі қызмет атқарады. Жүйке жүйесінің әртүрлі бөлімдері интенсивті түрде дамып, баланың психикалық әрекеттері мен мінез-құлқынан көріне бастайды. 3 жаста бала үлкен дағдарысты баснан өткереді. Ол жанұяның центрі, тірегі өзі емес екендегін түсінеді.Осы уақытқа дейін ал өзін солай сезініп келіп,енді онсыз ата-анасыныңөмір сүре алатынын сезіп қыңырлығын,қырсықтығын,агрессиясын көрсете бастайды.Осы уақытта ол қарым-қатынастың бір амалы ретінде сөзді,сөйлеуді ширеді.Ол өзінің өткергендерін айтып беріп,әсерлерімен бөлісе алады;ол адамдарды аттарымен атап,көзіне қарап,олармен адекватты,лояльдықатынас орнатуды үйренеді;ол қөңіл бөлген адамға алғысын айтып,жеткізе алады.Осы шақта балада бірнеше қиыншылықтарпайда болады.солардың бірі,інісі ж/е қарындасы пайда болып,балада жалғыз еместік сезім пайда болады.
Бұл жас кезең интенсивті сенсорлы даму кезеңі болып табылады.Заттарды қабылдаудың ждәне олармен әрекет етудің нәтежиесінде бала оның түсін, пішінін, көлемін, салмағын, температурасын бағалауды үйренеді. Шамамен 4-5 жаста бала заттардың түстері мен пішінін айырып, эталон түрлерін салыстыра алатын халге жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |